Туберкулез туралы т?рбие са?аты 5-6 сыныптар

Қазалы ауданы, Абай аулы №90 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Айсұлу Рахманберген

Тәрбие сағаты. 2 сынып
Тақырыбы: Туберкулез - жұқпалы ауру.
Мақсаты: Өзін - өзі күте білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: пікірлесу.
Әдісі: Пікірлесу, салыстыру, өз бетінше жұмыс.

Барысы:
Ой қозғау:
1. Сөзжұмбақ шешу.
Сөздердің бірінші әріптерін ғана алып, сөз құрастыр.
Тасбақа, уран, балық, ертек, ракета, көл, ура, лақ, есік, зебра.
ТУБЕРКУЛЕЗ
2. ТУБЕРКУЛЕЗ - дегеніміз не?(оқушы пікірлерін тыңдау)

Мағынаны тану:
Мұғалімнің суреттер арқылы түсіндіруі.
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р. Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0, 2 – 0, 6 мкм.

Жұқпалы ауру
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі – науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен Туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда – Туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге Туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар Туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық - гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай - ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе 3 жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай - ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата - ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

Туберкулез түрлері
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды

Ауруды анықтау түрі
Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.

Емі
Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т. б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда Туберкулезге қарсы жұмысты Туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орт - нда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика Туберкулезге қарсы қажетті дәрі - дәрмекпен, емдеу орындары төсек - орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін әлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылы
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы - мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8, 4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулез жағдайларының біршама жағдайларын емдеп - жазуға болатындығын дəлелдеді. Сырқаттың анықталуы жəне оны емдеу шаралары дұрыс та, тиімді тағайындалған болса, туберкулез науқастары толығымен жазылуы тиіс.

1.Туберкулез дегеніміз не?
Ойын
Сурет
ауру

2. Туберкулез қандай ауру?
Жұқпайтын
жұқпалы
пайдалы.

3. Туберкулез түрлері қандай?
Ашық - жабық
кең - тар
Аз - көп
4. Туберкулезбен қай мүше ауырады,
Жүрек
өкпе
бас

5. Туберкулез емделе ме?
Жоқ
емделеді
жазылмайды

Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты және бұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. XX ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Микроскоп астындағы туберкулез микробы қатты ұлғайған кезде кішкентай таяқша тәріздес болып көрінеді, сондықтан туберкулез таяқшасы деп аталды.

Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

Туберкулез қалайша тарайды?

Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін.

Туберкулез ауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар малдар да шалдығады: сиыр, ешкі, бұғы, түйелер. Ауру жануардың сүті, немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.

Науқас өмір сүретін жерде санитариялық жағдайлар мен сақтық шараларын сақтау өте маңызды.

Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналадағыларға қауіпсіз. Өкпе туберкулезі тұқым қуаламайды. Туберкулез ауруымен ауыратын ата-аналардың балалары сау болып туады. Алайда, барлық сақтық шараларын сақтамаған жағдайда бала туберкулезді жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін.

Туберкулез микобактериялары адам ағзасына түскен кезде ауру жұқтырылады, бірақ туберкулез ауруының дамуы әр жағдайда болмайды. Өкпе туберкулезінің ауруы иммунитет төмендеген, жеткіліксіз тамақтану, қанағаттанарлықсыз санитариялық-гигиеналық жағдайларда орын алады. Негізінен иммунитеті нашар жас балалар, жыныстық жетілу кезеңіндегі жасөспірімдер және иммунитеті төмен қарт адамдар ауырады.

Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар

1. Толыққанды тамақтанудың болмауы.

2. Туберкулезбен ауыратындармен тығыз, ұзақ қарым-қатынас жасау (кішкентай балаларға қысқа мерзімді қарым-қатынастың өзі жеткілікті).

6. Ілеспе аурулардың болуы (диабет, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары).

1. Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел

2. Шаршау және әлсіздік

3. Дене салмағының төмендеуі

4. Температураның ұзақ көтерілуі

5. Түнде тершеңдік

6. Кеуде қуысындағы ауырсыну

Туберкулезді қалай анықтауға болады?

