Бактерия жасушасына енетін вирус

Шахтинск қаласы №16 лицей-мектебі

Қарағанды

Биолгия пән мұғалімі

Нурпеисова Кунсулу Алимовна

Сабақтың мақсаты : вирустардың құрылысын, қасиеттерін және тіршілік ету ерекшеліктерін анықтау .

Оқушыларды вирустың ашылу тарихымен таныстыру ;

Вирустың құрылысын, жіктелуін үйрету ;

Тіршілік ерекшеліктерін және маңызын таныстыру ;

Тарататын ауру түрлерімен таныстырып, олардан сақтану жолдарын қарастыру.

Оқушыларды оқулықтармен және компьютер құралдарымен жұмыс жасауды қалыптастыру ;

Топпен жұмыс жасауды жалғастыру ;

Жаңа терминдер арқылы ой өрістерін дамыту ;

Сын тұрғысынан ойлану арқылы салыстыруға, мазмұндауға, қорытынды жасауға тәрбиелеу .

Өз денсаулықтарына ұқыптылықпен қарауға жағдай жасау ;

Вирус арқылы таралатын аурулардан сақтану үшін денсаулық мәдениетін қалыптастыру ;

Өз пікірлерін еркін жеткізуге мүмкіндік туғызу.

С а бақ әдісі : жаңа тақырыпты меңгеру

Оқыту технологиясы: АК Т - технология,

Тірек түсініктер : вирус, вирусология, генети калық материал дар , бактериофаг, ИТИС , оба, сіріспе,топалаң т.б. .

Құрал жабдықтар : оқулық, дәптер .

I. Оргмомент (30 сек) . Амандасу, оқушының сабаққа дайындықтарын анықтап, сабаққа деген қызығушылығын арттыру .

II. Үй жұмысын қайталау (3 мин)

Оқушылар сұраққа жауап береді (слайд 2):

Тірі табиғат пен өлі табиғаттың айырмашылықтарын ата?

Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?

Әр бір тірі ағзалардың ең ұсақ өлшем бірлігі?

Жасушаларды зерттейтін ғылым саласы?

Барлық тірі ағзалар жасуша санына байланысты қандай топтарға бөлінеді?

Өсімдік жасушасының органоидтарын атап , сипаттама беріңдер?

Бүгінгі сабаққа дайындалған кезде мені мынадай материалдар таң қалдырды

Қазақстанда тұмаудан қайтыс болған адамдар саны

ИТИС-тен қайтыс болған адамдар саны

Басқа да ісік ауруларынан қайтыс болған адамдар саны.

Бүгінгі сабақта біз не туралы айтамыз? Қалай ойлайсыздар неге қазіргі ХХІ ғасырда барлығы дамыған заманда осындай қауіпті ауруларға қарсы тұратын вакциналар жоқ. Мысалы: ЖИТС-тан?

Бүгінгі сабаққа қандай проблемалық сұрақ қоюға болады?

Проблемалық сұрақ: Неліктен ауру тудыратын вирустар мен күрес жүргізу және оларды мүлдем жою өте қиын?

Вирустарға қарсы тұру үшін нені білу керекпіз? Өздерінді вирустардан қорғай алатын адамбыз деп ойланыңыздар, ең бірінші не істейсіздер?

Вирустар туралы қандай білім қажет сіздерге?

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты :

Вирустардың құрылысын, құрамын, тіршілік әрекетін білу.

Оқушыларға Twig-Bilim мектеп бағдарламасы негізінде жасалған мыңдаған керемет қысқа фильмдер мен оқу материалдарынан тұратын сайытынан оқытушы фильмдер бөлімінен Вирус дегеніміз не? Атты бейне фильм көрсету арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал жасадым.

IV . Жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

Оқушылар ақпарат береді (3 минуты)

Вирустардың ашылу тарихы.

