Туберкулез менингит аурулары т?рбие са?аты 1 сынып


Менингит – ми мен жұлын қабықшасының қабынуы / Фото mbk.media сайтынан алынды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2013 жылы 117 адам ауырып, 18 адам (15,3%) көз жұмған. 2014 жылы ауырған 119 адамның 15-і (15,9%) өмірден өткен.

Ал 2015 жылы осы инфекцияны 424 адам жұқтырып, 21 адам (4,5%) қайтыс болған. 2016 жылы 120 адам ауырып, 120 адам (5,8%) 7-і өмірден өткен. 2017 жылы ауырған 162 адамның 11-і (6,7%) қайтыс болған.


Жылда сонша адам осы аурудан көз жұматын болса.

Неге биыл ғана шулап жатырмыз?

2018 жылы 19 мамырға дейін екі ересек адам мен бір кішкентай бала қайтыс болған.

21 мамырда Алматыда тағы бір адам ауруханаға таңертең түсіп, кешкісін көз жұмады.

28 мамыр күні Талдықорған өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасында үш жасар сәбидің өлімі тіркелді.

28 мамырда Алматы облысы Қарасай ауданында 22 жасар азамат осы ауру шеңгелінен құтыла алмады. Ол Алтын орда базарында жұмыс істеген.

1 маусымда Алматыда 5 жасар бала кешкі сағат 19 шамасында ауруханаға түсіп, екінші маусымда түнгі екіде қайтыс болған.

Сол күні таңертең Алматы облысында 19 жасар қыз таңертеңгі 7:25 ауруханаға түсіп, екі сағаттан кейін дәрігерлер оның ана дүниеге аттанғанын тіркеді. Ол бес жасар баламен таныс болған.

Үшінші маусымда Алматының 27 жасар тұрғыны осы дерттен кетеді. Ол екінші маусымда дәрігерге көрінгенімен, ауруханаға жатпай өз бетінше емделмек болған.

Төртінші маусым күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының 27 жасар тұрғыны аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде бақилық болды.

Жалпы жыл басынан бері Республика бойынша менингококк инфекциясының 60 жағдайы тіркелген. Оның 21-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында. 13-і адам өлімімен аяқталған: Алматы қаласында – 6, Алматы облысында – 4, Оңтүстік Қазақстан облысында – 2 және Қызылорда облысында – 1.

Қытай мен Ресей немесе бизнес.

Аяқ астынан шу шығарған кесел жайлы деректерден көпшілік астар іздей бастады. Әлеуметтік желідегі біреулері індетті әдейі таратты деп Ресей мен Қытайдан көрсе, екіншілері халықтың назарын басқа жаққа бұруды көздеген биліктің саяси технологиясы деп болжады.

Тіпті, вирус тарату арқылы бизнес жасауды көздеген астыртын топ бар деушілер де шықты. Олар дақпырт тарату, құрбандық жасау арқылы жан санына 22-25 мың теңгеден ақша өндіріп, адам өмірін табыс көзіне айналдырғысы келеді деп болжайды.

Атырауда ауырған адам жоқ, өсек көп

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде жыл басынан бері бір де бір менингит ауруы тіркелмеген. Дегенмен, халық үрейлі. Оған себеп, соңғы күндері әлеуметтік желілерде менингит дертінің таралуы жайлы түрлі дақпырт желдей есті. Адам шошытарлық ақпараттан жұрттың мазасы кетті, дегбірі қашты.

– Желіде осы дерттен Атырауда 2015 жылы 27 қаңтарда қайтыс болған жігіт туралы жуырда болған деп ақпарат тарады. Олай жасау кімге керек болғанын білмейміз. Бүгінде құзырлы органдар кім және не үшін таратқанын тексеріп жатыр, – дейді Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Менингококк инфекциясы – бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілекейлі қабығының қабынуынан) бастап менингит (ми қабығының қабынуына), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін – жіті инфекциялық ауру.

Балалар жиі ауырады

Менингококк инфекциясы жылдың кезеңділігіне байланысты сипатталады – қыста және ерте көктемде өршиді.

Инфекция – ауа-тамшы арқылы, яғни жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде жұғады. Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб дені сау адамның организміне науқас немесе тасымалдаушы адаммен ұзақ және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының сілекейлі қабығы арқылы енеді. Жұқтырудан аурудың басталуына дейінгі инкубациялық кезең бір күннен он күнге дейін.

Иммундық жүйесінің қалыптаспауына байланысты бес жасқа дейінгі балалар онымен жиі ауырады.


Менингит кенеттен басталады. Күтпеген жерден оны жұқтырған адамның басы қатты ауырады, құсады. 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, дене қызуы 39-40°С жетеді, қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік байқалады, арқа және аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді.

Аурудың тұмау, баспа, тонзиллит сияқты зиянсыз ауруларға ұқсап, жеңіл өтуі мүмкін екенін ескеру қажет және сондықтан өте қауіпті. Қатты тоңу, сырқаттану, қажу белгілері болады. Ағзаның қорғаныш күшінің әлсіреп, менингококк бас миының қабығына енеді және қабынуды тудырады.

"Соңғы төрт күнде вирус жұқтырғандар тіркелген жоқ"

– Менингококк инфекциясын жұқтырудың қаупі артта қалды және сейіліп келеді, – деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы Жандарбек Бекшин жетінші маусымда орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиингте.