1. Тері туберкулин сынамасы (Манту) адамның жұқтырғанын көрсетеді.

2. Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымданғанын көрсетеді.

3. Қақырықты зерттеу жөтел кезінде бөлінетін микробтардың бар-жоғын анықтайды.

Туберкулездің алдын алу шаралары

1. Салауатты өмір салты. Бұл мақсатқа жету үшін ең жақсы жолы - күн тәртібін құру және ағзаны шынықтыру.

2. Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі, толыққанды, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы, яғни дұрыс гигиеналық тәртіп адам ағзасының нығаюына ықпал етеді және оны туберкулез ауруынан қорғайды.

3. Жыл мезгіліне қарамастан, таза ауада мүмкіндігінше көбірек болу қажет, өйткені таза ауа ағзаға жақсы әсер етеді және шынығудың тамаша жолы болып табылады.

4. Жеке гигиена ережелерін сақтау: жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып, қолды, ыдыстарды жуу, тұрғын үй-жайларды ылғалды жинау және желдету, ет пен сүтті міндетті термалық өңдеу, жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану, су процедуралары — сүртіну, құю, душ.

5. Жөтел этикетін сақтау

6. Гигиеналық тәртіптің маңызды бөлімі дұрыс тамақтану болып табылады. Адам тәбетінің жоғарылауына ықпал ететін және ағзамен жақсы сіңіретін түрлі тағамдарды жеу керек. Тағам құрамына ақуыздар, майлар мен көмірсулардан басқа, міндетті түрде витаминдер мен минералды тұздар кіруі тиіс. Ақуыздар ет, сүт, сүзбе, жұмыртқада болады; көмірсулар - қант, нан, картоп, жармада. Витаминдер мен минералды тұздар негізінен жаңа піскен көкөністер мен жемістерде болады.

7. Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде вакцинациялау және 6-7 жаста қайтавакцинациялау.

8. Туберкулезді дер кезінде диагностикалау.

Туберкулез ауруы жайлы

Туберкулез – ауа арқылы сөйлесу, түшкіру, жөтелу кезінде таралатын инфекциялы ауру. Инфекцияны таратушы негізгі көз – туберкулез таяқшасын бөліп шығаратын ауру адам.

Егер жанұяда туберкулезбен ауыратын адам пайда болса, онда оны 2-3 айға стационарға жатқызып, ал жанұя мүшелерін және жақындарын туберкулезге тексерген жөн.

Ауру адам стационардағы емделу курсы аяқталған соң, амбулаторлы емделуге шығарылады.

Бұл уақытта ауруға жеке бөлме берген жөн.

Бөлмеде күніне 2 рет хлорамин, хлорлы әк сияқты дезинфекциялау құралдары қосылған ерітіндімен ылғалды жинау жұмыстарын жүргізу қажет. Бөлменің ауасын күніне 3-5 тазартып отыру керек.

Ауру адамға жеке бет орамал, қол орамал, төсек-орын тысын және т.б. бөліп беру керек. Және бұларды жеке жуу керек, жуғаннан бұрын 5% хлорамин ерітіндісіне (1литр суға 50 грамм немесе 5 үлкен қасық хлорамин) немесе 30 мин. қайнату керек.

Жастықтарды, көрпені, жүн киімдерді ауаға тазартып не болмаса күннің көзіне іліп қойып отыру керек. Ауру адамға сондай-ақ жеке ыдыс бөлінуі қажет, ыдысты қолданыстан кейін 30 минут бойы 2% содалық ерітіндіде (1литр суға 20 грамм ұнтақ немесе 2 үлкен қасық) қайнатады немесе 4 сағатқа 5% хлорамин ерітіндісіне салып қояды.

Ауруды қақырығын еденге, жерге, қол жуғышқа, қол орамалына тастамауы үшін қалта түкіргішімен қамтамасыз ету қажет.

