Туляремия ауруы туралы м?лімет

(оба тәрізді ауру)

Анықтамасы.Туляремия – Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру.

Тақырыптың өзектілігі.Туляремия – убиквитарлы инфекция. Аурудың ощақтары Америкада (барлық штаттарында), Еуропада, Азияда кездеседі. Ресей мен Қазақстанда арудың ошақтары диффузды орналасып үлкен территорияларда кездеседі. Қазақстан республикасында сырқаттанушылдық 0,06-0,95 аралығында ресми түрде тіркеледі. 2002 ж аурудың 17 жағдайы (Шығыс-Қазақстан облысында – 13), 2003 ж. – 15 (Шығыс-Қазақстан облысында – 7, Солтүстік Қазақстан облысында – 4, Ақтөбе облысында -3), 2004 ж. -7 (Шығыс-Қазақстан облысында – 5, Алматы облысында -2, 2005 ж. – 9 (Шығыс-Қазақстан облысында – 8, Ақмола облысында -1) ресми түрде тіркелген.

Туляремияның қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдану мүмкін. Аэрозоль түрінде қолданғанда қоздырғыштың 10-50 микробы жетеді.

Тарихи мәліметтер.Аурудың атауы табылған жеріне байланысты(Туляре аралы,Калифорния, АҚШ). 1910 ж. Ч. Мак-Кой обаның табиғи ошағын зерттеп жүргенде суырдан оба тәрізді ауруын анықтаған, ал 1911 ж. Ш.Чепин екеуі ауру суырдан қоздырғышты бөліп алған. Содан Bacterium tularense деп атаған.

Сосын адамдардыңда бұл аурумен ауратыны анықталды.

Қоздырғыштың 2 түрі бар: А-түрі және В-түрі. А-түрінің вируленттік қасиеті жоғары, ауру Солтүстік Америкада кездеседі, қояндар аурады, олардан аңшыларға жұғады. В-типі Еуропада, Азияда таралған, вирулентілігі төмен, кеміргіштер ауырады. 1966 ж. М.А.Айкимбаев қоздырғыштың үшінші ортаазиялық түрін анықтаған. Қазақстанда қоздырғыштың 2 түрі кездеседі: В-түрі және ортаазиялық түрі.

Қарапайым қоректік орталарда өспейді. Цистенал немесе табиғи субстраттар: жұмыртқа сарысы, бауыр, талақ, ми қосу керек. Өсу үшін оптималді температура – 35-37°С, рН 7,0-7,2.

Қоздырғыш сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Өзен суында 4° температурада – 1 ай, 0° - 9 ай; топырақта – 2,5-4 ай; бидай, шөпте - О° төмен температурада – 6 ай, 20-30° - 20 күн, ауру және өлген жануарлардың терісінде 8-12° температурада – 1 айдан жоғары.

Жоғары температураға және дезинфекциялаушы ертінділерге (фенол, сулема, формалин, этил спирты) төзімсіз.

Туляремиядан өлген малды 1 тәулелік бойы дезинфекциялаушы ертіндеде ұстап, сосын өртеп жіберу керек.

Туляремия қоздырғышы рифампицинге, стрептомицинге левомицетинге, тетрациклинге, ципрофлоксацинге сезімтал.

Эпидемиологиясы.1. Аурудың көзі. Туляремия – облигатты зооноз, табиғи ошақтық ауру. Аурудың көзі және резервуары – жануарлар. Табиғатта аурудың резервуары: кеміргіштер, егеуқұйрықтар, қояндар, ондатра. Олардан синантропты кеміргіштер залаладанады. Туляремия қоздырғышы 90 жабайы омыртқалы жануарларда, үй жануарларында (қой, ит, жылқы) кездеседі. Олар туляремияға өте сезімтал. Ресейде – аурудың негізгі көзі су тышқандары, үй тышқандары, қояндар, иттер, ондатра. Ауру тасымалдаушылары – иксод кенелері және қансорғыш қанаттылар: маса, шожала. Кенелердің организмінде қоздырғыш өмір бойы сақталады, қан сорғыштардын организмінде – 2 апта бойы, ал инфицирленген жануарлардың қанында олар өлгенше дейін сақталады. Жануарлар арасында ауру кенелер арқылы тарайды. Кеміргіштер арасында инфекция алиментарлы жолмен тарайды. Адам аурудың көзі болып табылмайды.

Табиғи ошақтардың 7 түрін ажыратады: батпақтық, қоғалдық, ормандық, далалық, таулы-шатқалды, тоғайлық, тундралық. Қазақстанда ошақтардың 4 түрі кездеседі: таулы-шатқалды, батпақтық, тоғайлық, далалық. Әр ошақ өзіне тән жануарлармен, қансорғыштармен ерекшеленеді.

2. Берілу жолдары:

· трансмиссивті (негізгі) – арнайы тасымалдаушысы жоқ, ауру әр түрлі қансорғыш қанаттылар (маса, кене, шожала) арқылы берілу мүмкін;

· контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда: теріні өндеген кезде, жануарлар тістеп алған кезде; аңшылар ондатра арқылы жұқтырады;

· алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы. Кеміргіштермен ластанған судың эпидемиологиялық маңызы зор. Аурудың құдықтық өршуі жиі кездеседі. Кеміргіштің өлігі құдықта жатсы, сол құдықтың суын ішкен адамдар заладанады;

· аэрогенді – заладанған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде.

3.Қабылдаушы макроорганизм. Адамдар туляремияға 100% сезімтал. Көбінесе ересектер, ер адамдар, кәсиби топтары – аңшылар, балықшылар, ауыл шаруашылық қызметкерлері аурады. Антропургиялық ошақтар инфицирленген кеміргіштердің миграциясына байланысты, олар үй кеміргіштеріне ауруды жұқтырады. Эпидемиялық процестің ағымы жыл мезгіліне, табиғи ошақтың ерекшелігіне, эпизоотиялық жағдайға байланысты. Жекеленген эпидемиялар үшін белгілі бір жұғу механизмінің және белгілі бір клиникалық түрінің басым болуы тән. Жыл маусымдылығы – жаз-күз айлары. Сонғы кездерде ауру спорадикалық түрінде кездеседі. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Дата добавления: 2015-10-01 ; просмотров: 2124 . Нарушение авторских прав

Туляремия-қоздырғыштың тарау механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақтық зоонозды жедел бактериялық инфекция. Уланумен, қызба және лимфа түйіндерінің зақымадалуымен сипатталады.