Вирустарды зерттейтін ғылым саласы вирусология деп аталады. (слайд 8)

Оқушылар бүгінгі сабақ басында қойылған сұраққа жауап беру үшін біз сіздермен зерттеу жүргізе отырып, не себепті вирустар деп аталды? Олардың құрылыстарында қандай ерекшеліктер бар? Жұмысымыз тез жүру үшін әр топ вирустардың әр түрлі қасиеттерін сипаттайды.

Вирус қандай ағза?

Олардың мөлшері, пішіндері, құрылысы.

Вирустардың көбеюі, ашылу тарихы бойынша сұрақтар құрастырып, өрмекші торын жасау.

Вирус арқылы таралатын ауру түрлері, олардан сақтану жолдарын қарастырады.

Бұл жұмысқа сіздерге 10 минут беріледі, жұмысқа кірісеміз. Жұмысты аяқтаған соң әр топтан бір қорғаушы шығып қорғайды.

І-топ: Вирустың жалпы сипаттамасы:

Ви́рус ( лат. virus — у) — жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті зат, яғни жасушасыз құрылым.

Вирус жасуша ішінде ғана әрекет ететін паразит болып табылады — олар жасушадан тысқары көбейе алмайды.

Вирус тар : (слайд 11)

Мөлшері өте ұсақ тірі ағзалар

Құрылысы өте қарапайым

Жасушасыз тірлік құрылымы

Химиялық құрамы тек органикалық қосылыстардан құралған, ал бейорганикалық құрамы яғни су, тұздары жоқ .

Вирустар энергия жұмсамайды, қоректенбейді

Вирустар өспейді зат алмасу қасиееттері жоқ

Тіршілік етеді, көбейеді басқа жасушаларды зақымдайды.

Тірі және өлі формалардың аралық буыны

Вирустардың әр бір түрі тек белгілі бір жасушаларды ғана анықтап зақымдайды.

Жаңа ортаға жеңіл бейімделеді

Көбісі ауру туғызады

Көп уақыт бойы анықталмайтын күйде бола алады. (слайд 26 )

1 00 топқа бірігетін вирустар мыңнан астам өсімдік ауруларын қоздырады. Вирус зақымдаған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелерінде түрлі түсті дақтар, жолақтар пайда болады. Вирустардың әсерінен кейбір өсімдіктің бойы өспей, пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді.

Тірі табиғатта (ағзалы әлемде) вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактериядан да кішкене, жай көзге көрінбейді. Вирустардың басқа тірі ағзалардан ерекшелігі - тірі жасушадан тысқары тіршілік ете алмайды. Вирус - жасушасы жоқ кішкене бөлшек, яғни жасушасыз құрылым. Ол тірі және өлі формалардың аралық буыны деп есептеледі. Бактерия жасушасына еніп көбейетін вирус бактериофаг деп аталады. Вирус - жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.

Вирустар адам және өсімдік, жануар ағзасына еніп, олардың тіршілігін бұзады, ауру туғызады.

Өсімдіктер физиологы және микробиолог, орыс ғалымы Дмитрий Иосифович Ивановский (1864-1920) темекі теңбілін зерттеп, 1892 жылы вирусты ашты.

Нидерландия ботанигі және микробиологы Мартин Виллем Бейерник

Вирустар 2 күйде болады: дамылдау немесе жасушасыз күйдегі вирустар (вирус бөлшектері немесе вибриондар) және көбею немесе жасуша іші кщіндегі (вирус-жасуша жиынтығы) вирустар.

1. Ағза жасушасына вирустың жабысуы.

2.Вирустың жасуша ішіне енуі –яғни уландыруы.

3. Вирионды қабылдауға ағзаны қалыптастырады

4. Вирусты ақуыздың Синтезделуі капсидтердің өздігінен жиналуы.

5. Көп вирустардың жасушадан шығуы.

6. Сол кезде жасуша жойылады немесе тірі қалады.