Қақырықтың бойындағы жұқпалылық қасиетін жою үшін 3-5% хлорамин ерітіндісін (ерітіндіде 6 сағат ұстауы керек) немесе 10-12% хлорлы әк ерітіндісін (1 литр суға құрғақ хлорлы әк стақанының екі 1/3 бөлігін қосып, ерітіндіде 2,5 сағат ұстаған жөн) қолдану керек.

Ауру адам дәрігер жазып берген дәрілерді уақытылы ішіп тұруы керек, жанұя мүшелері бұны бақылауда ұстағандары жөн. Аурудың күніне 4-5 рет сүтті, етті тағамдармен немесе жеміс-жидектермен ауқаттанғаны жөн.

Алкоголь мен шылым шегуге болмайды.

Ауру адамға кішкентай балалармен сөйлесуге, оларды сүюге тыйым салынады.

Осы ережелерді сақтасаңыздар, сіздің жанұяңыздың мүшелері туберкулезден аман қалады.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығы

Туберкулездің алдын алу.

Туберкулездің негізгі жұғатын көзі туберкулез микробтарын тарататын науқас адам. Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде, ән айтқанда түкірікпен, қақырықпен әлденеше миллиард туберкулез микробтарын бөліп шығарады және олар 1,5 метрден 5 метрге дейін шашырайды, ең қауптісі ол ауада таралып, бір сағаттан көп уақыт сақталады. Науқас адамның жерге немесе еденге түкірген қақырығы бірте-бірте кебеді де, ақырында шаңға араласады, шаң ауаға көтеріледі, дем алған кезде сау адамның өкпесіне енеді. Одан басқа аурудың ыдыс-аяғы, киім-кешегінен, кір қолынан және сүйіскен кезде жұғады. Сол сияқты туберкулезбен ауыратын үй жануарлары да: сиыр, түйе, доңыз туберкулез ауруын таратады. Туберкулезбен ауыратын малдың сүтін шикілей ішкенде немесе тауықтың жұмыртқасын пісірмей жегенде жұғады.

Туберкулез қандай ауру?

Туберкулез- жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реакциясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық байқаудан өткенде табылады.

Туберкулездің белгілері:

-әлсіздік, тез шаршау;

-асқа зауқы соқпау, жүдеу;

-3 аптадан аса жөтеліп жүру;

-түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу;

-дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі;

-түстен кейінгі мезгілде бейжай болуы.

Осындай белгілер білінсе міндетті түрде терапевт-дәрігерге көрініп қақырықты үш күн қатарынан үш рет “Кох таяқшасына” тексеру керек. Қазіргі жағдайда туберкулезбен ауырған жанды емдеп жазуға болады.

Туберкулезбен қай жастағы адамдар ауырады?

Ұлтына, дәрежесіне байланысты ма?

Біздің халықта егде тартқан адамдарда туберкулез болмайды деген ұғым бар. Бұл ұғым дұрыс емес. Туберкулез жас талғамайды және әр жастағы адам ауырады, адам ағзасының әр түрлі органдарын зақымдайды. Ұлтына, нәсіліне, дәрежесіне қарамайды. Туберкулез-аса қауіпті дерт. Анықталған аурулар емделмесе бір жылда 50 пайызға жуығы өлімге душар болады.

Туберкулез науқасымен кімдер тез ауырады немесе бейім тұрады?

А) байлығына немесе кедейлігіне қарамай санитарлық-ағарту мәдениеті төмен

адамдар ауруға бейім тұрады;

б) уақытында тамақтанбайтындар, өз денсаулығына мән бермейтіндер;

в) маскүнемдер, нашақорлар, жүйкесі тозғандар, есі ауысқандар, үй-жайы жоқ кезбелер;

г)гармон дәрілерін көп қабылдайтындар;

д)тұмаумен жиі ауыратындар, қант диабеті, өкпе-тыныс жолдары сырқатының соылмалы түрі мен асқазан-ішек жараларымен ауыратындар;

е)туберкулез науқасымен қарым-қатынас жасайтын барлық жанұя мүшелері, жұмыс қызметтестері;

ж) жас балалар, жүкті әйелдер, кәрі кісілер туберкулезге бейім тұрады.