Тарихи мәліметтер: Г.Мак-Кой 1910 жылы Калифорниянияның Туляре деген батпақты жерінде обаның табиғи ошағын зерттеп жүріп, суырдан оба тәрізді ауруды ойлап тапқан. Ол Ч.Чепинмен бірге 1911 жылы суырдан осы аурудың қоздырғышын Bacterium tularense-ні бөліп алды. Көп ұзамай бұл аурумен адаммен ауыратыны анықталып, И.Френсистің 1924 жылы ұсынысы бойынша туляремия деп атаған.

Туляремия қоздырғышы – Francisella tularensis, Francisella туыстығына, Brucellacea тұқымдастығына жатады. Негізгі үш түрі бар:

  1. Америкалық (арктикада кездеспейтін) – қояндар ауырып, аңшыларға жұқтырады
  2. Орта Азиялық
  3. Гонарктикалық (Евразиялық) – вируленттілігі төмен, кеміргіштер ауырады.

Ұсақ кокк таяқша тәрізді клеткалар (0,2-0,5 мкм), грам теріс, капсула, спора түзбейді. Екі антигендік коплексі бар: қабықтық (Vi) және соматикалық (О) антиген. Қоздырғыштың вируленттілігі және иммунологиялық қасиеттері қабықтық антигенмен байланысты. Сыртқы ортада ұзақ сақталады.

Суда 3 ай, 0-градустан төмен болса, бидай және сабағында 6 ай, өлген жануалардың терісінде 8 ай. Қайнатқанда 1-2 минутта. Хлорамин, лизол, хлорит әк ерітінділерінде 3-5 минут ішінде жойылады.

Аурудың көзі және резервуары – жануарлар: кеміргіштердің әртүрлі тобы: сұр тышқан, үй тышқаны, егеуқұйрықтар, оңдатра, қояндар. Үй жануарларынан: қойлар, шошқалар, ірі қаралар.

Ауруды тасымалдайтындар: сексод, гамаз кенелері, масалар, бүргілер тасымалдап, жұқтырады.

Туляремияның адамға жұғу жолдары:

  • Контактілі– тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда, жануар тістеп алған кезде
  • Алиментарлы– кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы
  • Шаң-тозаң арқылы – залалданған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде
  • Трансмиссивті– әртүрлі қан сорғыштармен (маса,кене) арқылы беріледі.

Туляремия ауруы көбінесе батпақты ошағы бар ауылшаруашылық аудандарында кездеседі. Қала адамдары аңға, балық аулауға шыққанда ауру жұқтырады,сонымен қатар үй шаруашылығындағы әйелдер ауырады. Туляремия ауруына бейімділік жоғары. Бір рет ауырған адамда тұрақты иимунитет пайда болады.

Туляремия инфекциясының патогенезі

Жұқтыру сатысы. Қоздырғыштың кіру қақпасы – терінің микротравмалар, көздің, тыныс алу жолдарының және асқазан ішек жолдарының шырышты қабаты. Аурудың клиникалық түрін қоздырғыштың ену жолы, патогенділігі, мөлшері, макроорганизмнің иммундық қорғаныс мүмкіншілігі анықталады. Қоздырғыштың енгеннен кейін, ену қақпасында қабыну процесі дамып, микробтың массивті көбеюі болады.

Лимфогенді таралу сатысы. Қоздырғыш регионарлы лимфа түйіндеріне лимфогенді жолмен жетіп, сол жерде көбейіп, лимфа бездерін қабындырады (ЛИМФАДЕНИТ). Микробтар көбейіп, кейбіреуі жойылып, эндотоксин бөлінеді, жергілікті патогенетикалық процестің дамуын өзгертеді, қанға түссе организмнің жалпы улануын шақырады.

Бактериемия сатысы. Лимфалық аппараттың барьерлік қызметі төмендесе, қоздырғыш қанға түсіп, бүкіл денеге жайылады.

Гематогенді диссеминация. Инфекцияның денеге жайылуы паренхиматоздық мүшелердің арнайы зақымдануымен және организмнің сенсибилизациясын дамытады. Әртүрлі лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әртүрлі мүшелерде (бауыр, көкбауыр, өкпе) гранулемалардың пайда болады. Диаметрі 1-4 мм ақсары түсті гранулемалар. Микроскоппен қарағанда гранулеманың ортасында эпителиоидтық клеткалар, лейкоциттермен лимфоциттермен қоршалған некроз ошағы көрінеді. Сыртқы пішіні бойынша туберкулез гранулемасына ұқсайды: осындай процесс аймақтық лимфа түйіндерінде де жүреді. Сол жерде алғашқы лимфа бездерінің қабынуы бубон байқалады. Іріңдеген және түйін жарылғанда теріде жазылмайтын жара пайда болады. Екіншілік бубондар қоздырғыштың қан арқылы түскенде пайда болады, гранулематоздық, некроздық, өзгерістер іріңдемейді

Туляремия клиникалық көрінісі:

Инкубациялық кезең брнеше сағаттан 3 аптаға созылады. Орташа 3-7 күн.

Ағым ұзақтығы бойынша бөлінеді:

  • жедел ( 3 аптаға дейін)
  • жеделдеу (6 ай және ұзақ)
  • рецедивті.

Ағым ауырлығы бойынша:

Туляремияның клиникалық жіктелуі және жұғу жолдары:

  1. Бубонды түрі: Көздің шырышты қабаттары,тері арқылы (контактілі,трансмиссивті) жолмен жұғады
  2. Жаралы-бубонды: Көздің шырышты қабаттары, тері арқылы (контактілі,трансмиссивті)
  3. Көз-бубонды: Көздің шырышты қабаттары, тері арқылы (контактілі)
  4. Ангинозды- бубонды: Ауыз арқылы (алиментарлы, су арқылы)
  5. Абдоминальды: Ауыз арқылы (алиментарлы, су арқылы)
  6. Өкпеклік (бронхиттік және пневмониялық варинаттар): Тыныс алу жолдары арқылы (ауа-шаң)
  7. Генерализденген н/е біріншілік – септикалық түрі: Кез-келген жұғу түрінде кездеседі. Әлсіз адамдар ауырады

Туляремия клиникасында 2 синдром бар:

  • улану синдромы:
  • жергілікті өзгерістер синдромы.

Клиникалық формасында тәуелсіз ауру жедел улану синдромынан басталады: қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, бас ауыруы, бұлшық еттердегі ауырсыну (аяқ, бел, арқа бұлшық еттері), ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, тершеңдік т.б ауыр ағымында құсу галлюцинация болады. Қызба түрі: ремиттирлеуші, дұрыс емес интермиттерлеуші, үнемі н/е толқын тәрізді сиапатты болады, ұзақтығы жиі 2-3 апта,сирек 30 күн және одан ұзақ.