Айтуынша, үдемелі кезеңнен өттік және бүгінгі таңда Алматыда соңғы төрт күнде вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмегені қуантады.

– Менингитке шалдыққан 14 адам жазылып шықты, бұл дерттің таралуының сейіліп келе жатқандығын көрсетеді, – деді Бекшин. – Алматыда өз еркімен 360 адам екпе салдырды. Сонымен қатар, әр өңір бойынша call-орталықтары жұмыс жасап жатыр.

Сақтансаң сақтайды.

  • Аса қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу;
  • Суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек.
  • Қолды жуып жүру. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін;
  • Өз жай-күйіңізді бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар;
  • Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек.

Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақтылы қаралған дұрыс. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық аурулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады.

Комаровский сабырға шақырды

Украиналық педиатр Евгений Комаровский Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, қазақстандықтарға менингит жайлы түсінікті тілде түсіндіріп берді.

– Соңғы бес күнде 300-ге жуық хат келді, менингит туралы, көбі Қазақстаннан. Алматы мен Астанадан қоңырау шалып жатқандар болды. Адамға менингококк жұққанда 100 пайыз сеніммен ештеңе де болмайтынын айта аламын.

Адамның көпшілігі менингокок таяқшаларының тасымалдаушысы болып, жылдап жүре береді. Ол адамның жұтқыншағында болады.

Ең жаманы – дерт жабысса, баланың сол сәттен бастап бір тәулікке жетпей өліп кетуі мүмкін. Дер кезінде ауруханаға жеткізілсе де, ең заманауи ауруханада емделсе де, өлім қаупі 10 пайыздан төмен болмайды.

Яғни ауру жұқтырғандардың 10 пайызы қайткен күнде де өлім құшады, көп жағдайда менингит асқынып, менингококк сепсисіне ұласады да, көрсеткіш тіпті 20 пайызға өседі, – деді дәрігер.

"Вакцинамен мәселені шеше алмайды"

Айтуынша, менингококк инфекциясынан екпе алу – мәселенің шешімі емес. Бұл – уақытша шара. Өз балаңызды А және С менингококтан сақтасаңыз да, В тобындағы менингококтан сақтау мүмкін емес.

Елдің бірде-бір тұрғыны менингококтың барлық түріне қарсы қолданылатын екпені таба алмайды. Ондай жоқ. Екпе мәселесін ушықтырғанша, алдын алудың дұрыс әрі пайдалы әдістерін қолданыңыздар, – деді Комаровский.

"Ауаны тазартып тұрыңыз"

Айтуынша, екпемен қатар, әдістер толып жатыр, бастысы – алдын алу. Баланы супермаркеттерге, театрларға апарудың қажеті жоқ, жабық орындарда жиналыс өткізбеңіздер.

Мектептегі адам көп қатысатын жиналысты ауласында өткізген дұрыс. Міндетті түрде бөлмені желдетіп, ауасын тазартып тұру керек.

Есіңізде болсын: менингококк тыныс алу жолдарының шырышты қабығы құрғаған жағдайда ғана жұтқыншақтан қанға өтеді. Өте жақын байланыс кезінде жұғады, таяқшалары бір метр жерден ары ұшпайды. Ауру жұқтыру үшін құшақтасып, сүйісу керек – сонда ғана жұғады. Ауаны тазартып, желдету – кез келген екпеден пайдалы.

"Менингококк жабық орындарда болады"

– Әсіресе балабақшаның жатын бөлмесін жақсылап желдетіп тұру керек, – деді ол. Оның айтуынша, менингококк жабық жерлерде болады.

Мәселен, көшеде оны жұқтыру мүмкін емес. Сондықтан алдын алу шарасы ретінде балалардың таза ауада көп жүргені жақсы. Посткеңестік кез келген елдің ережесі бойынша жатын бөлмедегі ауа дымқылдығы 40-60 пайыздай болуы керек.

Сол ереже бойынша, балалар күніне төрт сағаттай серуендеуі тиіс. Одан кейін жеке заттарды өзі ғана пайдаланғаны дұрыс. Сағыз, кәмпит, сорғысы бар шырын, бетперде, шарф – бұл жеке заттар, – деді Комаровский.

Аурудың нақты белгілері болса:

Тамағыңыз ауырса, ыстығыңыз көтерілсе, басыңыз ауырса – адамдармен көп сөйлеспей, үйде отырыңыз. Жөтеліп, түшкірініп жатқан адамдардың қасынан аулағырақ кетіңіз. Мұғалімдерге ескерту, жөтеліп, түшкірініп келген балаларды балабақшаға, мектепке кіргізбеңіздер. Екі-үш апта өткенін күту керек, – деп кеңес берді ол.

– Ал екпе адам көп шоғырланатын жерге бара жатқан және көп адаммен байланысқа түспеген балаға қажет болады екен. Мәселен, 15 жасар бала мектепте оқып жүргенде сыныпта 10-15 оқушы болды делік. Ол жазда лагерьге баратын болды, сол жақта өзі сияқты 500-дей бала бар ортаға түседі. Мұндай жағдайда екпе алу орынды.