Туберкулезден қалай сақтануға болады?

А) адам ағзасының қорғаныс жүйесін күшейту үшін туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасын егу, бұл вакцина тек қана дәрігердің шешімімен егіледі. БЦЖ вакцинасын бірінші рет перзентханада, кейін бала бірінші сыныпқа (6-7 жас) және бала бесінші сыныпқа (11-12жас) барғанда БЦЖ егіледі.

Б) салауаты өмір салтын ұстану

В) тазалық сақтау

Г) дұрыс тамақтанып, зиянды әдеттен бас тарту керек

Д) дене шынықтыру, жаттығулар жасау

2017 жылдың 13 - 21 наурыз аралығында

туберкулезбен дүниежүзілік күрес күніне байланысты

және туберкулездің алдын алу мақсатында өткізілген іс-шаралар жайлы

Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені бойынша 13 наурыз күні мектепішілік лездемеде туберкулез ауруымен дүниежүзілік күрес күніне арналған жоспар негізінде мектеп дәрігері С.О.Мұхамеджанова 2-11 сынып оқушыларына аурудан сақтану жолдары жайлы ақпарат берді.

Айлық барысында ата-аналарға туберкулезден сақтану, ауруды анықтау жолдары жайлы жадынамалар таратылды.

(2-4 сынып оқушыларына арналған)

Туберкулез – инфекциялы ауру. Аурудың негізгі көзі – туберкулезбен ауырушы адам.

Аурудың белгілері: 3 аптадан аса уақытты қамтитын жөтел, тәбеттің жоғалуы, жүдеу, түнгілікте терлеу, көкірек қуысының ауыруы, шаршағыштық болып табылады.

Аурудың негізгі көзі – туберкулездің ашық формасымен ауыратын адам. Ауру адамның қақырығы арқылы таяқша бөлінеді. Егер ауру адам қақырығын еденге не болмаса жерге тастайтын болса, ол шаңмен араласып кетеді. Осы шаңмен тыныстаушы сау адам ауруды өзіне жұқтырып алуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ инфекцияның көздері ауру жануарларда болуы мүмкін. Мысалы, сиыр туберкулезбен ауырған жағдайда бала ауруды қайнату мен стерилдеуден, яғни қажетті өңдеуден өтпеген сүт немесе сүт тағамдарынан жұқтыруы мүмкін.

Үйдің гигиеналық шарттары төмен болған жағдайда, туберкулез шыбындар арқылы ластанған ас тағамдарынан да жұғады. Шыбындар ластаған ас тек ішек-қарын жолына қауіпті инфекциялы аурулардың ғана емес, сонымен бірге туберкулездің де қоздырғышы болып табылады.

Туберкулезден сақтану ережелерін бұзуға болмайды. Яғни, дұрыс тамақтанып, жеке бас гигиенасын сақтап, дене шынықтыру және спортпен айналысып, таза ауада серуендеп, уақытылы екпелерді алып тұру керек. Бұл инфекцияға тек дені сау ағза ғана төтеп бере алады.

Сұрақ сауалнама (туберкулезден сақтану ережелеріне байланысты)

Құрметті балалар! Сіздерді келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз:

1. Туберкулез жұқпалы ма? Иә Жоқ

2. Туберкулез қандай жолдармен беріледі?

а) сүт және сүт тағамдары арқылы; Иә Жоқ

ә) тұрмыстық құралдар арқылы; Иә Жоқ

б) ауру жануарларға күтім көрсеткен жағдайда (шошқалар, мысықтар, иттермен байланыс) Иә Жоқ

3. Туберкулездің қандай белгілерін білесіздер?

а) әлсіздік; Иә Жоқ

ә) ашушаңдық; Иә Жоқ

б) дене температурасының жоғарылуы; Иә Жоқ

г) тершеңдік; Иә Жоқ

4. Флюрографиялық, рентгенологиялық тексеруді қандай мақсатта өткізген жөн?