Аурудың бірінші күнінен бастап бетінің, коньюктива, ауыздың шырышты қабаты, жұтқыншақтың бозарауы және гиперемиясы және склера тамырдарының иньекциясы байқалады. Ауру бауыр мен көкбауырдың ұлғаюымен жүреді. Кейбір науқасатарда эритема, розеола, петехия н/е папула түрінде бөртпелер болады, симметриялық аудандарда кездеседі. Бөртпе 8-12 күн сақталады, кейін түлейді, пигментация қалады. Бөртпелер қайталануы мүмкін. Улану синдромы негізінде туляремияның басқа формаларына тән симптомдар кездеседі.

Бубонды түрінде ауру басталғаннан 2-3 күні бубон түзіледі. Жиі қолтық асты, мойын, жақ асты бубондары болады, қоздырғыш жиі алиментарлы және қол терісі арқылы түседі. Лимфа түйіндері қатты, аурусынбайды, қозғалымы және шеті анық болады. Бубон мәлшері әр түрлі, біреу немесе көп болады. Бубондардың жазылуы: сіңірілуі, іріңдеуі және ойылып, тыртықтануы және склерозға ұшырауы мүмкін. Сіңірілуі мен склероздануы (тіннің дәнекер тінімен алмасуы) бубондарда баяу жүреді, іріндесе бубон 3-4 аптада тесіліп, кою, кілегей тәрізді зат шығады.

Жаралы-бубонды түрі қарым-қатынас және трансмиссивті жолмен жұққанда дамиды. Қоздырғыш енген орнында дақ түзіледі (біртіндеп 6-8 күнде папулаға айналады, везикула, одан пастула), терең емес жара түзіледі (5-15мм), жара маңайында аздаған қабыну өзгерістері болады. Жара баяу, тыртықтанып жазылады.

Көз-бубонды түрі коньюктива арқылы түскенде 1-2% жағдайда кездеседі. Бір жақты зақымдалу тән. Коньюктиваның айқын қызаруы тән, одан кейін папула жараға айналады, қабықтын ісінуі, алдыңғы мойын, құлақ маңы, жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы тән. Процесс бірнеше аптадан бірнеше айға созылады.

Ангинозды-бубонды түрі: алиментарлы жолмен жұққанда кездеседі. Науқастарда тамағында аздап аурысыну болады, аурудын 4-5 күні бадамша безінің ұлғаюы, кір-сұр тот жабындымен жабылуы, біртіндеп жазылатын терең жараның түзілүі тән. Сирек жаралы процесс ауыздың шырышты қабатында, таңдай және жұтқыншақта болады. Баспен бірге біржақты лимфаденит болады.

Абдоминальды түрі. Алиментарлы жолмен қоздырғыш түскенде болады және мензентериальды лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталады. Науқастар іштегі қатты аурсынуға, құсу, іш өтуге шағымданады. Кейде пальпацияда қолға ұлғайған лимфа түйіндері сезіледі.

Өкпелік түрі. Бронхиттік және пневмониялық вариантпен жүреді. Бронхиттік түрі катаральды белгілерімен көрінеді: кұрғаұ жөтел, кеуде артындағы ауырсыну, өкпеде құрғақ шашыранқы сырылдар естіледі, субфебрильді дене қызуы тән. Ауру ұзақтығы 8-12 күн.

Пневмониялық түрінде – өкпеде қабыну процессімен қоса ұзақ және ауыр ағыммен сипатталады. Интоксикация белгілерімен қоса кеудегі ауырсыну, жиі құрғақ жәтел, сирек шырышты – іріңді немесе қанды қақырық болуы тән. Бұл түрге рецидив болуы(бірнеше айдан жылға дейін), асқынулар (абцесстер, каверналар т.б.) тін.

Жайылған (генерализденген) түрі. Әр түрлі жолмен қоздырғыш түскенде кездеседі. Ауыр ағыммен, тиф тәрізді немесе септикалық вариантпен жүреді, біріншілік аффект және регионарлы лимфаденит тән емес. Жиі бөртпе, экссудивті полиморфты эритемамен, бауыр және көкбауыр ұлғаюымен жүреді. Ағымы ұзақ баяу жазылады, рецидивтер болуы тән.

Асқынулары:

  • екіншілік туляремиялық пневмония;
  • менингит,менингоэнцефалит:
  • миокардиодистрофия,перикардит;
  • жедел өкпелік немесе жүрек-қантамыр жетіспеушілігі.

Диагнозды эпидемиологиялық анамнез және клиникалық симптоматикаларына сүйене отырып қояды.Түйіндердің түзілуінің диагностикалық маңызы зор. Туляремияның салыстырмалы диагностикасын лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүретін басқа аурулармен жүргіземіз. Сондай аурулардың бірі мысықтық тырнақ іздері. Бұл ауру кезінде де инфекция қақпасында біріншілік аффект,лимфа түйіндерінің ұлғаюы,олардың іріңдеуі жүреді.. Бұл ауру үшін маңызды диагностикалық критерий-мысықпен контактта болғанды анықтау. Жиі қолтық асты және шынтақ лимфа бездер і ұлғаяды. Іріңді лимфаденит үшін лимфа түйіндерінің маңында іріңді зақымданудың болуы тән.(қол флегмонасы,абсцесс,остеомиелит т.б) Лимфа түйіндерінің ісіктік ұлғаюы кезінде түйіндердің тығыздығы және прогрессивті өсуі тән.

Қойылған диагнозды дәлелдеу үшін биологиялық, серологиялық және аллергиялық зерттеу тәсілдері қолданылады. Биологиялық зерттеулерде бубондардан, жара түбінен қырып алынған заттарды хайуанаттарға (теңіз шошқасына мен ақ тышқанға) тері астына немесе іш пердесіне егеді. Ауру жұқтырылған хайуанаттар 4-14 күннен кейін туляремиядан өледі. Қоздырғышты бөліп алу үшін қанды, бауырдың, көкбауырдың, лимфа түйіннің аз бөліктерін сары уызды ортаға егеді. Қоздырғышты бөліп алу мен дәлелдеу аса қауіпті жұқпалы аурулар бөлімінің арнайы жабдықталған зертханасында жүргізіледі.

Серологиялық зерттеу тәсілдерінің ішінен агглютинация әдісі жиі қолданылады. Оның 1:100 және одан жоғары титрлері диагностикалық болып есептелінеді.

Ауруды ертерек және ретроспективті анықтау үшін сезімтал ПГАР, ИФР серологиялық реакциялары қолданылады.