Кеннет Әлібектің кеңесі:

Дәрігер, ғалым, иммунология және инфекциялық аурулар маманы Кеннет Әлібек жырақта жүрсе де жерлестерінің жағдайына алаңдатушылық білдірді. Ол Facebook желісінде:


"Бүгін көпшілікті бактериалды менингит проблемасы мазалайтынын байқадым. Көмектескім келсе де, Алматыдан алыста жүргендіктен жағдайға баға бере алмайтынымды түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын.

Сондықтан, мүмкіндігімше, маңызды деген бірнеше нәрсеге тоқтала кетсем.

Алдымен, аурудың ең алғашқы белгілері туралы айта кетейін, басқа да инфекциялы аурулар сияқты бірден біліне қоймайтын, продромды кезеңде пайда болатын белгілері бар. Яғни, алғашқыда салыстырмалы түрде білінбейтін белгілер пайда болады.

Бірақ бактериалды менингиттің міндетті түрде мән беру керек үрейлендіретін белгілері бар.

Қандай белгіге мән беру керек?

Жақында аурудың таралуы аяқталады деп сенемін, дегенмен қандай белгілеріне мән беру керектігін айта кетейін, өйткені біреудің өмірін сақтап қалуға септігі тиіп қалар:

  • Бактериалды менингиттің белгілері бірнеше сағатқа ғана созылады, яғни продромды кезеңі өте қысқа;
  • Дене қызуы көтеріліп, бас ауыра бастайды;
  • Мойында ауырсыну сезіледі,бұл менингіттің бірден бір белгісі (науқас басын кеудесіне төмен түсіре алмайды, өйткені желке тұсы қаты ауырады):
  • Жүрек айну мен құсу;
  • Ес бұлыңғырланып, бағдарынан айырылып, әдепке жат мінез құлық көрсету;
  • Бас айналу;
  • Жарыққа сезімталдылық арту;
  • Тәбеттің жоғалуы;
  • Ауыр жағдайларда тартылып қалу мен коматозды күйге түсуі мүмкін.

Инфекцияның қан айналымында екенін білдіретін бірнеше белгілер:

  • Терінің түсі өзгереді (қалыпты емес),
  • Іштегі спазма,
  • Қол мен табанның температурасы өте төмендеп кетеді,
  • Теріде бөртпелердің (әдетте ашық қызыл не күлгін түсті) пайда болуы,
  • Бұлшық еттер мен буындар ауырады, дем алу жиілеп, қалтырайды.

Осы белгілердің кейбіреуін байқасаңыз:

Егер жедел жәрдем тез жете алмайтын жағдай болса, науқасты жақын жердегі клиникаға жеткізу жағын қарастыру керек. Бұл жағдаймен бетпе бет келу ықтималдылығы өте төмен, бірақ бастарыңызға түссе пайдалы болар деп сенемін, – деді дәрігер.

– Ауруды емдеу туралы айта алмаймын, өйткені емдеу шаралары клиникада әр жағдайда жеке емдеу стратегиясын түсінетін білікті мамандардың қатысуымен ғана тағайындалады.

"Әңгіме адам өмірі туралы"

– Енді науқаспен жақын қарым-қатынаста болған адамдарда аурудың алдын алу туралы айта кетейін. Бұл емдеу тәсілі бактерияны тасымалдаушы адамдарға ғана қатысты (әдетте инфекция мұрын қуысына кіріп, сол жерде көбейе бастайды).

Рифампин – қордағы антибиотик деген пікірмен келісемін. Бірақ әңгіме адам өмірі туралы болғандықтан, бұл антибиотикпен қысқа курсты ем, яғни нақты бір адамға менингиттің осы формасымен ауырып қалмау үшін көмектесетін ұсыныс, – дейді дәрігер.

Айтуынша, менингиттің таралуы тез. Бастысы, эпидемиологиялық зерттеу жүргізіп, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, соларды емдеуді дереу бастау керек.

Сонымен қатар, мұндай зерттеу эпидемиялық тізбекті үзуге көмектеседі. Себебі эпидемияның барлық жағдайында ауруды жұқтырған адамдар кластері болады, әдетте олар тығыз топ ішінде кездеседі, – дейді Кеннет Әлібек.

Қайда, кіммен қарым қатынаста болды?

Айтуынша, эпидемиолог дәрігерлер пациенттің белгілі бір уақыт аралығында қайда болғанын, кіммен қарым-қатынасқа түскенін анықтап, сараптай келе "алғашқы таратушыларға" дейін шыға алады.

Әдетте ондай адамда аурудың белгісі байқалмайды, инфекцияны тасымалдаушы болуы мүмкін. Әрине, бұл жерде ол адамның еш кінәсі жоқ.

"Алғашқы жұқтырған адамды табу керек"

– Осыдан шамамен 15 жыл бұрын Сингапур мен Тайваньда атипиялық пневмонияны (өкпе қабынуы) сараптамалық бағалауға қатысқан кезім жайлы айтып берейін.

Ол жерде тізбекті тауып, ауруды алғашқы жұқтырғандарға шықтық. Олардың кейбіреулері аурумен жеңіл түрде ауырса, осы тізбекте болғандардың бір бөлігі айыға алмай, қайтыс болған.

Ешқандай белгісіз тасымалдаушылар болады

– Бұл – менің ғана болжамым, оны эпидемиологиялық қызметке ұсыныс ретінде айтар едім. Инфекцияның таралу жолымен жүріп осындай кластерді табу керек, –дейді дәрігер.