а) ауруды табу; Иә Жоқ

ә) диагнозды анықтау; Иә Жоқ

б) емделу үшін; Иә Жоқ

в) аурудың ағымын байқау үшін; Иә Жоқ

г) сақтану; Иә Жоқ

д) ғылыми тексеру. Иә Жоқ

5. Туберкулезден қалай сақтануға болады?

а) жеке бас гигиенасы; Иә Жоқ

б) шынығу; Иә Жоқ

г) алкоголь мен шылым шегуді қолдану. Иә Жоқ

6. Туберкулез емделеді ме? Иә Жоқ

7. Туберкулез туралы біліміңіздің қайнар көзі?

а) дәрігердің дәрістері мен кеңестері; Иә Жоқ

ә) газет, журналдар; Иә Жоқ

б) телевидение; Иә Жоқ

в) радио, кино; Иә Жоқ

г) таныстарым мен жақындарым. Иә Жоқ

(2-4 сынып оқушыларына арналған)

Туберкулез – инфекциялы ауру. Аурудың негізгі көзі – туберкулезбен ауырушы адам.

Аурудың белгілері: 3 аптадан аса уақытты қамтитын жөтел, тәбеттің жоғалуы, жүдеу, түнгілікте терлеу, көкірек қуысының ауыруы, шаршағыштық болып табылады.

Туберкулезден сақтану ережелерін бұзуға болмайды. Яғни, дұрыс тамақтанып, жеке бас гигиенасын сақтап, дене шынықтыру және спортпен айналысып, таза ауада серуендеп, уақытылы екпелерді алып тұру керек. Бұл инфекцияға тек дені сау ағза ғана төтеп бере алады.

(5-8 сынып оқушыларына арналған)

Туберкулез – жұқпалы ауру. Ол туберкулезбен ауырушы адаммен сөйлесу және оның жөтелуі, түшкіруі кезінде ауа арқылы таралады.

Аурудың негізгі белгілері: 3 аптадан көа уақытты қамтитын жөтел, тәбеттің жоғалуы, жүдеу, түнгілікте терлеу, көкірек қуысының ауыруы, шаршағыштық, әлсіздік.

Туберкулезбен ауырудың алдын-алуда сүтті және етті тағамдармен, жеміс-жидектермен көп көлемде ауқаттану негізгі рөлді ойнайды.

(9-11 сынып оқушыларына арналған)

Туберкулез – Кох таяқшасының әсерінен пайда болатын, өкпені және ағзаның басқа да мүшелерін зақымдайтын инфекциялы ауру.

Аурудың негізгі көзі – туберкулездің ашық формасымен ауыратын адам. Ауру адамның қақырығы арқылы таяқша бөлінеді. Егер ауру адам қақырығын еденге не болмаса жерге тастайтын болса, ол шаңмен араласып кетеді. Осы шаңмен тыныстаушы сау адам ауруды өзіне жұқтырып алуы әбден мүмкін.

Туберкулез бактериялары сау адамның ағзасына аурумен сөйлесу кезінде, түшкіргендегі, жөтелгендегі шашыранды кішкентай тамшылармен, шырыш немесе сілекей арқылы жұғуы мүмкін.

Сондай-ақ инфекцияның көздері ауру жануарларда болуы мүмкін. Мысалы, сиыр туберкулезбен ауырған жағдайда бала ауруды қайнату мен стерилдеуден, яғни қажетті өңдеуден өтпеген сүт немесе сүт тағамдарынан жұқтыруы мүмкін.

Үйдің гигиеналық шарттары төмен болған жағдайда, туберкулез шыбындар арқылы ластанған ас тағамдарынан да жұғады. Шыбындар ластаған ас тек ішек-қарын жолына қауіпті инфекциялы аурулардың ғана емес, сонымен бірге туберкулездің де қоздырғышы болып табылады.

Көптеген адамдар өмір сүру кезеңінде туберкулез бактерияларын жұқтыруы мүмкін, алайда ауру адамдардың аздаған бөлігінде ғана дамиды. Демек, бұл процесс туберкулез инфекциясының жұқпалылығына қарамастан, адам ағзасының ауруға қарсы тұра алатын күшті иеленуіне тікелей байланысты болып келетінін көрсетеді.