Тулярин антигенімен қойылатын тері аллергиялық сынамасы 3-5 күнінен бастап оң нәтиже береді. Экспресс әдісретінде қан тамшы агглютинациясы қолданылады

1.Этиотропты ем

  • Стрептомицин 0,5*2 рет, өкпелік жайылмалы түрлерінде 1,0*2 рет бұлшықет ішіне;
  • Гентамицин 5 мг/кг бұлқыет ішіне, көк тамыр ішіне;
  • Жаңа аминогликозидтер: сизомицин 0,1*3 рет, нетромицин, амикоцин

Альтернативті препараттар:

  • Доксициклин 100 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын
  • Ципрофлоксацин 400 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын
  • Хлорфеникол 15 мг/кг тамыр ішіне 6 сағат сайны
  • Цефолоспориндер

Емдеу курсы қызба кезеңі бойы және қалыптытемпературакезеңі бойы 5-7 күн.

  1. Патогенетикалық ем:
  • Интоксикациямен күресу
  • С және В топты витаминдер
  • Дезенсиблизация
  • қабынуға қарсы қолданылатын препараттар
  • Жергілікті ем: компресс, майлы таңғыштар, солюкс, диатермия


Достарыңмен әлеуметтік желіде бөліс


Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Сайт бойынша іздеу

Ең үздік материалдар

Презентация была опубликована 3 года назад пользователемАселя Жұмаханова

2 ЖОСПАР КІРІСПЕ КІРІСПЕ НГІЗГІ БӨЛІМ НГІЗГІ БӨЛІМ ОБА БРУЦЕЛЛЁЗ ТУЛЯРЕМИЯ СІБІР КҮЙДІРГІСІ ҚОРЫТЫНДЫ ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3 КІРІСПЕ ЗООНОЗДЫ ЖҰҚПАЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ КЕЗ КЕЛГЕН ЖҰҚПАЛАР МЕН КӨПТЕГЕН СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАРДАН ПАЙДА БОЛАДЫ, БІРАҚ ДИАГНОЗ ТЕК ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ КЕЗІНДЕ БЕЛГІЛІ БОЛАДЫ. АНТИБИОТИКОГРАММДАРДАН БӨЛІНГЕН ӨСІНДІДЕН, ӘР УАҚЫТТА БІР АУРУДАН ТАРАЛАТЫН ЖҰҚПАЛАРДЫҢ ЕМДЕУ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАЙДЫ. ЗООНОЗДЫ ЖӘНЕ АСА ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫН ЗЕРТТЕУ ҮШІН ЗЕРТХАНА, ҚЫСҚА УАҚЫТ ІШІНДЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫНЫҢ КӨПТЕГЕН ТҮРІН ТЕҢЕСТІРІП БЕРЕТІН БІРЕГЕЙ ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН.

4 ОБА ОБА(ЛАТ. PESTІS – КЕНЕТТЕН БАСЫП КІРУ) – АСА ҚАУІПТІ ЗООНОЗДЫ ТАБИҒИ ОШАҚТЫ КАРАНТИНДІК ЖҰҚПАЛЫ АУРУ. ОБАНЫҢ ӨКПЕЛІК, ІШЕКТІК, ТЕРІ-БУБОНДЫҚ, СЕПТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ БОЛАДЫ. СЕБЕБІ ҮЕRSІNІА РЕSTІS, БАКТЕРИЯЛЫҚ ТОБЫНА ЖАТАТЫН ТАБИҒИ - ОШАҚТЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ; АДАМҒА ЖАНАСУ, АУА - ТАМШЫ ЖӘНЕ АЛИМЕНТАРЛЫҚ ЖОЛМЕН ЖҰҒАДЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР - БҮРГЕЛЕР АРҚЫЛЫ ЖҰҒАДЫ КАРАНТИНДІК ИНФЕКЦИЯҒА ЖАТАДЫ.БҮРГЕЛЕРИНФЕКЦИЯҒА

5 ТАБИҒАТТА ТҮРЛІ КЕМІРУШІЛЕР АРҚЫЛЫ ТАРАЛАДЫ. АДАМДАРҒА КЕМІРУШІЛЕРДЕН, НЕ БҮРГЕЛЕРДЕН ЖҰҒАДЫ. АУРУ ҚОЗДЫРҒЫШЫ ТАЯҚША ТӘРІЗДІ БАКТЕРИЯЛАРДЫ 1894 ЖЫЛЫ БІР- БІРІНЕ БАЙЛАНЫССЫЗ ЖАПОН МИКРОБИОЛОГІ С.КИТАЗАТО(1853 – 1931) МЕН ФРАНЦУЗ БАКТЕРИОЛОГЫ А.ЙЕРСЕН (1863 – 1943) (АДАМНАН; 1897 ЖЫЛЫ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАН) ТАПҚАН. ОБА ТАЯҚШАСЫ (YERSІNІA PESTІS) ПІШІНІ ЖҰМЫРТҚА ТӘРІЗДІ, ҰСАҚ, ҚОЗҒАЛМАЙДЫ, ТАЛШЫҚТАРЫ БОЛМАЙДЫ, СПОРА ТҮЗБЕЙДІ, АНИЛИНДІ БОЯҒЫШ ЗАТТАРМЕН ТЕЗ БОЯЛАДЫ. КЕМІРУШІЛЕР ДЕНЕСІНДЕ 4 – 5 АЙ, БҮРГЕЛЕРДЕ 1 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТІРШІЛІК ЕТЕДІ.ЖАПОНС.КИТАЗАТОФРАНЦУЗА.ЙЕРСЕНЕГЕУҚҰЙРЫҚТАН

6 ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫНА ҚАРАЙ ОБАНЫҢ БІРНЕШЕ ТҮРІ БАР. МЫСАЛЫ, АУАЛЫ-ТАМШЫЛЫ ЖОЛМЕН ЖҰҚҚАНДА ӨКПЕ ОБАСЫ; ТАҒАМ АРҚЫЛЫ – ІШЕК ОБАСЫ; ЖАНАСУ АРҚЫЛЫ (МАЛ СОЙҒАНДА, ТЕРІСІН СЫПЫРҒАНДА, Т.Б.) НЕ ТРАНСМИССИВТІК (БҮРГЕ ШАҚҚАНДА) ЖОЛМЕН ЖҰҚҚАНДА ТЕРІ-БУБОН ОБАСЫ, СИРЕК СЕПТИК. ТҮРЛЕРІ ДАМИДЫ. АУРУ ТЕЗ ТАРАЙДЫ. АУРУ ҚОЗДЫРҒЫШЫ САУ АДАМҒА НАУҚАС АДАМНАН ЖҰҒАДЫ. АУРУДЫҢ ЖАСЫРЫН КЕЗЕҢІ БІРНЕШЕ САҒАТТАН 3 – 6 КҮНГЕ ДЕЙІН СОЗЫЛАДЫ. АУРУ АЯҚ АСТЫНАН БАСТАЛАДЫ, НАУҚАСТЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫ 39 – 40°С-ҚА КӨТЕРІЛІП, БАСЫ АЙНАЛАДЫ. ОРГАНИЗМНІҢ КҮШТІ УЛАНУЫНАН АДАМ ҚҰСЫП, ІШІ ӨТЕДІ, ЕСІНЕН ТАНЫП, ҮРЕЙ, ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ ПАЙДА БОЛАДЫ. АУРУ АСҚЫНҒАН ЖАҒДАЙДА НАУ-ҚАС ӨЛЕДІ.