– Бұл маңызды, оған бір ғана қарапайым мысал бар, осы типтегі менингит (тіпті жаппай орын алмаса да) созылмалы циклде өтуі мүмкін, себебі бұл инфекцияны ешқандай белгісіз-ақ тасымалдаушылар болады. Инфекция таралу басылған сияқты көрінгенмен, ол адамдар тағы бірнеше адамға жұқтыруы мүмкін, – дейді Кеннет Әлібек. – Өкінішке қарай, жаңадан ауру жұқтырғандар жоқ деген есеппен инфекцияның таралу қарқыны бәсеңдеді деуге келмейді.

Ауырған адамның айналасындағы адамдарды емдеу керек

– Тек ғана, араласқан адамды емес, жақындарының ішінде белгісіз тасымалдаушы болмауын анықтау үшін.

Осы менингококты менингит жағдайында жақындарын жүйелі түрде емдеуде кеңейтілген антибактериалды алдын алу деген түсінік бар.

Атауы айтып тұрғандай, бұл жағдайда емдеу шаралары науқастығ тек жақындарын ғана, ал ауқымды түрде таныстарына дейін қамтиды.

Бірақ, бұндай кеңейтілген алдын алу тәсілі менингококк инфекциясында міндетті амал ретінде қарастырылмайды. Ол тек үлкен ұжымда бірнеше ауырғандар кездескен жағдайда және инфекция болуы мүмкін жер нақты анықталғанда қарастырылады.

Мысалы, мектеп, мектепке дейінгі ұйымдар, көп пәтерлі үй, университеттік кампус, спорттық командалар.

"Таразының бір жағында адам өмірі тұр"

– Аурудың пайда болу ықтималдығы аз болған жағдайдың өзінде тиісті деңгейдегі медицина басшысы эпидемиологтармен келісе отырып, шешім қабылдауы мүмкін.

Бұл жерде де аурумен жақын қатынаста болған адамдарды аурудың алдын алу принципі бойынша емдейді. Яғни, егер шешім қабылданса, тез арада іске асуы керек (ары кетсе 24 сағат ішінде), өйткені ол жаңадан вирус жұқтырған адамдар санын азайтуға көмектеседі.

Бұл біреуге ұнамай қалуы да мүмкін, алайда таразылап көру керек. Бір жағына резервтегі антибиотиктер туралы әңгімені, екінші жағында адамдардың денсаулығы мен өмірі және эпидемиялық шарықтауды қойып көріңіз.

Ал қандай антибиотиктерді қолдану керектігін Қазақстандағы дәрігерлер шешеді. Қазақстандағы антибиотикпен емдеу тактикасы АҚШ-тағыдан өзгеше болуы әбден мүмкін", – деп жазды Кеннет Әлібек.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Тәрбие сағатыны ң жоспары :

ә) тәрбиелік:Оқушыларды тазалыққа, жаман әдеттерден қашық болуға тәрбиелеу ;

б) дамытушылық : Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ақыл -ой, адамгершілік қасиеттерін арттыру;

Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, сұрақ - жауап әңгіме;

Сабақта қолданылатын көрненіліктер : плакаттар, нақыл сөздер, қабыра газеті.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Бүгін 1 желтоқсан

СПИД ке қарсы күрес күні .

Осы жиынға арнайы шақырылған қонағымызбен таныстырып өтейін: ____________________________

Соған тоқталып өтейік.

СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен.

1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады.

Мұғалім сөзі: ЖҚТБ(СПИД) – жұтқырылған қорғаныш тапшылығының белгісі. ЖҚТБ ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Вирус әр түрлі жолдар арқылы жұқтырылып, адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді. Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің көтеріп отырған мәселе осы ғасыр індеті.

Қонаққа оқушылардың сұрақтары:

• Бұл аурулардың қоздырғыштары не?

• Ауру қалай асқынады?

• Вирусты өлтіруге болады ма?

• Аурудың алғашқы белгілері қандай?

Жауабы: Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

• ЖҚТБ -пен ауырған адамдар неге өледі, емделіп жазылып кетуге болмайма?

Жауап: Организімде аса маңызды Т – лимфоциттер группасы азайып, дененің ауруға қарсылық күші жойылады. Одан әрі өкпе қабынып дененің терісінде ірінді бөліктер қаптайды, қанның құрамы бұзылып сепсике айналады, қауіпті ісіктер көбейеді, бұның бәрі ауруды өлімге душар етеді. ЖҚТБ -пен ауырған адамның өмірі ұзақ болмайды.

• ЖҚТБ қанша уақыттан кейін білінеді?

• Денсаулық министрлігі бүгінгі таңда осы спидке қарсы қандай шаралар ұйымдастырып жатыр ма? Жаңаөзен қаласында арнайы оралық жұмыс істей ме?

Жауабы: Соңғы жылдары республикамызда ЖИТС-ке қарсы арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жұмыстарынатқаратын 18 орталық, 64 1-зертхана бар.

• ЖҚТБ-пен ауырмау үшін алдын алу жолдарын айтып беріңізші?

Жауап: Ол үшін барлық жерде жеке бас және қоғамдық гигиена ережелерін дұрыс сақтау, жағымсыз әдеттерден аулақ болу керек. Дәрігерлік инемен ортақ пайдаланбау, егілу керек болса жеке инемен егілу, анаша, насыбай атпау, түнгі клубқа бармау.