1-деңгей. Вирустың клеткаға жабысуы. Жасушаның жоғарғы қабатында арнайы рецепторлар орналасады, сол рецепторларға бактериофаг жіпшелерімен байланысады. Әр түрлі жасушаларға қатаң жазылуы осылай жүзеге асады.

2-деңгей. Вирустың жасушаға енуі. Бактериофаг жасуша ішіне өсінділерін еңгізеді де шприцтің инесі тәрізді жасуша ішіне өзінің ДНҚ мен РНҚ-сің итереді. Осылай фагтің генетикалық ақпараты жасуша ішіне енеді, ал капсид сыртында қалады.

Этап 3. Вирустың көбеюі яғни вирустық геномнің редупликациясы.

Этап 4. Вирустық нәруыздың синтезі және капсидтің қалыптасуы.

Этап 5. Вирустардың шасушадан шығуы. Ал жасуша мен не болады? Ол өледі. Міне осылай вирустардың тіршілік әрекеттері жүзеге асады. Қандай қорытынды жасауға болады? Дәптерлеріне жазындар.

ІІІ-топ: " Вирус арқылы таралатын ауру түрлері, олардан сақтану жолдарын қарастырады ".

Вирус тар өсімдіктерде ауру туғызады (слайд 6 )

Вирус тар жануарларда ауру туғызады (слайд 7 )

Вирус тар адамдарда ауру туғызады (слайд 5 )

Бактериофаг тар бактерия жасушасына енетін вирустар (слайд 17)

Вирустардың таралу жолдары (слайд 18)

Адамдарды ғана емес басқа да тірі ағзаларды вирустардан сақтанудің қандай жолдарын ұсынар едіндер? (оқушылардың жауаптары). Егер біз вирустардан сақтану профилактикаларына көніл бөлмесек онда кез келген ағзалардың жоюылына әкеліп соғады. Сондықтан, адамдар вирустардың әр түрлерімен үздіксіз күрес жүргізеді.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді .

ЖИТС дегеніміз не, және оны тарататын вирус қалай аталады ?

Бұл вирустардың таралу жолдары қандай ?

Төменде көрсетілгендердің қайсысы қауіпті, қайсысы қауіпсіз болып табылады

Бір сабын мен жуыну

ЖИТС пен ауыратын адамдарды күту

Басқа адамның тіс щеткасын қолдану

Денеге суреттер (татуаж) салу

Төсек тарақандарының шағуы

ЖИТС пен ауыратын адамды құшақтау

Осы алған мәліметтерге сүйене отырып вирустың қандай маңызы бар? Қорытынды жасандар (слайд 21)

V Қорытынды (5 минут) Интерактивті тест орындау . iTEST сайтына кіріп 7-сыныптан Жасушасыз тіршілік құрылымы. Вирустар атты тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап беруді ұсындым.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын, мақсатың және проблемалық сұрағын есімізге түсірейік : (слайд 27)

Проблемалық сұрақ . Неліктен ауру тудыратын вирустар мен күрес жүргізу және оларды мүлдем жою өте қиын?

Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сұраққа жауап таптық па? ( Оқушылардың жауаптары) - Вирусы микроскопичны

Мөлшері өте ұсақ тірі ағзалар

Құрылысы өте қарапайым

Жасушасыз тірлік құрылымы

Жаңа ортаға жеңіл бейімделеді

Көп уақыт бойы тыныштық күйде бола алады .

20 параграф, параграфтың соңындағы сұрақтарға жауап беру

Шығармашылық жұмыс: вирус арқылы жұғатын аурулар туралы эссе жазу.

Неге компьютерді зақымдайтындарды да вирустар деп атайды? Осы сүраққа қысқаша зерттеу жүргізу.

Слайды и текст этой презентации


Вирустар – өсімдік, жануар және бактерия клеткаларының ішінде болатын паразиттер. Тірі табиғатта вирустар өз алдына дүние құрайды. Оларда жасуша жоқ және тірі ағзаның жасушасынан тысқары тіршілік нышанын білдіре алмайды. Мөлшері өте ұсақ болғандықтан, жай көзге көрінбейді. Бактериядан да кіші болғандықтан, вирусты х 100.000 есе үлкейтетітн микроскопта ғана көруге болады. Ол – жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті затия, яғни жасушасыз құрылым. Вирус – латынша “у” деген сөз.



Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады . олар өз бетімен тіршілік ете алмайды. Демек, вирустарды тірі организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне басқа ағзаның жасушасы керек. Вирустарда жасуша болмайды. Мөлшері өте ұсақ болғандықтан жай көзге көрінбейді.
Вирус екі түрлі нуклеин қышқылының біреуінен және сыртында нәруызды және липидті қабығы бар заттан тұрады.

Пішіні: шар, сопақ, тақша, жіп тәрізді болады.Жасушадан тыс формалары-вирион деп аталады.



XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА НЕГІЗГІ 3 ТҮРЛІ ВИРУС БЕЛГІЛІ БОЛДЫ. ОЛАР БАКТЕРИЯ, ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР АУРУЫНЫҢ ВИРУСТАРЫ ЕДІ. СОДАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАР ТАП БҮГІНГЕ ДЕЙІН ВИРУСОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨТЕ ТЕРЕҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ АШЫЛҒАН ЖЫЛДАР БОЛДЫ. ВИРУСОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ВИРУСТАРДЫҢ ТАБИҒАТЫН, ШЫҒУ ТЕГІН, ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН, ӨСІП-ЖЕТІЛУІН, ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕЙДІ ЖӘНЕ ВИРУСТАРДЫҢ ЖАСУШАЛАРМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫН, ВИРУСҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТТІ, ВИРУС АУРУЛАРЫН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ЗЕРІТЕУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ.




Вирустардың генетикалық ерекшеліктері

Бактериофагтар бұтақшалары арқылы алдымен бактерия жасушасының бетіне бекінеді.
Вирустар сол жабысқан сыртқы ортада белгілі өлшемі мен химиялық құрамы және дұрыс пішіні бар. Вибрион деп аталатын өлі бөлшек түрінде болады. Мұндай бөлшек түрінде кездесетін кейбір вирустар, үлкен молекулалар сияқты кристалл формасы болады. Вибриан жасуша – иесіне өтерден бұрын алдымен оның бетіне бекінеді де, сол жабысқан жерінде жасушаның немесе бактерияның қабықшасын ерітіп жібереді. Вирустың сыртқы қабығы шприц сияқты ішіндегі ДНҚ-ны жасуша иесіне бүркеді. Осыдан кейін вирус өзі бейімделген жасуша иесіне енген бойда пішінін мүлдем өзгертіп, жасушаның паразитіне айналады. Вирустағы нуклеин қышқылы “өлі” вибрионның құрылымының генетикалық аппаратын алып жүреді. Ол жасуша иесіндегі барлық биохимиялық мүшенің қалыпты жұмысын бұзып, өзіне бағыдырады. Сол уақытта жасушадағы ферменттері, рбосомалар жасуша жиынтығының орнына көптеген жаңа вирустардың бөлшектерін синтездеуге кіріседі. Нәтижесінде бір вибрион мен уланған жасуша иесінде ондаған немесе жүздеген вирустар синтезделетіндігін және олардың мөлшері минут өзгерген сайын көбейе түседі.


Вирус ДНҚ – сы өзі сияқты құрылымдарды өте жоғары жылдамдықпен жасап шығарады: шамамен 20 минутта жүздеген жаңа пісіп жетілген фагтар пайда болады, Олар клетканы әбден толтырғаннан кейін клетка қабығы жарылып, ішіндегі фагтар сыртқа шығып, басқа бактерия клеткаларын зақымдауға әзірленеді.


Вирус тудыратын аурулар.

