Корана вирус белгілері алдын алу шаралары


2019 жылғы желтоқсан айында пайда болып, бүгінде дүние жүзін дүрліктіріп тұрған коронавирустың ресми атауы – Covid-2019. Індет Қазақстанға да жеткен соң, елде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, коронавирус мәселелері бойынша Telegram-бот іске қосылды.

Informburo.kz Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша Covid-2019 туралы жиі қойылатын сұрақтардың жауабын, дерттен сақтану жолын ұсынады.

Covid-2019. Бұл не?

Covid-2019 – коронавирустың осы уақытқа дейін анықталмаған жаңа түрі. Коронавирустар көбіне жануарларды зақымдайтын вирустар тұқымдасы болып табылады, бірақ кей жағдайда адамға да жұғуы мүмкін. Covid-2019 – коронавирустың адам ағзасына әсер ете алатын жетінші түрі.

Коронавирустың қаупі қандай?

Қалыпты жағдайда Covid-2019 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоқ. Бұл вирус:

  • 65 жастан асқан адамдарға;
  • бес жасқа дейінгі балаларға;
  • жүкті әйелдерге;
  • иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал.

Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда вирус өлімге әкеледі.

Covid-2019 симптомдары

Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:

  • дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература;
  • құрғақ қатты жөтел;
  • бастың ауруы;
  • кеуде тұсының ауруы;
  • ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;
  • жүрек қағысының жиілеуі;
  • пневмония;
  • безгек;
  • мұрынның бітуі;
  • фарингит;
  • диарея.

Осындай симптомдарды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Әсіресе вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз, міндетті түрде тексерілген жөн.

Коронавирус қалай жұғады?

Коронавирус респираторлық жолмен жұғады.

Covid-2019 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз, қауіпті дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар заттардың бетіне, есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына тигізсе, ауруды жұқтырады. Сондықтан, коронавирусқа шалдыққан адамнан 1 метрден аса қашықтықта жүру маңызды. Қазіргі уақытта ғалымдар вирустың заттардың бетінде қанша уақыт тіршілік ететінін анықтауда. Вирус бір сағаттан бірнеше күнге дейін өміршеңдігін сақтай алады деген болжам бар. Сондықтан, вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады.

Коронавирустан қалай сақтану керек?

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері:

  • Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу;
  • Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;
  • Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
  • Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
  • Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
  • Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
  • Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
  • Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;
  • Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
  • Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
  • Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
  • Бөлмені жиі желдетіңіз;
  • Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
  • Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
  • Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
  • Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

Профилактикалық 5 шара

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Карантинге кімдер жатқызылады?

Қазақстанның Бас санитарлық дәрігерінің "Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша шараларды ары қарай күшейту туралы" 2020 жылғы 4 наурыздағы №12 жаңа қаулысына сәйкес, Covid-19 коронавирустық инфекция бойынша қауіпті елдердің тізімі жасалды. 1А санатына жататын мемлекеттен келгендер міндетті түрде медициналық мекемеге оқшауланады. Қалғаны үй карантиніне жатады:

  • 1 А санаты – ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея, Италия;
  • 1 Б санаты – Франция, Германия, Испания;
  • 2 санат – Швейцария, Ұлыбритания, Нидерландтар;
  • 3 санат – Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин, АҚШ.
Ескерту: Қазақстанның Бас санитарлық дәрігерінің 14 наурыздағы қаулысына сәйкес коронавирус бойынша қолайсыз елдер тізім өзгереді. Жаңа қаулы 17 наурыздан бастап күшіне енеді:
  • 1 А санаты – Иран, Италия;
  • 1 Б санаты – ҚХР, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Испания;
  • 2 санат – Австрия, Бельгия, Дания, Катар, Норвегия, Нидерландтар, БАӘ, Швейцария, Швеция;
  • 3 санат – Әзербайжан, Ұлыбритания, Ирак, Люксембург, Словения, АҚШ, Чехия, Жапония.

Үй карантинінде жатқан адамдар нені ескеруі керек?