?(Салаутылық туралыойларын ортаға айту

Жалынды жастар үні:

САЛАУАТТЫ МАҚСАТЫҢ ӨМІР СҮРУ

Салауатты мақсатын өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Шылым мен нашақорлық сенің жауың,

Пайдалы сол-бұл жолдан аулақ жүру.

Өмірің түскендей-ақ жаңа арнаға.

Денсаулықты сақтауды жолға қойды,

Айырылып бұл байлықтан қапы қалма.

Спиртті ішімдікке әуес болма

Күресу керек саған осы жолда

Денсаулық-зор байлық деп бекер айтпас.

Өмірің ей, достарым,өз қолыңда.

Нашақорлық бизнесі ауыр қылмыс,

Кетеді адам азып, тозып тұрмыс.

Сақтанып өз-өзіңе ие болғын,

Салауатты ақылмен істе жұмыс.

Шылым шегу ұрпағыңды тоздырады,

Кейпіңді алып адамдық аздырады.

Сақтан, сақтан әзәзіл ащы иістен.

Дәмін алсаң,өмірің зәрлі болады.

Өмірің болсын десең сенің сәнді,

Ойланып айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан,өнері асқан,

Өзіңе сүйсіңдірер барлық жанды.

Сүйкімді ақылды бол иман жүзді,

Ғылымды үйрене біл небір түрлі.

Шылымға үйір болма, түсін соны,

Ешқашан сұрқын кетіп болма сорлы.

Болсаңдар білімді әрі парасатты,

Сыйлайтын үлкен-кіші инабатты.

Шылым мен нашақорлық болсың жауың,

Сақтай біл өз ұлтыңның дәстүр-салтын!

Абайлаңдар СПИД—тен, абайлаңдар

Ендеше спид туралы біз не білеміз ?

1. АҚТҚ қандай жолдармен жұғады?

• АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.

• Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.

• Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.

• Жыныстық қатынас арқылы.

• Анадан балаға (жүктілік кезінде және баланы емізгенде).

2. АҚТҚ қандай жағдайда жұқпайды?

— Қол алысып, құшақтасқанда;

— Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан;

— Төсек жабдықтары мен киімнен;

— Темір және қағаз ақшадан;

— Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан;

— Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан;

— Моншада, саунада, бассейінде;

3. Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасы – б ұ л баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер – ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.

ЖҚТБ (СПИД) туралы білімімізді толықтыру үшін келесі кезекті слайдтарға берейік.

АҚТҚ мен ЖҚТБ аралығындағы айырмашылығы.

Ұсақ вирус, кәдімгі микроскоппен көруге болмайды. АҚТҚ тудыратын ауру, адам ағзасына кіріп иммундық жүйені бұзады. Вирустар әр түрлі ауруды тудырады, тұмаудан бастап, ақыр аяғы рактың кейбір түрлерін АҚТҚ – мен зақымдалғанын, яғни вирустың ағзаға кіргенін білдіреді, бірақ ауру әлі байқалмайды. Қазіргі уақытта ЖҚТБ – ге қарсы вакцина немесе дәрі жоқ. АҚТҚ – нің әсерінен иммундық жүйенің әлсіреуі нәтижесінде ағзада инфекция дамиды, ол оппортунистік деп аталады, ары қарай ол өлімге әкеліп соқтырады. Оппортунистік инфекция – бұл инфекция (туберкулез, пневмания), асқазан, ішек инфекциялары (диарея, стоматит), бас миының инфекциясы (токсоплазмоз, рак ісіктері, менингит).

Мұғалім сөзі: Ситуациялық жағдаяттарға жауап берсеніздер?:

1. Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Көмек көрсететін адамға ұсыныс:

Жараны таза, қалың матамен қатты танып байлаңыз. Қанның сіздің көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз. Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.

2. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД-пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым-қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?

4. Адам тексеруге қан тапсырып, онда АҚТҚ –инфекциясы табылғанын жаңа ғана білді. Ол не сезінеді? Ол не істеу керек?

Мұғалім сөзі: Адам! Адам!

Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды,

Ешқашан өрт шалмасын,

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір-біріңе болыңдар қайырымды, дей отыра өміріміз өз қолымызда екенің ұмытпаған жөн. Келесі кезек әнге келген сияқты.

Арнайы келген қонағымызға алғысымызды білдіреміз.

Менингит ауруы өте қауіпті және одан қалай қорғану керек? Миқұрт (менингит) — бұл халық арасында көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы, мұнымен көбінесе балалар ауырады. Ол басқа аурулардың, шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады.

Ертеде бұл аурумен науқастанған жан ем табылмауы себептi көп өмiр сүрмеген. Ал бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен құлантаза айығып кететiн адамдар саны артып келедi. Көбiне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды. Ең алғаш рет оған қарсы емдiк препаратты 1887 жылы А. Вейксельбаум ойлап тапқан болатын. Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi. Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде менингиттiң жүйке жүйесiне әсер ететiн түрiне шалдыққандардың 20 пайызы өз өмiрiмен қоштасады. Менингиттiң туындауы — адамдардың тығыз орналасуынан, тазалық сақтамаудан, сонымен қатар, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан. Сондай - ақ кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен де пайда болады.