ВИРУС АҒЗАНЫҢ ЖАСУШАЛАРЫНА ЕНІП, ТІРШІЛІГІН БҰЗАДЫ, АУРУ ТУДЫРАДЫ.
ОЛАР:

Презентация вирус 7 класса на открытом уроке



  • Өсімдік клеткасында кездесетін випустар РНҚ-геномды болып келеді. Ал жануарлар мен адамдардың клеткаларында РНҚ-геномды немесе ДНҚ-геномды вирустар кездеседі.Қарапайым құрылысы бар вирустар нуклеопротеиндер, яғни бұл вирустар нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) және нуклеин қышқылының айналасында қабықша түзетін бірнеше нәруыздан тұрады. Нәруызды қабықша капсид (латын сөзімен сарSа-сиятын ыдыс) деп аталады.күрделі вирустың нәруызды немесе липопротеинді қосымша қабықшасы болады және көмірсулар мен ферменттер кездеседі.Вирустар

1. Жасушасыз тіршілік иесі

2. Нәруыз қабықшасы, РНҚ немесе ДНҚ-сы бар

3. Қабықша ыстықтан, суықтан қорғайды

4. Пішіні жіп, таяқша, оралма тәрізді өсіндісі бар .


  • Вирусты аурулар

Адамда болатын ауру

Өсімдікте болатын ауру

Жануарларда болатын ауру

Шешек, тұмау, қызылша, қызамық, полиомиелит энцефалит, гепатит, ұшық, ИТИС т.б.

Картоптың әжімді теңбілі

Мәдени өсімдіктерде қола ауруы

  • Жасушаға вирусар қалай енеді?
  • Вирустар алдымен жасушаның беткі жағында ерекше нәруызды қабылдағышпен байланысады. Рецептормен байланысу процесіндегі ие клетка бетіне өзіне сәйкес келетін қабылдағышты таниды. Вирус келіп қосылған жасуша беткі жағымен цитоплазмаға еніп, онда вакуольге айналады. Вакуольдің қабырғасы цитоплазмалық мембранадан тұрады. Одан басқа вакуольмен ядромен қосыла алады.

  • Бактериофагтың клеткаға ену жолы өзгеше. Бактериофагтың денесі бастан, құйрықшадан, бірнеше құйрықша өсінділерінен құралады. Бактериофагтың басы мен құйрықшасы нәруыз қабықшасымен қапталған. Басының ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Ал құйрықшасының іші қуыс. Бактерияның жасушалық қабығы мықты болғандықтан, вирустар жабысқан нәруыз қабылдағыштың цитоплазмаға енуіне мүмкіндік бермейді.Бактериофагтар жасушаға алдымен құйрығын енгізеді. Басының ішіне орналасқан ДНҚ-сын немесе РНҚ-сын бактерия жасушасына итеріп кіргізеді. Сөйтіп, бактериофаг геномы цитоплазмаға енеді де, қабықшасы сыртта қалады. Фаг жұқтырған бактерияда, бактерияның ДНҚ-сы емес, вирустық ДНҚ синтезделеді. Бактерия тіршілігін жояды.

  • Бактерифагтың құрылысы

Нәруызбен қапталған басы

оралма тәрізді нәруызды қаптама


  • Бактериофагтың көбеюі1-вирустың жасушаға орнығуы; 2-нуклеин қышқылының жасушаға өтуі; 3-бактериофагтың жасуша ішінде көбейе бастауы; 4-бактериофагтың жеке бөліктерінің түзілуі; 5- бактериофагтың пісіп жетілген бөліктерінде нуклеин қышқылының түзілуі; 6-жасушаның жиырылуы және бактериофаг бөліктерінің сыртқа шығуы.

  • Тұмау вирусының көбеюі
  • Тұмау вирусы

  • ИммунитетВирустарға антибиотик дәрілері көбіне әсер етпейді. Көбіне ағзаның иммунитет жүйесі ғана ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді.ИММУНИТЕТ- ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Ағзаның өз тұтастығын және биологиялық даралығын қорғайтын жасуша иммундық жасуша деп аталады. Ауру тудыратын ұсақ ағзаларды қармап, тіршілігін жою арқылы иммундық жасуша ағзаны қауіпті жұқпадан сақтандырады.