Балалар туберкулезінің алдын-алуда орынды тамақтану, дұрыс құрылған күн тәртібі, спортпен және дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу, күн бұлау және жеңіл ваннаны қабылдау зор рөл атқарады. Бұл әрекеттер ағзаның табиғи төзімділігін нығайтады.

Аурудың негізгі белгілері: 3 аптадан көа уақытты қамтитын жөтел, аранның жоғалуы, жүдеу, түңгілікте терлеу, көкірек қуысының ауырулары, шаршағыштық, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі.

Бір немесе бірнеше аурудың белгілерін байқаған адам бірден туберкулезден раылу мақсатында дәрігерге қаралғаны жөн. Ауру туралы уақытылы білу тезірек сауығуға жол ашады.

Республикамызда туберкулезбен ауыратын адамдарға көрсетілетін қызмет, яғни қаралу, емделу тегін жүзеге асады.


Тақырыбы:АИТВ /ЖИТС және қоғам

Мақсаты:Адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі АИТВ/ЖИТС дертін алдын-алу,оның жолдарын одансақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға,адамгершілікке,инабаттылыққа,ел жындылыққа тәрбиелеу.

Тақырыбы:АИТВ /ЖИТС және қоғам

Мақсаты:Адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі АИТВ/ЖИТС дертін алдын-алу,оның жолдарын одансақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға,адамгершілікке,инабаттылыққа,ел жындылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:интерактивті тақта,газет-журнал деректері,пікір талас,мақал-мәтелдер.

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған ЖИТС (жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. Сондықтан осы ауру туралы 10 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.

ЖИТС вирусының қай жылы кім ашқаны туралы. ЖИТС қоздырғышы немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтаньетапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галловирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.



СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді? Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайды Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде ЖИТС-ті тарата береді.

ЖИТС құрбаны (монолог).

- Уа, жаратылыс!Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!

Өзімнен өзім сыр таптым,

Өле алмай жүрген сырқатпын.

Шіріген картоп сияқты,

Бұрышында қалған бір қаптың.

Өзімнен өзім тістенем,

Шарабым да тұр ішпеген.

Ұйықтайын десем қорқамын,

Көрмейтін сұмдық түс көрем.

Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан!

Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды?

Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.

Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,

Құрбанымын ЖИТС деген кеселдің.

Ақтамай-ақ кетіп барам арманың,

Кім кінәлі,аялаған анам ба?

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Тек қана өзім кінәлімін сол үшін

Улы дерттің құрбаны мен болам да.

Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,

Ауырсаңдар бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің,

Жат әдет пен темекіге,есірткіге жоламаңдар сол үшін!

Ал енді қарсы топқа сұрақ қойып жауап алсақ.


1-сұрақ. ЖИТС-наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?

Ішімдікке әуестік,токсикомандық, шылым шегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп,өмір жасыңды қысқартады.Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ.Байлық та, бақыт та сол емес пе?

2-сұрақ. ВИЧ, қазақша АИТВ-адамдары иммунитет тапшылығы вирусы,ол туралы не білесіңдер?

Жұқтырғандар және ЖИТС –пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде.Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға жеткен. Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті.Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38. СПИД ауруын тудыратын вирус-ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы,емізгенде жұғады.Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін. Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр.Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның ЖИТС-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.

3-сұрақ. АИТВ-инфекциясының эпидемиологиясы және профилактикасы, әлеуметтік маңызы, жұғу механизмі, берілу жолы?

01.11.2000ж АИТВ-зақымдалған адамдар 1257 тіркелген.АИТВ-инфекцияның ағымына наркомания қолайсыз әсер етеді. Наркомандарда ауру тез қарқынмен өтеді және олардың өмір сүру ұзақтығы 2-3 жылдан 5-6 жылға дейін. Егер науқас наркотикті қабылдамай, салауатты өмір сүру салтын ұстаса, онда өмір сүру ұзақтығы 6-10 жылға созылады.Қазіргі жағдайда АИТВ-инфекциясы тез дамуда. Егер 1997-98 жылы біріншілік жағдайда 90% дейін АИТВ инфекцирленген болса, 2000 жылы 1-ші шілдеде олардың саны 52%-ке дейін азайған, ал екіншілік жағдайдағы науқас 10%-48%.