– Менингококк инфекциясына қарсы екпе барлық елдердің күнтізбесінде енгізіле бермейді? Неліктен?
– Оның себептерінің бірі – қаржыландыру. Ол – ең қымбат екпелердің бірі. Бірақ ауру салдары өте ауыр болуы мүмкін. Ағылшындар менингококктың иммундық профилактикасын тегін екпелер күнтізбесіне қалай енгізгенін білесіз бе? Менингококк инфекциясымен ауырып, оны жеңіп шығып, алайда мүгедек болып қалған қыздың ата - анасы бұл мәселеге назар аударту үшін қоғамға осы оқиға туралы ашық айтты. Ауру салдарынан баланың аяқтары мен бір қолы ампутацияланып, бүлдіршін қыздың күнделікті өмірі түсірілген бейнеролик ғаламторға жарияланды. Ол Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі тегін иммундау туралы шешім қабылдауы үшін көп қол жинаған. Нәтижесінде Англия менингoкокк инфекциясы профилактикасын күнтізбеге алғаш болып енгізген ел атанды.

Миқұрттың белгілері
Миқұрттың ең кеңінен таралған белгілері бас ауруы, мойынның бұлшықеттінің ұюы, қалтырау, ойлау естің бұзылуы (комаға дейін), жарық пен дыбысқа сезімталдықтың артуы болып табылады. Науқаста жүрек айну және құсу, жалпы әлсіздік, жүрек соғысының бұзылуы, бұлшықеттің ауруы байқалады. Менингеальдық белгі Кернига және Брудзинский белгілерімен сипатталады: науқас мойнын иілдіре алмайды, тізе буындарын бүге алмайды. Гиперестезия гиперсезімділік кезінде байқалады: адам жарық шам, қатты дыбыс, жанасуларды көтере алмайды.

Ауру басталғанда науқастың дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, құсады. Ал бір жасқа дейінгі балалардың іші өтуі де мүмкін. Былай қарағанда бұл белгілері тұмауға ұқсайды. Сондықтан көп адам ауруды асқындырып алып жатады. Үйде, өзіндік жолмен емделеді, тәуіпке барады немесе мүлдем басқа дәрілік препараттарды қабылдайды. Тағы бір жәйт бар. Ауру балаларға үйір келеді. Себебі олардың иммундық жүйесі толығымен қалыптаспаған. Сондықтан қоздырғыштар бала ағзасына тез жұғады. Жоғарыда айтылғандай, ауруды бірден анықтау мүмкін емес. Жасырын түрде өрбитін ауруды кей ата - аналар баласының тіс жаруымен байланыстырып жатады. Баланың құсуы мен мазасыздануы, үнемі жылай беруі тіс жарған кездегі белгілерге ұқсағанымен, олай болмауы да мүмкін. Көп ата - ана осы уақытты өткізіп алып, бармақ шайнап қалатын кездер аз емес. Ал емделу уақыты өтіп кеткен баланы аурудан айықтыру оңай шаруа емес. Көп жағдайда бала өліп кетеді. Ал кейде ми жасушалары қатты зақымданып, ақыл - есі дұрыс дамымай қалады. Ауру дер кезінде анықталып, тиісті ем жасалса айығып кету мүмкіндігі 100 пайыз.

Сол үшін менингитті ауырмай тұрып алдын алған жөн
• Иммунитетті жоғарылату. Дұрыс тамақтану, ұйықтау т. б.
• Кез келген ауруды дер кезінде емдеу.
• Қолды әрдайым таза ұстау, кез келген азық - түлікті тұтынардан бұрын жақсылап жуу.
• Басыңызды зақымдап алсаңыз міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.
• Жақындарыңызда менингиттің белгілерін байқасаңыз тезірек жедел жәрдем шақырыңыз.

Сонымен қатар оны неврологиялық бөлімге апарғандарын қадағалаңыз, себебі менингитті те неврологияда ғана емдейді.
Минингитпен ауырған балалардағы алғашқы белгілер
Менингит – бұл жұқпалы сырқаттанушылық, жұлын және бас миының қабынуы. Сырқаттану кезінде бас миының жасушалары зақымданбайды, қабыну процесі сырттан дамиды. Сырқаттанушылық сирек кездеседі, бірақ өте ауыр өтеді. Инкубациялық кезең 2 - 10 күн аралығында созылады. Дене қызуы 39 - 40 °C дейін көтеріліп, қалтырау белгісімен ауру жіті басталады. Балалар басының қатты ауыруына шағымданады, жиі құсады. Арқа және омыртқа тұстарында ауырсыну белгілері болуы мүмкін. Бас кезінде науқастың ақыл - есі сақталады, бірақ кейіннен бұлыңғыр болуы мүмкін немесе мүлдем естен танады. Бұл сырқаттың маңыздысы ауырғаннан кейін 1 - ші күннен пайда болатын құрысу белгісі болып табылады.

Науқаста сандырақтау байқалады. Баланың жатысына тән қалып болады: қырынан тізе және жамбас буындары бүгіліп жатады, басы шалқайған, аяғы ішіне жиналған. Әрбір тітіркенгішке сезімталдығы жоғарылайды. Баланың беті бозарып, аянышты түр пайда болады, сирек жағдайда балалардың іші өтеді. Тілі құрғап, ақ дақтар пайда болады. Көздің қыли болуы, мұрын мен ерін қатпарының тартылуы бас миының зақымдалғанына дәлел болады. Жас ерекшеліктеріне қарамастан науқастарды ауруханада емдейді. Арнайы, кешенді - антибиотик, вирусқа қарсы дәрілік заттардан тұратын ем жүргізіледі. Ауыр жағдайда реанимациялық ем шаралар жүргізілуі мүмкін. Менингит толық жазылады. Емнің нәтижелілігі ауруханаға уақытылы жатумен және емнің тағайындалуына байланысты.