  • АҚТҚ және ЖҚТБАса қауіпті қазіргі кездегі вирус адам қорғаныш тапшылығының қоздырғышы-АҚТҚЖұқтырған қорғаныс тапшылығының белгісі- ЖҚТБ.Бұл ауру адамға жыныстық жолмен, иньекциямен (ине арқылы), ана сүті арқылы, құсақтағы жатқан балаға анасынан жұғады. 1950 жылдан бастап анықталды. Табиғи ошағы-жасыл маймыл (мартышка). Мұндай вирус адам қанына түскенде, ақ қан түйіршігі- лимфоцит зақымдалады. Лимфоцитке кірген соң вирус РНҚ-сы алдымен ревертаза ферментін синтездейді. Иммунитеттің бұзылуынан адам кез-келген жеңіл жұқпалы аурулардан қайтыс болады.
  • Спид вирусы

  • Сөздікпен жұмысВирус -жасуша иесінің ішінде дамитын ДНҚ немесе РНҚ протеинінен тұратын жасушасыз инфекциялық ағза.Бактериофаг- бактерияның ішінде дамитын вирус.Инфекция – ауру туғызушы микроағзалардың адам мен жануар ағзасына еніп, көбеюі.

ИММУНИТЕТ - ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті.

АҚТҚ- Аса қауіпті қазіргі кездегі вирус

адам қорғаныш тапшылығының қоздырғышы

ЖҚТБ - жұқтырған қорғаныс тапшылығының белгісі


  • Суретпен жұмыс
  • Бұл қандай вирустар?

  • Тест тапсырмалары1. Олар жасушасыз тіршілік құрылымы болып табылады.а) бактериялар ә) вирустар б) саңырауқұлақтар2. ЖИТС (СПИД) ауруының қоздырғышы:а) бактерия ә) вирус б) спора3. Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті:а) бактериофаг ә) иммунитет б) індет4. Тұмау, сары ауру, шешек,қызылша ауруларының қоздырғышы:а) бактерия ә) вирус б) бактериофаг5. Бактерия жасушасына енген вирус:а) бактериофаг ә) спора б) бактерия6. Сыртында нәруызды қабығы бар заттардан және екі түрлі нуклеин қышқылынан құралған:а) бактерия ә) цианобактерия б) вирус7. Вирустың генетикалық материалы қандай химиялық затқа негізделген:а) көмірсуға ә) ақуызға б) нуклеин қышқылына

  • 8. Микроорганизмдерді және актиномицеттерді зақымдап, ерітіп жіберетін вирустар тобы:а) бактериофагтар ә) бактериялар б) энтеро вирустар9. Бактериофагтың көбею стадиясының ұзақтығы:а) 20-30 минут ә) 30-90 минут б) 60-90 минут10. Жасушасыз ағзалардың денесі тұрады:а) ядродан ә) ақуыз қабықшасымен оралған нуклеин қышқылынанб) рибосомадан11. Бактериофаг- бұл:а) бактериялар мен вирустардың симбиозы ә) бактерияны зақымдайтын вирус б) бактерия жасушасының бөлігі12. Вирус туғызатын ауруларды көрсетіңіз:а) іш сүзегі, сал ауруы, қызылша ә) оба, сары ауру, іш сүзегіб) сал ауруы, шешек, тұмау

  • Жауаптары1 ә) 8 а)2 ә) 9 ә)3 ә) 10 ә)4 ә) 11 ә)5 а) 12 б)6 б)7 б)

  • Вирус сөзтізбегін шешу

  • 1. Вирусты ашқан ғалым (Ивановский)2. Бактерия жасушасына енетін вирус.(Бактериофаг)3. Вирустар қандай ағзаларда тіршілік етеді(Тірі)4. Ағзаның ауру қоздырғышын қабылдамайтын қасиеті.(Иммунитет)5. Вирус қандай құрылым?(Жасушасыз)

  • Вирустың зерттелуі

Электронды оқулықтан «Бактериялар, ашылу тарихы, тіршілік әрекеті, маңызы туралы көрсетілім көрсетіледі.


Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы екендігі. Бактериялардың жалпы сипаттамасы. Бактериялық жасушаның өсімдік жасушасынан айырмашылығы. Прокариоттар және эукариоттар туралы түсінік.

Бактериялардың тірі организмдердің ежелгі тобы екендігін, бактериялардың ашылу тарихын, құрылыс ерекшелігін, тіршілік әрекетін білу.

А) Бактериялардың ашылу тарихын біледі.

Ә) Бактерия жасушасын өсімдік жасушасынан ажырата алады, зерттейді, микробиология, бактериология ғылымы туралы біледі.

Б) Бактериялар туралы ойларын жинақтап, қорытындылайды.

Жаңа тақырыпты меңгерту

Интерактивті тақта, слайд, з.ж.№30, білім ленд, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық, микроскоп, т.б

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық. Сабақтың мақсатын айқындау.

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Вирусология ғылымының негізін салушы:

А) Ф.Туорт В) Д.И.Ивановский С )У.Стенли Д) Р.Гук

2. Олар жасушасыз тірлі құрылымдар (анциттер) болып табылады:

А) Бактериялар В) Саңырауқұлақтар С) Вирустар

3. Неше минут нәтижесінде вирус енген жасушада жүздеген вирустар пайда болады? А) 35 мин В) 45 мин С) 30 мин Д) 6 мин

4. Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті:

А) бактериофаг В) Індет (эпидемия) С) Спора Д) Иммунитет

5. Вирус құрылысы:

А) денесі, басы, құйрығы В) ДНҚ мен қабықша С) 2 түрлі нуклеин қышқылы және нәруызды қабықша Д) көбею, таралу ерекшеліктерімен

6. Вирус арқылы таралатын аурулар:

А) шешек, туберкулез В) тұмау, қызылша С) тұмау, сарып Д) пневмония

А) 1899ж. М.В. Бейерник В) 1892ж Д.И.Ивановский

С) 1660ж Р.Гук Д) 1938ж Т.Шван

8. Ағзаның өз тұтастығын және биологиялық даралылығын қорғайтын жасуша?

А) иммунитет В) иммундық С) прокариотты Д) эукариотты

9. Бактерия жасушасына енетін вирус.

А) цианобактерия В) бактериофаг С) тұмау вирусы Д) спора

10. “Вирус” сөзі латыншадан аударғанда:

А) у В ) су С ) таяқша Д) кішкене деген мағынасын береді

Жауаптары.1.В 2.С 3.С 4.Д 5.Д 6.В 7.А 8.А 9.В 10.В

-Ұсақ ағза дегеніміз не? -Бактериялар туралы не білесіздер?












Бактериялар туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.

Жауап беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Электронды оқулықтан «Бактериялар, ашылу тарихы, тіршілік әрекеті, маңызы туралы көрсетілім көрсетіледі.

І. Деңгейлік тапсырмалар:

А) 1.Сөйлемді толықтыр. Кестеден сөйлемді толықтыру үшін қажетті сөйлемдерді алып өз орындарына дұрыс орналастыр

В) 2. Бактериялардың пішіндеріне сәйкес бағанға дұрыс орналастыр

3. Венн диаграммасы. Вирус пен бактерияның ұқсастығы мен айырмашылығы.

Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі

Мақсаты: Оқушыларға тірі табиғат дүниесі туралы мәлімет беру. Ағзалық әлемнің маңызын көрсету. Тірі табиғат дүниесінің топтарға жіктелуін мәлімдеу.