АИТВ 3 жол арқылы беріледі: гетеро және гемосексуальды қатынаста болғанда; қан арқылы парентеральді; вертикальды, яғни анасынан баласына құрсақ арқылы, босану арқылы, омыраумен тамақтандырғанда беріледі. Берілу жолы әлеуметтік, мәдени, өмір сүру барысына байланысты.


Біздің топтыда АИТВ/ЖИТС ауруларының тарихы қызықтырады.

Сұрақ. Жалпы АИТВ мен ЖИТСты ғалымдар зерттеген бе?Қай жылдан бастап індет тарихта пайда болған?

В. М. Жданов — ресей вирусологы,АИТВ індетінің Африкада пайда болуы тұжырымын қолдайды, бірақ ауру ерте заманда болғандығын алға тартады. Аурудың алғашқы белгілерінің білінуі жұмыс саудасы кездерінде байқала бастаған. Көптеген ғалымдар АИТВ вирусының пайда болуы туралы мәселелері әлі өз шешімін тапқан жоқ деп есептейді. Осы сұрақтарбойынша бірнеше нұсқаулар бар.

2-сұрақ. Жануарлар вирусты таратудың басты көзі болып табылады.Вирус жануардан жұғуы мүмкін бе?

Тіпті кейбір ғалымдар, ЖИТС вирусын — жануарлардағы лентивирустар мен онковирустардың генетикалық гибридизациялануының нәтижесі деп атап көрсетті. Ғалымдардың бір бөлігі, бұл вирус адамдарға африкалық жасыл маймылдардан, қатынаста, тамақ арқылы жұққандығын қолдауда. Маймыл етін бөлшектеу кезінде аңшы қолын жаралып алып, содан вирус жұғуы мүмкін. Содан соң ол жыныстық қатынаста болған адамдарға жұғып, солай адам қоғамында індет жайылған деген болжамдар айтылуда.

Бірақ жапон ғалымдары зерттеушілердің бұл ойларымен келіспей отыр. Олар адам ағзасында пайда болған вирус пен маймылдағы вирус — екеуі екі түрлі топқа жататын вирус екендігін мәлімдейді.

3-сұрақ. Қазақстан Республикасында СПИДпен ВИЧке жолдаулар бар ма?

Сынып оқушылыры да сұрақ қоя алады.ЖИТС ауруларының белгілері қандай?

Вирус адамға жұққаннан кейін ЖИТС ауруының жасырын кезеңі басталады. Ол кезең бірнеше айдан 6-7 жылға созылуы мүмкін. Осы кезеңнің ішінде вирус жұққан уақыттан бірнеше апта өткеннен кейін аурудың кейбір белгілері білінуі мүмкін. Мысалы; адам ұзақ уақыт бойы себепсіз делсал болады, оқтын-оқтын дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, іші өтеді. Егер желкедегі, қолтықтағы, бұғана үстінде бездер үлкейсе – ол аурудың өте бір күдікті белгілері болып табылады.

Жасырын кезеңнің аяғында вирустың көбейіп иммунитет қабілетіне зақымын келтіруіне байланысты адам түрлі-түрлі ауруға шалдыға бастайды. Мысалы, өкпе қабыну, туберкулез, ісік ауруларының да біраз түрлері көріне бастайды. ЖИТС вирусы орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, есалаңдыққа шалдықтырады.

АИТВ қалай жұғады:

- АИТВ жұқтырған адамның қанын құйғанда немесе мүшесін ауыстырып салғанда.

- Медициналық мекемелер дестерилденбеген құрал-жабдықтарды пайдаланғанда.

- Қан тамырына есірткі енгізу үшін ине мен шприцтерді бірлесіп пайдаланғанда.

- Құлақ тесу үшін, пирсинг және татуировка үшін стерилденбеген құрал-жабдықтарды пайдаланғанда.

- АИТВ бар анадан баласына жүкті болғанда, босанғанда және емізгенде.