Covid-2019-дың инкубациялық кезеңі 14 күнге дейін созылады. Дәрігерлер үйде оқшауланған науқастарға келесі кеңестерді ұсынады:

  • Үйден шықпаңыз;
  • Жабық есігі бар, жақсы желдетілетін бөлмеде жатыңыз;
  • Қажеттілік үшін бөлмеден шыққан жағдайда, маска киюді ұмытпаңыз;
  • Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз;
  • Қолыңызды жиі дезинфекциялаңыз, әсіресе тамақ ішер алдында тазалық шараларын қатаң сақтаңыз;
  • Қолды бір рет қолданатын қағаз майлықпен сүртіңіз;
  • Мүмкіндігінше бөлек гигиеналық бөлме пайдаланған жөн;
  • Үйге қонақтардың келуін шектеңіз.

14 күндік карантинге жатқызылған адам ол аяқталғаннан кейін де 10 күнге дейін телефон арқылы медқызметкерлердің бақылауында болады.

"Мифтерге сенбеңіз!"

Жаңа вирустық инфекциялар таралғанда әдетте күмәнді, жалған ақпарат таралады. Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус жайында танымал мифтердің жалғандығын хабарлады:

  • Қытайдан келген пошта қауіпті емес – хаттар мен сәлемдемелерден жаңа коронавирус жұқтырып алуға болмайды;
  • Үй жануарлары, мысықтар мен иттер Covid-2019 жұқтырушысы емес. Оған ешқандай ғылыми дәлел жоқ;
  • Пневмонияға қарсы вакциналар жаңа коронавирустан қорғамайды. Оған арнайы екпе қажет, оны дәл қазір ғалымдар әзірлеуде;
  • Сарымсақ, күнжіт майы, ауыз шаюға арналған сұйықтық немесе мұрынға арналған тұз ертіндісі вирусқа қарсы көмектесетініне еш дәлел жоқ;
  • Антибиотик коронавирусты емдеуге көмектеспейді. Егер вирус бактериялық инфекцияға әкелсе, дәрігеріңіз антибиотик тағайындауы мүмкін, себебі анибиотик бактериялық инфекцияны емдейді. Бірақ, ол коронавирустан емделуге көмектеспейді;
  • Коронавирустың алдын алатын не емдейтін дәрілер жоқ. Ғалымдар қазір сондай препаратты әзірлеумен айналысуда.

Әрбір адам өз денсаулығына жауапты болып, бірден дәрігерге жүгінуі керек. Медициналық көмек симптомдарды жеңілдетуге және аурудың әрі қарай дамуына жол бермеуге көмектеседі.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter


2019 жылғы желтоқсанда Қытайдың Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында шығу тегі белгісіз пневмония таралғаны туралы ақпарат жария болды. Қаңтар айында бұл ауруға коронавирустың жаңа түрі себеп болғаны анықталды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, вирусты жұқтырғандар саны 217-ге жеткен. Олардың төртеуі көз жұмса, 35 адамның жағдайы ауыр.

Қауіпті вирус Ухань қаласынан бөлек, Бейжіңнің екі тұрғыны мен Шэньчженьнің бір тұрғынынан табылды. Сондай-ақ вирусты Уханьда болған Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея азаматтары жұқтырған.

Бұл қандай вирус?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Уханьда таралып жатқан вирустың генін анықтады. Коронавирустың жаңа түрі Таяу шығыс респираторлық синдромына 20 пайыз ұқсайды. Бұл – коронавирус тобындағы адам ағзасына әсер ете алатын жетінші вирус.

ҚХР мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау комитетінің сарапшысы Чжун Наньшань Қытайда пневмония тудыратын коронавирустың жаңа түрі адамнан адамға жұғуы мүмкін деп мәлімдеді. Сарапшылар мұндай қорытындыға бір отбасыда бірнеше адамның жұқтырғаны анықталғаннан кейін келген. Уханьдағы медицина қызметкерлерінің 14-і қауіпті вирусты бір науқастан жұқтырған.

"Қазір қолымызда жаңа коронавирусқа қарсы ешқандай арнайы дәрі жоқ. Әзірге жануарларға тестілеп жатырмыз", – деді сарапшы Чжун Наньшань.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, коронавирустар алғаш жануарлардан жұғады. Вирустың жаңа түрінің таралуына су сүтқоректілері, жылан, жарқанат не қоян себепші болуы мүмкін. Аталған жануарлар Ухань қаласындағы көтерме базарда сатылады.