Міндеті: Тірі ағзаның негізгі қасиеттерімен таныстыру. Өсімдіктер мен жануарлардың біртұтас ағза екенін қалай дәлелдегені туралы оқып үйрету

Құрал-жабдықтар: вирустар, саңырауқұлақтар, бытыраңықтар,қыналар, өсімдіктер, жануарлар суреттері. Электрондық көрсетілімдер.

Сабақ типі: жаңа сабақ түсіндіру.

Әдістемелік шешім: оқушылармен сұхбаттасу арқылы дәріс-сабақ жүргізу.

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу
1.Ағзалық әлем деген не?
2. Тірі табиғат дүниесі
3. Вирустар дүниесі
4. Бытыранықтар дүниесі
5. Саңырауқұлақтар дүниесі
6. Қыналар дүниесі
7.Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері.

1.Бүкіл дүние жүзінде тіршілік етіп, өмір сүретін барлық ағзалар жиынтығы – ағзалық әлем деп аталады.
2. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғарғы тобы. Дүние жүзінде ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі.
Тірі табиғат дүниесі

саңырауқұлақтар
вирустар бытыраныктарөсімдіктер жануарлар
3. Вирус – “У” деген сөз. Бұл жасушасыз тірлік құрылымындағы затия
4. Бұлар микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады.
5. 1-ші қасиеті өсімдіктерге ұқсас. Олар қозғалмайды, жасушасы тығыз қабықшамен қапталған. 2-ші қасиеті – жанурларға тән. Жасушасында пластидтер болмағандықтан, ағзалық зат түзбейді, дайынағзалық заттармен қоректенеді.
6. Қыналар – сирек кездесетін, құрам бөлігінде көк-жасыл балдырлар мен саңырауқұлақ үйлескен ағза.
7. Негізгі ерекшеліктері- тыныс алады, қоректенеді, зәр шығарады, қозғалады, көбейеді, өседі, дамиды, тіршілігін жояды.
Әсер етуші факторлар
1.Климат
2. Экология
3. Адам

ІІІ. Бекіту: кесте толтыру

Ағзалықәлем дүниелері
Өкілдері
Дүниеге бөліну себебі
1
2
3
4
5


ІV. Қорытынды: Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылықтарына мысал келтіру.

VІ. Үй тапсырмасы: 1-параграф сұрақтарына жауап беру, оқу.

Тақырыбы: Жасушасыз тіршілік құрылымы

Мақсаты: Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайтыны туралы мәлімет беруМіндеті: Вирустар туралы толық ақпарат беру

Дамытушылығы: Вирустар ауру туғызытыны, олардан сақтану шараларын оқып үйрену

Білімділігі: ИТИС ауруының вирусы туралы оқыту, иммунитет – ағзаның қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті екенін дәлелдеу

Тәрбиелілігі: Вирустардан сақтану шараларын білу, өз гигиенасын сақтау

Құрал-жабдықтар:флипчарт, вирустардың суреттері, ауру туғызатын вирустарсуреттері, электронды көрсетілімдер

Сабақ типі: аралас сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ағзалық әлем деген не?
2. Тірі табиғат дүниесі туралы не білесін?


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу
1.Вирустарға жалпы сипаттама
2. Ауру туғызытын вирустар
3. Иммунитет
Вирус- жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті затия. Ол екі түрлі неклеин қышқылынан жәнесыртында нәруызды қабығы бар заттардан құралады. Мөлшері 0,0000002 см.
Бактерия жасушасына енетін вирус – фаг немесе бактериофаг.

Вирус ағзаның жасушасына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тұмау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ИТИС.

Иммунитет- ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті.
Әсер етуші факторлар

ІV. Бекіту: Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустардүниесін құрайды. Олар бактериядан да кішкене, жай көзге көріндейді.

V. Қорытынды: Вирус – жасуша ішінде тіршілік етеін паразит. Олар ауру туғызады.

VІ. Үй тапсырмасы: 2 параграфты оқу, ИТИС жөнінде баяндама дайындау

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.

Copyright © Иммунитет и инфекции