Ал енді қай кездерде жұқпайды?

АИТВ қалай жұқпайды:

- гигеналық заттар, денеге жағатын немесе киімге себетін иіс-майлар арқылы;

- бассейнге, ваннаға, моншаға барғанда;

- су және ауа арқылы;

- жәндіктер шаққанда және жануарлармен жанасқанда;

- ойыншықтар, спорттық құрал-жабдықтар арқылы;

Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде

Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде

су, ойыншық арқылы.


ЖИТС және АИТВ туралы видеоны тамашалаңыз.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1988 жылдан 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілер діңқайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы күн.

Жүре пайда болған иммундық дефицитінің синдромы

ЖИТС(ағылш.АІ С)-аса қатерлі вирустық дерт.Қоздырушы-адамның иммундық дефицит вирусы.Вирус имундық жүйенің жасушаларының жұмысын бұзып,жойып,нәтижесінде жүре пайда болған иммундық дефицитінің синдромы пайда болып,адам организмінің қорғаныс механизмдеріның жұмысы бұзылып,инфекция мен қатерлі ісіктерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамитын оппортунисттік аупулар пайда болады

ЖИТС-тың жұғуы жұғу көздері және жұғу жолдары

ДДҰ мәлімет бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40-50 миллионға жетуі мүмкін.ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ,Германия,Ұлыбритания,Италия,Жапония,Африка және Шығыс Еуропа.Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиі ауырады.Осыдан 3-4 жыл бұрын АИВ-жұқтырғандардың 70-75 пайыз еркектер болса,бүгінде есірткі қолданушылардың саны күрт көбейіп олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайданаланатын болғандықтан,бұл науқасқа шадыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті.

Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру

•Ауру ашаған анықтап,дәрігерлік бақылауға алып,вирустың әрмен қарай тарауына,яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу.

Қазақстан Республикасында 5-жылдын ішінде 1987-1991 4миллион 870мың адам арнайы тексеруден өтті.Қазақстан Республикасында ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар.

АИТВ-инфекциясы –адам имунды тапшылық вирусымен шақырылатын организмді имунды клеткаларын зақымдап,имунды тапшылыққа ұшыратып,нәтижесінде көптеген оппортунистикалық инфекциялармен қатері ісіктермен фотольды түрінде өтетін антропонозды ауру.АИТВ адам ағзасына түсе отырып иммундық жүйенің жазушаларын зақымдайды,нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИСТ-жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастады.



АИТВ-ның тарихи мәліметтер

Сырқат ең алғаш 1981жылдан бері тарауда.

Қоздырғыш 1983жылы анықтаған ғалымдар Л.Монтанье,Р.Галло

Қазіргі күнде АИТВ инфекциясы глобальды түрінде тарауда.

Инфекцияланған адамдардың саны 50миллионға жуық.

Ай сайын 60мың адам жанадан инфекцияланады.


1.Ішпеген ,шылым шекпеген

Жасайды жылдар көптеген.

2.Ұзартқың келсе ғұмырды,

Таста арақ пен шылымды.

3.Темекінің кермегі-еріккеннің ермегі.

4.Шарап-арақ ішіне көшеді,

Ақыл шөлмек ішіне түседі.

5. Жабылады шарабыңды ішерде,

Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.

6. Жасында темекісін будақтатқан,

Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.

7. Адам арақты ішеді.

Арақ ақылды ішеді.

8. О басында өзін сақтан, сақ боп жүр

Одан кейін өзгелерді сақтаңдар.


Салауатты өмір салты дегеніміз- тек қана зиянды әдеттерден бас тарту ғана емес, бұл өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезіну, жанұяда бақытты тұрмыс құру, бос уақытты мағыналы өткізу, адамның жан дүниесін рухани байыта түсу мен дене тәрбиесімен айналысуы, осының бәрі қоғамдық мүддесімен ұштасатынын,сонымен тоғысатынын түсіну, яғни Қазақстан азаматы деген атқа қай жағынан болса да лайықты болу.

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.

Copyright © Иммунитет и инфекции