7 . АУРУДАН АЛДЫН АЛА САҚТАНДЫРУ ҮШІН АУРУ ШЫҚҚАН ЖЕРЛЕРГЕ ЭПИЗООТОЛ. ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛ. ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ; СОЛ АЙМАҚТАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮНЕМІ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ; АУРУ ОШАҒЫ ДАМЫҒАН ЖЕРГЕ ДЕРАТИЗАЦ., ДЕЗИНСЕКЦ. ЖӘНЕ ДЕЗ-ИНФЕКЦ., САН.- АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ; ШЕТ ЕЛГЕ БАРАТЫН ЖОЛАУШЫЛАРҒА ОБАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ЕГІЛІП, АЛ КЕЛУШІЛЕРГЕ АРНАЙЫ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ЕМІ: НАУҚАС АДАМДЫ АРНАЙЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫП, ПАТОГЕНЕТИК. (ӘР ТҮРЛІ ЕРІТІНДІЛЕР ҚҰЮ), ЭТИО-ТРОПТЫ (АНТИБИОТИКТЕРДІҢ БІРНЕШЕ ТҮРІН БІРДЕН ЕНГІЗУ), ГОРМОНДЫҚ ПРЕПАРАТТАРМЕН ЕМДЕУ; КАРАНТИН ЖАРИЯЛАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ОБА ІНДЕТІ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАРДЫ ҚАЗАҚ КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ ЗООНОЗДЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АТҚАРАДЫ. РЕСПУБЛИКАНЫҢ 10 ҚАЛАСЫНДА ОБАҒА ҚАРСЫ КҮРЕСУ БЕКЕТТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ 13 АУДАНЫ БӨЛІМШЕЛЕРІ БАР.РЕСПУБЛИКАНЫҢ

9 БРУЦЕЛЛЁЗ БРУЦЕЛЛЁЗ (МАЛЬТА ҚЫЗБАСЫ). БҰЛ АУРУ ОСЫ АУРУМЕН АУЫРАТЫН МАЛДЫҢ СҮТІН ІШУДЕН БОЛАДЫ. ОЛ СОНДАЙ-АҚ ТЕРІДЕГІ ЖЫРЫНДЫЛАР МЕН ЖАРАЛАРАРҚЫЛЫ ОРГАНИЗМГЕ ТАРАЙДЫ, БҰЛ ЖАҒДАЙ АУРУ МАЛДАРДЫ КҮТІП- БАҒАТЫН АДАМДАРДА ЖИІ КЕЗДЕСЕДІ, СОНЫМЕН ҚАТАР АУРУ ЗАҚЫМДАНҒАН АУАМЕН ДЕМАЛҒАН КЕЗДЕ ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ДА ДЕНЕГЕ ТҮСЕДІ. БРУЦЕЛЛЕЗ- БРУЦЕЛЛАЛАРМЕН ШАҚЫРЫЛАТЫН ҚОЗДЫРҒЫШЫ ӘРТҮРЛІ МЕХАНИЗММЕН БЕРІЛЕТІН, КЛИНИКАСЫНДА СОЗЫЛМАЛЫ ҚЫЗБАМЕН, ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС АППАРАТЫНЫҢ, ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ, ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ, ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖӘНЕ Т.Б ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАЛУЫМЕН ЖҮРЕТІН, СОЗЫЛМАЛЫҒА АУЫСУҒА БЕЙІМ, ИНФЕКЦИЯ-АЛЛЕРГИЯЛЫҚ, ЗООНОЗДЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУ.ЖАРАЛАРОРГАНИЗМГЕАУРУ

11 ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ КЕҢ ТАРАЛҒАН. ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ: ҰСАҚ МҮЙІЗДІ, ІРІ ҚАРА МАЛ, ШОШҚАЛАР, МАРАЛДАР ЖӘНЕ АДАМДАР. ТАРАЛУ МЕХАНИЗМІ: ФЕКАЛЬДЫ- ОРАЛЬДЫ. БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ: ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ (ЗАҚЫМДАЛҒАН ТЕРІ) АЛИМЕНТАРЛЫҚ АУА-ШАҢ (АЭРОГЕНДІ) КӨБІНЕСЕ МАЛШЫЛАР, ШОПАНДАР, АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫРАДЫ.

12 ПАТОГЕНЕЗІ БРУЦЕЛЛАЛАР АҒЗАҒА ТЕРІ НЕМЕСЕ ШЫРЫШТЫ ҚАБАТТАР АРҚЫЛЫ ЕНЕДІ, СОСЫН МАКРОФАКТОРМЕН ҰСТАЛЫП, СОЛ ЖЕРДЕ КӨБЕЙЕДІ ДЕ, ЛИМФА АҒЫНЫМЕН РЕГИОНАРЛЫҚ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНЕ ЕНЕДІ. СОДАН СОҢ ҚАН ТАМЫРЛАР АРҚЫЛЫ БҮКІЛ АҒЗАҒА ЖАЙЫЛАДЫ.

13 ПАТОГЕНЕЗІНДЕ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ДАМУЫ БЕС ФАЗАДАН ӨТЕДІ лимфогенді фаза гематогенді фаза көп ошақты себу жайылу фазасы экзоошақты себу фазасы метомффоз фазасы