Науқастар саны күрт өсуі мүмкін

Бұған себеп – Қытай жаңа жылын тойлау. Бұл уақытта ел тұрғындары аймақтар арасында көп қозғалады. Соған орай, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында болуы тиіс екенін айтып, барлық қажетті алдын алу мен бақылау шараларын қабылдауды тапсырды.

Қазақстанға қауіп бар ма?

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, елде сақтық шаралары қолға алынған. Атап айтқанда,

  • лабораторияларда ауруды диагностикалау тест-жүйесі әзірленген;
  • әуежай, шекара және кеден қызметінде жұмыс істейтіндер, бортсеріктер, экипаж және жолаушылар пойызының жолсеріктеріне профилактикалық жұмыстар жүргізілген;
  • Қазақстан шекарасынан өткізу бекеттерінің қызметкерлері, тасымалдаушылар мен жолаушылардың, әсіресе, Қытайдан келгендердің қызуы өлшеніп жатыр.

Бүгінге дейін 13 000 адам тексеруден өткен. Қытайдан келушілер арасында қызуы көтерілген және ауру белгілері бар адамдар анықталмады.

Ауру белгілері қандай?

Аурудың клиникалық белгілері – безгек, респираторлық белгілер, жөтел, демікпе және ауыр тыныс алу. Осындай белгілер анықталса, науқастар оқшауланып, медицина мекемелерінде емделеді.

Инфекцияның аса ауыр жағдайында пневмонияға, аса ауыр респираторлық синдромына, бүйрек жетіспеушілігіне, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес аурудың алдын алудың келесі жолдарын ұсынады:

  • Ухань қаласына және Хубэй провинциясына барудан бас тарту;
  • Қытайда болған қазақстандықтарда респираторлық ауру белгілері пайда болған жағдайда сапар кезінде немесе сапардан кейін медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге инфекция ошағында болғанын хабарлау;
  • Респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен байланыспау;
  • Науқастармен және оның жанында болған адамдармен тікелей қатынастан соң қолын мұқият тазалау;
  • Ауру жануарлар жанына жоламау;
  • Респираторлық инфекция белгілері бар адамдар жөтел кезінде аузын жауып, бір реттік майлықтарды қолданып, қолын жуып жүруі керек.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

23 Қаңтар 2020 18:48 21334



Қытай үкіметі адамдардың өмірін қиып жатқан жаңа вирустың жолын бөгеу үшін 11 миллионнан астам тұрғыны бар Ухань қаласын жапты. Оған қазір көлік жүрмейді, ұшақтар ұшпайды, кемелер қатынамайды. Және де елде азаматтардың бір жерге жиналуына тыйым салынып отыр. Өзге қалалар мен шет мемлекеттерді шарпи бастаған инфекция жүздеген миллион адамды жолға шығаратын мерекелік маусымда тіпті өршиді деген қауіп бар.

Бүгінде Қытайда ғана емес, бүкіл ғалам әуежайларында осы елден жеткен жолаушыларды скринингтен өткізу жұмыстары күшейтілді. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдік деңгейде төтенше жағдай жариялау және коронавирусқа халықаралық деңгейде жауап қайтару мәселесін бүгін қайта қарайды.

Планетаны осынша дүрліктірген бұл қандай дерт? Өзекті сауалға ғалымдардың қысқаша жауабы төмендегідей:

Бұл неткен вирус?

Ғалымдар оған жаңа коронавирус деген анықтама беріп отыр. Бұл – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Өйткені, коронавирус микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Олардың бірі тұмауға шалдықтырса, өзгелері жарқанаттар мен түйелерден және жануарлардан кездесіп, бүгінде ғылымда SARS (Ауыр әрі өткір респираторлық синдром) және MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы) деген акрониммен белгілі болып отыр.

Ол қайдан келді?