Негізі бұл сырқатқа бас киімнің қатысы жоқ және онымен тек балалар ғана ауырмайды.

1. Бас киім кимей жүрсе менингитке шалдығады

Бұл ата-аналардың тілазар балаларын қорқытатын сүйікті әпсанасы. Бұл біздің суықта — суық тиеді, қатты суықта — қатты суық тиеді, көбінесе менингитке шалдығады деген түсінігімізге байланысты. Бірақ шын мәнінде олай емес.

Менингит — ми немесе жұлын қабығының қабынуы. Мұндай қабынудың себептері:

— Вирустар. Менингит тұмау, ұшық, қызылша, паротиттің (құлақ түбі бездерінің шошынуы) асқынуынан пайда болуы мүмкін.

— Қарапайым саңырауқұлақтар мен паразиттер. Ағзалардың мұндай түрлерінің бәрі ағзада емделуі қиын менингит сырқатын тудырады.

Менингит көбінесе ауа-тамшылы жолмен беріледі. Бірақ кейбір бактериялар мен қарапайым паразиттер ағзаға жұқпалы су немесе тамақ арқылы енуі мүмкін.

Құлақ мұздағанда немесе жалаңбас жүргенде менингит берілмейді.

Алайда, егер қатты жаурап қалған себепті иммундық қорғаныс әлсіресе және дәл сол сәтте ағза бактериямен немесе вируспен бетпе-бет келіп қалса, менингитке шалдығу қаупі пайда болады.

2. Менингиттен адам өлмейді

Бұл да өтірік. Менингит — өте қауіпті сырқат. Әрине, көп жағдайда ол ауруды қоздырушыға және науқастың жағдайына байланысты. Вирусты менингиттер бактериалық менингитке қарағанда cырқаты жеңілірек өтеді.

Бактериялар әсерінен пайда болған менингиттер кейде өте қауіпті жағдай — сепсиске алып келеді. Бұл кезде менингококктар өте қауіпті болады. Олар тез меңдеп кететін менингит тудырады да, адам бірнеше сағаттың ішінде өліп кетуі мүмкін.

Сырқаттың ауыр өтуіне байланысты бактериялы менингитке шалдыққан әрбір оныншы адам қайтыс болады.

3. Менингит — балалардың сырқаты

Жоқ, менингитпен балалар да, ересектер де ауырады. Бірақ кішкентай балалардың, кәрі кісілердің және иммунитеті төмендеп кеткен (ВИЧ-жұқпасы немесе химиялық ем салдарынан) адамдарың бұл сырқатқа шалдығу қаупі жоғары. Оның үстіне кішкентай балаларға, көбінесе оған қарсы екпе салынбайды. Нәтижесінде, олар ересектерге қарағанда он есе жиі аурады.

Менингит жаңа туған, әлі бір айға да толмаған нәресте үшін өте қауіпті. Келесі қауіпті жас — сәбидің үштен сегіз айға дейінгі кезеңі.

4. Менингит — бастың қатты ауруы

Расымен де бас ауруы — менингиттің негізгі белгілерінің бірі. Бірақ, тек бұл ғана емес. Сырқаттың өтуі әртүрлі болуы мүмкін. Өйткені ол менингиттің туу себебіне байланысты.

Балалар мен ересектерде де сырқат әртүрлі өтуі мүмкін. Балалардың менингиті ересектердікіне қарағанда қауіптірек. Өйткені оны кішкентай балалардан, әсіресе тілі шықпаған немесе ойын айта алмайтын балалардан анықтау қиын.

Балалардағы менингиттің жалпы белгілері:

— Тамақтан бас тару.

— Әлсіздік, сылбырлық, ұйқышылдық.

Яғни бұл белгілер әдеттегі суық тиюден улануға дейінгі кез келген сырқат кезінде де пайда болуы мүмкін.

Ересектердегі менингит белгілері:

— Мойын бұлшықеттерінің қатаюы. Қатаю – дененің икемге келмей, сіресіп қалуы. Науқас бір қалыпты жатады, оған мойнын бұрау қиынға соғады.

— Жарықтан жасқану. Жарық көзді тітіркендіріп, бас ауруын күшейтеді.

— Адамды оятып алудың өзі қиын болатын ұйқышылдық.

— Жүрек айну және құсу.

Менингококк жұқпасының негізгі белгісі – өзіне тән геморрагикалық бөртпе. Мұндай бөртпелер қан тамырларының жарылуына немесе көгеруге ұқсайды. Олар әуелі жұлдызшаға ұқсас кішкентай болып, кейін біртіндеп үлкейіп, даққа айналады. Егер ондай бөртпенің үстін басса, ол ағармайды.


Диспетчерге науқаста сондай бөртпе бар екенін айту маңызды. Бұл тез арада әрекетке көшуге керек ерекше жағдай.

5. Менингиттің емі жоқ

Бәрі менингиттің түріне байланысты.