14 КЛИНИКАСЫ ОЛ ЫСТЫҚ КӨТЕРІЛІП, ҚАЛТЫРАП ДІРІЛДЕУДЕН БАСТАЛУЫ МҮМКІН, БІРАҚ ӘДЕТТЕ БІРТЕ-БІРТЕ, ТЕЗ ШАРШАУ, ӘЛСІЗДІҚ АСҚА ТӘБЕТТІҢ БОЛМАУЫ, БАСТЫҢАСҚАЗАННЫҢ БУЫНДАРДЫҢ АУЫРУЫ ФОРМАСЫНДА ӨРБИДІ.ЫСТЫҚБАСТЫҢАСҚАЗАННЫҢБУЫНДАРДЫҢ ЫСТЫҚТЫҢ КӨТЕРІЛУІ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ АУЫР ФОРМАДА БОЛУЫ МҮМКІН. ТҮСТЕН КЕЙІН ҚАЛТЫРАП-ДІРІЛДЕУ ЖӘНЕ ЕРТЕҢГІСІН МАЛШЫНЫП ТЕРЛЕП ҚАЛУ БҰЛ АУРУҒА ТӘН БЕЛГІ. СОЗЫЛМАЛЫ БРУЦЕЛЛЁЗДЕ ЫСТЫҚ БІРНЕШЕ КҮН БАСЫЛАДЫ ДА СОСЫН ҚАЙТА КӨТЕРІЛЕДІ. ТИІСТІ ЕМ ҚОЛДАНБАСА, БІРНЕШЕ ЖЫЛҒА СОЗЫЛУЫ МҮМКІН. МОЙЫНДА, ҚОЛТЫҚТЫҢ АСТЫНДА, ШАПТА ІСІНГЕН ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН.ЛИМФА КЛИНИКАЛЫҚ СИМПТОМДАРЫ ОРТАША АЛҒАНДА 2-3 АПТА ӨТУІМЕН СИПАТТАЛАДЫ.

15 ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ ЭТИОТРОПТЫ: РИФАМПИЦИН, ДОКСИЦИКЛИН, ТЕТРАЦИКЛИН ҚАБЫЛДАУҒА ҚАРСЫ: ВОЛЬТАРЕН, НАПРОКСЕН ДЕЗИНТОКЦИЯЛЫҚ: ТЕК АУЫР ТҮРІНДЕ АНТИГИСТАМИНДІ ИММУНДЫ ЖҮЙЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЛЕВАМИЗОЛ, ТИМАМЕН ВИТАМИНТЕРАПИЯ ФИЗИО ЖӘНЕ СИМПТОМДЫҚ САНАТОРЛЫ-КУРОРТЫҚ БРУЦЕЛЛЁЗДЕН СЕЗІКТЕНСЕҢІЗ ДӘРІГЕРДЕН КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ, ӨЙТКЕНІ КӨП ЖАҒДАЙДА БҰЛ АУРУ-МЕН БАСҚА АУРУПАРДЫ ШАТАСТЫРАДЫ, АЛ ЕМДЕУ ҮШІН КӨП УАҚЫТТА, ҚАРЖЫ ДА ШЫҒЫН БОЛАДЫ.АУРУУАҚЫТҚАРЖЫ ТЕТРАЦИКЛИНМЕН ЕМДЕҢІЗ: ЕРЕСЕКТЕР: 250 МИЛЛИГРАМДЫҚ КАПСУЛДЫ КҮНІНЕ 4 РЕТ ЕКІ ТҮЙІРДЕН ҮШ АПТА ІШУ КЕРЕК. САҚТАНУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАҢЫЗ. НЕМЕСЕ КО- ТРИМОКСАЗОЛ ІШІҢІЗ. ТЕТРАЦИКЛИНМЕНКО- ТРИМОКСАЗОЛ

16 ТУЛЯРЕМИЯ ТУЛЯРЕМИЯ-ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ТАРАЛУ МЕХАНИЗМІ ӘР ТҮРЛІ БОЛЫП КЕЛЕТІН ТАБИҒИ ОШАҚТЫ КЛИНИКАСЫНДА ИНТОСИКАЦИЯМЕН, ҚЫЗБАМЕН, ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНІҢ ЖӘНЕ БАСҚА ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАЛУЫМЕН ЖҮРЕТІН, ЗООНОЗДЫ ЖЕДЕЛ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУ.

18 ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ ӘР ТҮРЛІ ЖАБАЙЫ ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАР (КЕМІРГІШТЕР, ҚОЯНДАР, ТЫШҚАНДАР) АУЫЛШАРУАШЛЫҚ ЖАНУАРЛАР (ҚОЙ, ШОШҚА, ІРІ ҚАРА МАЛДАР, СОЛТҮСТІК БҰҒЫСЫ) ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ (ИТТЕР) ИНОД КЕНЕЛЕРІ (ҚОСЫМША РЕЗЕРВУАР)

19 ТАРАЛУ МЕХАНИЗМІ КОНТАКТІЛІ, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ (ЗАҚЫМДАЛҒАН ТЕРІ ЖАБЫНЫ, ШЫРЫШТЫ ҚАБАТ АРҚЫЛЫ). ТАҒАМ АРҚЫЛЫ АУА-ШАҢ ТРАНСМИССИВТІ (ТІСТЕП АЛСА НЕМЕСЕ КЕНЕ, МАСАНЫ ЕЗІП ЖІБЕРСЕ ЖҰҒАДЫ) МЕРЗІМДІЛІГІ: ЖАЗ-КҮЗ АЙЛАРЫ.

20 ПАТОГЕНЕЗІ инфекциялықтоксикалықаллергиялық туляремия патогенезінде 3 маңызды фактор бар

21 КЛИНИКАСЫ ИНКУБАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ БІРНЕШЕ САҒАТТАН 7 КҮНГЕ ДЕЙІН, КЕЙДЕ 10 КҮН БОЛАДЫ. ТУЛЯРЕМИЯНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ: КЛИНИКАЛЫҚ ТҮРІ ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ БУБОНДЫ ТҮРІ КӨЗДІҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБАТЫ, ТЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАРАЛЫ-БУБОНДЫ ОСЫ СИЯҚТЫ КӨЗ-БУБОНДЫ ОСЫ СИЯҚТЫ АНГИНОЗДЫ-БУБОНДЫ АУЫЗ АРҚЫЛЫ ӨКПЕЛІК (БРОНХИТТІК ЖӘНЕ ПНЕВМОНИЯЛЫҚ ТҮРЛЕРІ) ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ГЕНЕРАЛИЗИВТІ НЕМЕСЕ БІРІНШІЛІК СЕПТИКАЛЫҚ ТҮРІ КЕЗ-КЕЛГЕН ЖҰҒУ ТҮРІНДЕ КЕЗДЕСЕДІ, ӘЛСІЗ АДАМДАР АУЫРАДЫ АҒЫМ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША: ЖЕДЕЛ (3 АЙҒА ДЕЙІН) ЖЕДЕЛДЕУ (6 АЙ ЖӘНЕ ҰЗАҚ) РЕЦЕДИВТЕР

22 ДИАГНОСТИКАСЫ: БИОЛОГИЯЛЫҚ СЕРОЛОГИЯЛЫҚ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ЕМІ: ЭТИОТРОПТЫ ПРЕПАРАТТАР ПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЕЗИНТОКСИКАЦИЯЛЫҚ ЗАТТАР ФИЗИОТЕРАПИЯ

23 СІБІР КҮЙДІРГІСІ СІБІР КҮЙДІРГІСІ (КОЙДА - ТОПАЛАҢ, ЖЫЛҚЫДА - ЖАМАНДАТ, ІРІ КАРАДА -КАРАТАЛАК, ТҮЙЕДЕ - АҚШЕЛЕК, КАРАБЕЗ) МАЛ ЖӘНЕ ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАЦИЛЛУС АНТРАЦИС МИКРОБЫ КОЗДЫРАТЫН, ЖІТІ ТҮРДЕ ӨТЕТІН АСА ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЫ. ОНЫМЕН АДАМ ДА (ТҮЙНЕМЕ, КҮЙДІРГІ) АУЫРАДЫ. СІБІР ЖАРАСЫ КЕҢ ТАРАҒАН АУРУ.