Жұмбақ вирус өткен айда Қытайдың орталығындағы Хубей провинциясының Ухань қаласында пайда болды. Оны алғашқы болып жұқтырғандардың көбі теңіз өнімдерін сататын базарға барған немесе сонда жұмыс істеген. Бұл сауда орны дереу тергеуге жабылды. Қытайдың медицина мамандары әуелде коронавирустың жануарлардан – адамға берілетінін ғана мәлімдесе, қазір оның адамнан – адамға жұғатынын мойындауға мәжбүр.

Коронавирус қаншалықты тарады?

Қытай коронавирусты 600-ге жуық адамның жұқтырғанын және одан 17 адамның қайтыс болғанын растап отыр. Жан тәсілім еткендердің ең үлкені –89-да, ең жасы 48-де. Құрбандардың барлығы – Уханьнан немесе оның айналасындағы елді мекендерден. Олардың орташа жасы – 73-те. Сонымен қатар, бұл вирус Таиланд, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Тайваньда да табылды.

Дерттің географиясы тіпті кеңейеді деген болжам бар. Себебі, Қытайда және шетелде алдағы күндері жүздеген миллион адам Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеу үшін жолға шығып, сапарлар маусымы басталады.

Симптомдары қандай?

Бұл вирусқа тән симптомдар – тұмаурату, бас ауруы, жөтел және дененің қалшылдауы. Сонымен қатар, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және олардың алдын-алу орталығының мәлімдеуінше, коронавирустың едәуір қауіпті түрін жұқтырғандар демігеді, қалтырайды, ал ауруы асқынған жағдайда пациенттер пневмонияға шалдығуы мүмкін.

Оны қалай емдейді?

Қазір жұмбақ вирусты анықтау жолында сынақтар жүргізіліп жатыр. Алайда, бұл инфекцияға тосқауыл қоятын вакцина әлі жасалған жоқ. Демек, ол жылына талай адамның өліміне себеп болатын кәдімгі тұмаудан қатерлі болуы мүмкін. Сондықтан, қауіпті дерттің кең тарауына жол бермеу мақсатында коронавирусты жұқтырғандар ауруханалар мен үйлерінде оқшауланады. Ал, оның симптомдары ауруды жеңілдететін және лихорадкаға қарсы дәрілермен емделеді. Сонымен қатар, мұндай науқастарға суды көп ішіп, жазылып кеткенше тынығуға кеңес беріліп отыр.

Коронавирустар қалай жұғады?

Коронавирустардың көбі жөтелгенде, түшкіргенде немесе осы инфекцияға шалдыққандарды ұстағанда жұғады. Ғалымдардың сөзінше, жаңа вирус адамнан-адамға жақын байланыста болғанда, тыныс алу жолымен беріледі. Ол SARS-тан қауіпті ме?

Әзірге бұл вирус SARS-тан қауіпті емес. Соңғысы да 2002-2003 жылдары дәл осы Қытайдан тарап, 800-дей адамның өмірін қиғаны белгілі. Дегенмен, жұмбақ коронавирус қазіргіден де қауіпті немесе жұқпалы формаға ауысуы мүмкін деген болжам бар. Мұндай жағдайда оның зардабы қандай болары бүгінше белгісіз.

Арыс Әділбекұлы

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :




22 Сәуір 2020 17:18 235


Коронавируске қатысты елдегі ахуалды баяндаған еліміздің санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова індеттің шарықтау шегіне жеткенін айтты.

Бас санитар вируспен күреске тартылған медицина мамандарына үстеме ақы қалай төленіп жатқанын да айтты.

Еліміздің денсаулық сақтау саласында 250 мыңдай адам жұмыс істейді. Солардың ішінде эпидемиолог мамандар тапшы. Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында осындай дерек айтты.

Індетпен күресіп жатқан 16,4 мың маманның 652-сі вирус жұқтырған. Әзірге бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстары таза тұр. Бас санитар қай өңірде қанша дәрігер коронавирус жұқтырғанын айтты.

Есжан Ботақара

20 Сәуір 2020 15:17 937


Бірнеше күн бойы жақ ашпаған Ухань зертханасы Батыс таққан кінәға алғаш рет жауап қатты. Коронавирусты жеңген қаланың аса құпия зертханасы мәлімдегендей, жұмбақ вирустың бұл мекемеден шығып кетуі мүмкін емес.