— Вирусты менингиттер әдетте өздігінен кетеді. Өйткені вирусқа қарсы әсерлі дәрілер көп емес. Егер менингит, мысалы тұмау немесе ұшық вирусынан пайда болған болса, онда дәрігерлер арнайы вирусқа қарсы дәрілерді қолдануы мүмкін. Бірақ бұл ережеден гөрі ерекше жағдайға көбірек келеді.

— Бактериалды немесе саңырауқұлақты менингиттер антибиотиктердің көмегімен емделеді.

Қалай болғанда да менингитті дәрігердің бақылауымен емханада емдейді. Антибиотиктерден өзге инфузиялық ем-шарасы – су теңгерімін ұстап тұруға көмектесетін қоректік ерітінділерді енгізуді де қолданады. Сондай-ақ мидың ісінуін төмендететін дәрілер, тыныс алу кезінде қиындық туса, оттегі маскаларын тағайындайды. Науқасқа жеңіл болу үшін ауруды басатын және құсуды тоқтататын дәрілерді пайдаланады.

6. Менингитпен тек кедей елдерде ауырады

Тіршілік ету деңгейі төмен кейбір елдерде менингитпен расында көбірек және жиірек ауырады. Негізі, менингит — сирек кездесетін жұқпа. Бірақ оның бар екенін ұмытып кетуге де болмайды.


Менингококктық мененгиттің әлемдік тарауы (2009 г.)
қызыл түс - менингиттік белдеу
қоңыр түс - эпидемиялық аймақ
сұр - анда-санда кездесу

Ересектердің 5-тен 10%-і менингококк таратушы, бірақ онымен ауырмайды. Есесіне, басқаларға жұқтыруы мүмкін. Егер адамдар бір-бірімен тығыз тіршілік ететін болса, онда оны таратушылардың саны 60%-ға дейін артады. Сондықтан сырқатты жұқтырып алу қаупі шағын аймақта көп адамның жиналатын жерлерде: балабақшаларда, мектептерде, казармаларда жоғары болады.

7. Менингитке қарсы екпе жоқ

Менингиттің барлық қоздырушыларынан 100% қорғайтын екпе болмайды. Бірақ кейбір вирустар мен бактерияларға қарсы екпелер болады.

Менингококктар — атауы айтып тұрғандай менингит тудыратын бактериялар. Бұл бактериялардың бірнеше түрі болады. Олардың біреуінен немесе бірнешеуінен қорғайтын екпелер болады. Қазақстанда менингококка қарсы профилактикалық екпе міндетті екпелер тізіміне енбейді. Тек эпидемиологиялық көрсеткіштер (ауру таралған жерде) бойынша ғана екпе салынады. Және жедел қызметке жіберілетін әскерге шақырылғандарға екпе салдыруға кеңес береді. Бірақ жеке орталықтада балаларға да, ересектерге де екпе садырып алуға болады.

Пневмококк менингиттің себебі болуы мүмкін. Бұл екпенің ұлттық күнтізбеге енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Демек, мұны балаларға жоспар бойынша салады, ал ересектер екпені өз еріктерімен алады.

Ол ұлттық күнтізбеге әлі енгізілген жоқ, бұрынғыдай адамдардың өз жауапкершілігінде қалды. Оны сәйкес лицензиясы бар орталықтарда салдыруға болады. Ол кейбір біріктірілген вакциналар (бұл бір мезетте бірнеше аурудан қорғайтын вакциналар) құрамында болады.

Жыл сайын егіледі. Вакцинаны ересектер мен балалар өздеріне қалай ыңғайлы және қалай ұнайды, соған сәйкес тегін және ақылы түрде салдыра алады. Екпе тұмаудың, соның ішінде менингиттің асқынып кету қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Вакцинациялаудың ұлттық күнтізбесіне енген, ол қызамықтан да қорғайды. Балаларға жоспар бойынша салынады. Екпе салынбаған ересектер оны өз беттерінше салдырулары керек.

8. Менингиттен кейін мүгедек болып қалады

Бактериялық менингиттен кейін сауыққан адамдардың 20%-і мүгедек болып қалады. Бұл өте көп. Менингиттің кең тараған асқынулары – есту қабілетінің төмендеп, мүлдем саңырау болып қалу.

— Жүріс пен координацияның бұзылуы.

— Аяқ-қолдан айырылу. Кейде миды ғана емес басқа дене мүшелерін де зақымдайтын менингококк жұқпасының кесірінен аяқ-қолды кесуге тура келеді.

9. Менингитпен ауырмау үшін суық тигізбеу керек

Бұл сөзде біраз шындық бар: ЖРВИ (соның ішінде тұмау) мен менингиттің алдын алу шаралары бір-біріне қатты ұқсайды. Бактерия немесе вирус жұқтырып алмас үшін:

— Қолды сабынмен жиі және мұқият жуып жүру керек. Әсіресе ЖРВИ белең алған кезеңдерде.

— Сырқат адамдармен араласпау керек.

— Ауырмас үшін немесе денсаулыққа көп нұқсан келтірмей сауығып кету үшін салауатты өмір салтын ұстану керек.

Бірақ ең басты шара — бактериялар мен вирустардан қорғайтын барлық қолжетімді екпелерді салдыру.

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.

Copyright © Иммунитет и инфекции