24 ҚОЗДЫРҒЫШЫ ҚОЗДЫРҒЫШЫ. СЫРТҚЫ ОРТАҒА ТӨЗІМДІ КЕЛЕТІН ТАЯҚША ТӘРІЗДЕС, ГРАМ ӘДІСІМЕН, АНАЛИН БОЯУЛАРЫНЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІМЕН БОЯЛАТЫН, КАПСУЛА ТҮЗЕТІН АЭРОБТЫ МИКРОБ. ЖЕР ҚЫРТЫСЫНДА ӨСІП-ӨНЕДІ ЖӘНЕ СПОРА ТҮЗЕДІ. ТОПАЛАН БАЦИЛЛАСЫ ВЕГЕТАТИВТІ ТҮРДЕ СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ ӘСЕРІНЕ ОНША ТӨЗІМДІ ЕМЕС, СПОРАЛЫ ТҮРІ БҰҒАН КЕРІСІНШЕ ӨТЕ ТӨЗІМДІ Ж/Е ҰЗАК ЖЫЛДАР БОЙЫНА ТІРШІЛІК КАБІЛЕТІН САҚТАЙДЫ. СОЙЫЛМАҒАН БІТЕУ ӨЛІКТЕ АУРУ ҚОЗДЫРҒЫШЫ ЖАЗ КЕЗДЕРІ 1-3 ТӘУЛІК ІШІНДЕ КҰРЫП БІТЕДІ.

26 КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ. АТАЛҒАН АУРУДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ БАРЛЫҚ МАЛ ТҮЛІГІНДЕ НЕГІЗІНЕН ҰҚСАС БОЛАДЫ. СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚОЙ ТОПАЛАҢЫН СИПАТТАУДЫ ЖӨН КӨРДІК. БҰЛ ІНДЕТ КОЙДА АУРУДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ БІЛІНБЕЙТІН ЖЭӘЕ БІЛІНЕТІН БОЛЫП ЕКІ ТҮРДЕ ЖҮРЕДІ. БІРІНШІ ТҮРІНДЕ ҚОЙ БІРДЕН, 1-2 КҮНДЕ ӨЛІП ТЫНАДЫ, АУРУ ӨТЕ ЖІТІ ӨТЕДІ, КӨП РЕТТЕ ІШЕКТЕР КАБЫНАДЫ. ЕКІНШІ ТҮРІНДЕ ҚОЙ ДЕНЕСІНДЕ ЖАРА МЕН ТЕРІ Ж/Е ТЕРІ АСТЫ ІСІКТЕРІ ПАЙДА БОЛЫП, ІНДЕТ 5-7 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ. ӘУЕЛГІ КЕЗДЕ КОЙ ДЕНЕСІНІН ӘР ЖЕРІНДЕ КӨЛЕМІ ОНША ҮЛКЕН ЕМЕС, ҰСТАП КӨРСЕҢ, МАЛ АУЫРСЫНЫП, ҚОЛҒА ҚАТТЫ ТИЕТІН ҚЫЗУЛЫ КАЙТКАН ІСІККЕ, ОДАН ҚАЙТАДАН ОРТАСЫ САРҒЫШ КАТЕРЛІ ЖАРАҒА АЙНАЛАДЫ.

27 ҚОРЫТЫНДЫ АСА ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ЗЕРТХАНАСЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ: АДАМДАРҒА ЗООНОЗДЫ ЖҰҚПАЛАР ТОБЫНА – ( САРЫП, ИЕРСИНИОЗ, ЛИСТЕРИОЗ, ЛЕПТОСПИРОЗ, ПАСТЕРЕЛЛЕЗ), СОНЫМЕН БІРГЕ ХЛАМИДИОЗ, БӨРТПЕ СҮЗЕГІНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ; АДАМДАРДЫ ИЕРСИНИОЗҒА ҚАРСЫ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ, СЕРОЛОГИЯЛЫҚ, ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ; АДАМДАРДЫ ЛИСТЕРИОЗҒА ҚАРСЫ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ, СЕРОЛОГИЯЛЫҚ, ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ; САРЫПҚА БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ( ГЕМОӨСІНДІГЕ ҚАН ТАПСЫРУ), СЕРОЛОГИЯЛЫҚ ( ХЕДДЛЬСОН РЕАКЦИЯСЫ, РАЙТА, РОЗБЕНГАЛ СЫНАМА, РПГА), ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ; ТЫРЫСҚАҚҚА БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ, МИКРОСКОПИЯЛЫҚ СЕРОЛОГИЯЛЫҚ, ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЗЕР ТТЕУ, ТЫРЫСҚАҚТЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫН АНЫҚТАУДА ЖЕДЕЛ ӘДІСТІҢ АЛДЫН АЛА УАҚЫТЫ 3-4 САҒАТ БҰРЫН; ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ КЕЗІНДЕ АНТИБИОТИКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТОПТАРЫНЫҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ; ЗООНОЗДЫ ЖҰҚПАЛАР ТОБЫНА ( ИЕРСИНИОЗ, ЛИСТЕРИОЗ, ПАСТЕРЕЛЛЕЗ) ҚОРШАҒАН ОРТА МАТЕРИАЛДАРЫН БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ, СЕРОЛОГИЯЛЫҚ ( ТАҒАМ ӨНІМДЕРІ, ТАҒАМ ӨНІМДЕРІ НЫСАНДАРЫНАН ШАЙЫНДЫ, АУРУ ОШАҒЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАР, ӨЛІ МАТЕРИАЛДАР, КЕМІРГІШТЕР) КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ;