Қазір Бейжің пандемиямен күресте көп жайтты жасырды деп айыпталып, сол үшін әлемде үлкен қысымға ұшырап отыр. Құрама Штаттар болса, коронавирус Ухань Вирустану Институтының биологиялық зертханасынан тарады ма деген мәселені тергеуге кірісті.

Сонымен қатар, бұл институт осы теорияны ақпанда да жоққа шығарып, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына қатерлі патоген туралы ақпаратты қаңтарда-ақ жібергенін мәлімдеген еді.

Алғашында Ухань басшылығы эпидемияны жасыруға тырысып, инфекцияны жұқтырғандар туралы ресми мәліметтері көп күмән тудырды. Сонымен қатар, үкімет ауру өршіп тұрған шақта, коронавирусқа шалдыққандарды анықтау критериясын қайта-қайта өзгертті. Ал, өткен аптада жергілікті билік коронавирустан қайтыс болғандарды санауда қателік жіберілгенін мойындап, Covid-19 құрбандарының санын бірден 50 %-ға көтерді.

Осылайша, әлемнің алпауыт экономикалық державалары арасында сөз соғысы қайта өршіп отыр. Дегенмен, көптеген бақылаушының ойынша, коронавирус дағдарысы ушыққан шақта Вашингтон мен Бейжіңге бұрын-соңды болмаған ынтымақтастық қажет.

Кейбір америкалық демократтардың ойынша, Қытай коронавируспен алғашында нашар күрескенімен, АҚШ президенті бұл кемшілікті вируспен күресте өзі жіберген ағаттықтардан қоғам назарын басқа жаққа аударуға қолдана бастады. Трамп күздегі сайлау қарсаңында антиқытайлық мәлімдемелерімен халық алдында ұпай жинағысы келеді деп сынға ұшырап отыр.

Дегенмен, Ақ үй Бейжіңмен арадағы қатынастарды тым шиеленістіруге мүдделі емес. Өйткені америкалық медицина қызметкерлеріне коронавируспен күресте Қытайда жасалған өзін-өзі қорғау құралдары ауадай қажет. Сонымен қатар, Трамп Қытаймен тайталаса берсе, әрең дегенде қол жеткізілген сауда келісімін бұзып алады деген қауіп бар.

Айта кетсек, Құрама Штаттарда коронавирусты 720 мыңнан астам адам жұқтырып, 37 мыңдайы қайтыс болды. Бұған қоса, мұнда карантиндік шектеулер салдарынан бизнес тұралап, өткен айда 22 миллиондай америкалық мемлекеттен жәрдемақы сұраған.


Вирустарды зерттейтін ғылымды ви­ру­со­логия деп атайды. Құрамын­дағы қыш­қыл түріне байланысты рибонук­лейнді (РНҚ) және дезаксириболнуклейнді (ДНҚ) деп екі топқа бөледі. Вирустарда өз кезегінде ортапоксвирус, герпесвирустар, аденовирустар, парвовирустар, реовирустар, парамиксовирустар, ортомиксовирустар, коронавирустар және т.б. болып бөлініп кете береді.

Дәл қазіргі дүниені дүрліктірген коронавирус өте аз зерттелген вирустарға жатады. Ашылғанына да көп бола қойған жоқ, 1968 жылы ғана жеке топ ретінде бөлінді. Коронавирус дейтін себебі, ауру қоздырғышын электронды микрос­коппен қарағанда вирустың антигендік құрылымы (нуклеокапсид) ортасы дөңге­лек­­теніп келіп шет жақтарынан жан- жаққа қарай бұтақ тәрізді өсінділер тарай­тындықтан оны коронаға (тәжге) ұқ­сатып коронавирустар деп атап кеткен.

Коронавирус тудыратын аурулармен адамдармен бірге ірі қара мал, түйе, шошқа, ит, мысық және т.б. жануарлар да ауырады.