28 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. АЛЕКШУКИНА А.В. МЕДИЦИНСКАЯ МИКРОБИОЛОГИЯ: УЧЕБ.ПОСОБИЕ.-РОСТОВ Н/Д, БОРИСОВ Л.Б. МЕДИЦИНСКАЯ МИКРОБИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ, ИММУНОЛОГИЯ: УЧЕБ. - 4-Е ИЗД., ДОП. И ПЕРЕРАБ.-М., КОРОТЯЕВ А.И., БАБИЧЕВ С.А. МЕДИЦИНСКАЯ МИКРОБИОЛОГИЯ, ИММУНОЛОГИЯ И ВИРУСОЛОГИЯ // С- ПЕТЕРБУРГ: СПЕЦИАЛЬНАЯ ЛИТЕРАТУРА, МИКРОБИОЛОГИЯ: УЧЕБНИК / ПОД РЕД. В.В. ЗВЕРЕВА, М.Н. БОЙЧЕНКО. – М.: ГЭОТАР – МЕДИА, СЕЙТХАНОВА Б.Т. УЧЕБНОЕ ПОСОБИЕ К ЛАБОРАТОРНЫМ ЗАНЯТИЯМ ПО ЧАСТНОЙ МИКРОБИОЛОГИИ (КИШЕЧНЫЕ ИНФЕКЦИИ): УЧЕБ. ПОСОБИЕ. – ШЫМКЕНТ: Б.И., СБОЙЧАКОВ В.Б. САНИТАРНАЯ МИКРОБИОЛОГИЯ: УЧЕБНОЕ ПОСОБИЕ. - М.: ГЭОТАР – МЕДИА, ПОЗДЕЕВ О.К. МЕДИЦИНСКАЯ МИКРОБИОЛОГИЯ: УЧЕБ.П. – 4-Е ИЗД., ИСПР. – М., МЕДИЦИНСКАЯ МИКРОБИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ, ИММУНОЛОГИЯ: УЧЕБ. /РЕД. А.А. ВОРОБЬЕВ. 2-Е ИЗД., ИСПР. И ДОП.-М., МАЛЬЦЕВ В.Н. ОСНОВЫ МИКРОБИОЛОГИИ И ИММУНОЛОГИИ: КУРС ЛЕКЦИЙ: УЧЕБ. ПОСОБИЕ.. – М., БОРИСОВ Л.Б. МЕДИЦИНСКАЯ МИКРОБИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ, ИММУНОЛОГИЯ: УЧЕБ. - 4-Е ИЗД., ДОП. И ПЕРЕРАБ.-М., АЛЕКШУКИНА А.В. МЕДИЦИНСКАЯ МИКРОБИОЛОГИЯ: УЧЕБ.ПОСОБИЕ.-РОСТОВ Н/Д, КОРОТЯЕВ А.И. МЕДИЦИНСКАЯ МИКРОБИОЛОГИЯ, ИММУНОЛОГИЯ И ВИРУСОЛОГИЯ: УЧЕБ.-3-Е ИЗД., ИСПР. И ДОП.-СПБ., 2002

Май ауданы әкімдігі












Туляремия белгілері және ауруды алдын-алу

Туляремия-табиғи-ошақты жіті инфекция, ол лимфа түйіндері, тері, кейде көздің шырышты қабықтарын және өкпені зақымдайтын ауру. Туляремия жалпы уланудың айқын симптомдарымен, ұзақ қызудың жоғарлауымен, жайылған лимфаденитпен, гепатоспленомегалиямен, полиморфты бөртпемен және басқа да белгілерімен өтеді. Туляремияның спецификалық диагностикасы серологиялық реакциялар (ИФТ, РА, РНГА), ПТР, тері-аллергиялық сынама көмегімен жүргізіледі. Туляремияны емдеуде бактерияға қарсы, дезинтоксикациялық терапия, іріңді бубондарды хирургиялық жолменалу және дренаждау қолданылады.

Туляремияның инкубациялық кезеңі бір күннен бір айға дейін болуы мүмкін, бірақ көбінесе 3-7 күнге тең болады. Кез келген жерде орналасқан туляремия әдетте дене температурасының 38-40 градусқа дейін жоғарылауынан, денедегі әлсіздік, бұлшық еттердің ауырсынуы, бас ауруы,уланудың дамуынан байқала бастайды. Қызба жиі межеленген, бірақ тұрақты, интермитацияланған немесе толқын тәрізді (екі – үш толқын) болуы мүмкін. Қызба ұзақтығы бір аптадан екі-үш айға дейін ауытқуы мүмкін, бірақ әдетте 2-3 аптаға созылады.

Тексеру кезінде бет гиперемиясы (қан тамырларының қан талап тұруы), ауыз қуысының конъюнктивалары мен мұрын,жұтқыншақ шырышты қабықтарының ісінуі,склер инъекциясы байқалады. Кейбір жағдайларда әртүрлі экзантема (терідегі бөртпе) шығады. Брадикардия, артериялық қысым төмендейді. Қызба басталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң гепатоспленомегалия (бауыр мен көкбауыр көлемінің ұлғаюы) пайда болады.

Туляремияның алдын алуға таралу көздерін залалсыздандыру, ауру берілуі мүмкін жолдарды шектеу шараларын қамтиды. Профилактикалық іс-шараларда осы қоздырғыш бойынша эндемиялық аудандарда тамақтану және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының санитариялық-гигиеналық жағдайына басты назар аудару, дератизация және дезинсекция шараларын жүргізуге ерекше көңіл бөлу шарт.

Жабайы аңдарды (терілерін сыпыру, етін бұзу) аулауға шыққанда, дератизациялауда (уланған кеміргіштерді жинау) жеке бас талаптарын сақтау, ауруды жұқтыруды алдын алудың басты талаптары болып табылады. Қолды резеңке қолғаппен қорғау немесе жануарлармен жанасқаннан кейін қолды мұқият дезинфекциялау қажет. Аурудың алиментарлық жолмен берілуіне тосқауыл қою, ол арнайы өңдеуден өтпеген сенімсіз су көздерінен суды тұтынудан аулақ болған жөн.

Туляремияның алдын алу эндемиялық аудандарда халықты тірі туляремиялық вакцинамен вакцинациялау болып табылады. Ағзада ауруға қарсы иммунитет 5 және одан да көп (жеті жылға дейін) жылға дейін қалыптасады. Ревакцинация 5 жылдан кейін жүргізіледі. Ауруды шұғыл алдын алу (жұқтыру ықтималдығы жоғары болғанда) антибиотиктерді көктамыр ішіне енгізу арқылы жүзеге асырылады. Туляремиямен ауыратын науқас анықталған жағдайда, ауру жануарлармен немесе залалданған шикізатпен жанасқан кезде қолданылған заттар ғана дезинфекциялауға жатады.

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.

Copyright © Иммунитет и инфекции