Коронавирустар негізінен тыныс алу, ас қорыту, жүйке жүйесін көп зақым­дайды. Ауру көп жағдайда жеңіл өт­кенімен, оның кейбір штаммдарынан күрделі асқынулар пайда болады. Ко­ро­навирустар мутацияға өте бейім келе­ді, бір түрден екінші бір түрге жылдам өзгеріп, алғашқыда жануарларда, со­ңы­нан адамдарда, белгілі бір уақыттан кейін қайтадан жануарларда ауру тудырады.

2019-nCov Ухань коронавирусы деп аталатын жаңа коронавирус алғаш рет 2019 жылы бөлінді. Бастапқыда онымен балық базарына барған адамдар ауырды, адамдар ауруды жануарлардан жұқтырды деген болжам бар, бірақ қандай жануар екені айтылмады. Ақпарат құралдарының деректері бойынша айтылған базарда теңіз сүтқоректілерінен басқа, жарғанат, тауық, қоян, жылан және жануарлардың басқа да түрлері сатылған. Осы жануар­лардың бірі ауру ошағы болуы мүмкін, вирус зооноз ретінде жануарлар мен адамдар арасындағы байланыстан немесе көптеген микробтар тәрізді ауалы-тамшылы жолдар арқылы тараған. 2020 жылы 20 ақпанда дәрігерлер вирустың адамнан адамға жұғатынын дәлелдеді.

Негізгі жұғу жолы ауалы-тамшылы, яғни адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады. Сирек жағдайларда болса да жұғудың контактілі түрі де кез­деседі. Тыныс алу, ас қорыту және жүйке жүйесінің ішіндегі ең көп зақымдалатыны тыныс алу жүйесі.

Аурудың белгілері өкпе қабынуының және жедел респираторлық синдромның ауыр түрінің белгілеріне ұқсас келеді. Ауырған адамда құрғақ жөтел пайда болады, мұрыннан су ағады, тамағы жыбырлайды, температура 38 0 С және одан да жоғары болады, тыныс алу қиын­д­ап, ауа жетпей қалады, адамның көкі­рек тұсы қатты ауырады, басы ауырады, еттерде ауыр­сыну белгілері пайда болады (миалгия), әлсіздік белең алып, өкпе ұл­па­ларының прогрессивті бұзылуы салдарынан адам естен танып, өліп кетуі де мүмкін.

Коронавирустар тұқымдасы 40 түрлі вирустан тұрады. Өткен ғасырда тіркелген коронавирустар жедел респираторлық вирустық инфекциялардың қоздырғышы ғана болып, аса қауіп тудыра қоймаған болатын. 2003 жылы коронавирустың ТОРС-СоV деген түрі әлемнің 33 елінде пнев­мо­нияның (өкпе қабынуының), кә­дім­гі пневмонияға тән емес түрін та­ра­тып, одан 623 адам көз жұмды. Ға­лым­дар Уханьдағы 2019-nCoV корона­ви­русы мен өкпе қабынуының өте ауыр түрін қоздыратын ТОРС-СоV коро­навирусының бір-біріне 70 пайыз ұқсас екенін анықтап отыр. Коронави­рустар тарататын пневмония бактериялар тарататын пневмонияға қарағанда өте күрделі әрі жылдам өтеді. Мұндай жағдай ауруға жылдам диагноз қойып, емдік шаралар жүргізуді қиындатады.

Коронавирустың МЕРС-СоV деген түрі 2012 жылы Сауд Арабиясында ін­дет­тің өте ауыр респираторлы синдромын тудырып, одан 416 адам өлімге ду­шар болды, бұл көрсеткіш ауруға шал­­дық­қан адамдардың 35 пайызы бола­тын. Адамдар ауруды түйелерден жұқ­тыр­ған. Қазіргі жаңа коронавирусты ғалым­дар 2002 жылы Қытайда өкпе қабынуы­ның өте ауыр, кәдімгі өкпе қабынуына ұқса­майтын түрінен эпидемия тудырған SARS коронавирусына ұқсатып отыр.

Аурудың біліне қоймайтын инкуба­ция кезеңі өте қысқа 6-14 күн аралы­ғын­да, ал ауру адамнан адамға жұғатын болса тіптен қысқа болып 5-6 күннен ары аспайды. Мұндай қысқа мерзімде аурудың белгілері толық пайда болып үлгермейтіндіктен аталған індет­ке диагноз қою қиындық тудырады. Сондықтан емдеу шаралары кеш басталып, көп жағдайда нәтижесіз аяқталады. Коронавирусты індеттің клиникалық белгілері жедел респираторлық вирус­ты аурулардың белгілеріне өте ұқсас ке­летіндіктен дұрыс диагноз қоюға мүм­кіндік бермейді.

Иммунодиагностикалық зерттеу әдіс­тері арқылы нәтижелі диагнозды ауруды жұқтырғаннан кейін 21 күннен соң ғана қоюға болады. Иммуноферментті талдау (ИФА) арқылы диагнозды ауру пайда болғаннан кейінгі 10 күннің ішінде қоюға мүмкіндік туады. Ең нәтижелі әрі жылдам қойылатын диагноз әдісіне молекулярлық-генетикалық құбылысқа негізделген полимеразды тізбекті реакцияны (ПЦР) жатқызамыз. Оған сынама ретінде қанды, сілекейді және басқа да физиологиялық сұйықтықтарды қол­данады. Бұл әдіс арқылы диагноз қоры­тындысын 4-5 сағат әрі кеткенде 1 күн­нің ішінде алады. Аталған әдіс ДНҚ фраг­менттерінің ең аз мөлшерінің өзін көбей­туге мүмкіндік туғызады. Бірақ бұл әдіс арқылы диагноз қою қымбатқа түседі.

Емдеу әдістеріне келетін болсақ, жаңа коронавирусқа тікелей қарсы әсер ететін препарат әлі табылған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хаттамасы бо­йын­­ша науқас толық оқшауланады да, ауру­­дың ауыр, жеңілдігіне, індетті құбы­лыс­тың өту ерекшелігіне байланыс­ты жалпы вирусқа қарсы емдік шаралары жүргізіледі.

Індеттен қорғанудың қарапайым әдіс­теріне мыналар жатады: қолды сабындап жуу, соңынан спиртпен сүрту, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен жауып тұру, тұмау және суық тию белгісі бар адамдармен көп араласа бермеу жолдарын қарастыру, жұмыртқа және ет өнімдерін қайнатқаннан кейін қолдану, үй жануарлары мен жабайы аңдарға көп жақындай бермеу және т.б.

Қазіргі таңда коронавирус індетінің алдын алу үшін қолданылатын вакцина жоқ. Қытай ғалымдары вакцина алу жолда­рын қарастырып жатыр. Олар індет қоз­дыр­ғышын бөліп алғанмен, вакцина жасауға қажетті штаммды әлі толық анықтай алмай отыр. Бұл өте ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Зардабы өте жоғары, әлі толық зерт­теле қоймаған, елімізде бұрын-соңды тір­келмеген коронавирус тәрізді экзоти­калық аурулар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын биологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары зертханалық орталықтар мен институттар ғана жүргізе алады.

Мұндай мүмкіндігі бар кәсіпорын Қазақстанда екеу ғана. Бірі – Отардағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институты, екіншісі – Алматыдағы Орталық референттік зертхана.

Ал күрделі ғылыми-зерттеу жұмыс­тарын жүргізуге Орталық референттік зерт­хананың мүмкіндігі мол. Бір ғимарат­та 3 министрліктің ғалымдары жұмыс істейтіндіктен ғылыми-зерттеу проблемаларын бірлесе, кешенді түрде шешуге толық негіз бар. Әкелінген сынамалар жан-жаққа тасымалданбай бір ғимарат ішінде жүргізілетіндіктен, оның сыртқы ортаға таралуына жол берілмейді.

Қорыта айтқанда, коронавирус және басқа да экзотикалық және эмерджентті ауру­лармен күресу кешенді, жедел және жан-жақты, ең бастысы ғылыми-зертт­еу жұмыстарына негізделген болса, ауру тез ауыздықталып, еліміздің биологиялық және осыған негізделген басқа да қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілетіні сөзсіз.

Батырбек АЙТЖАНОВ,

ҚазҰАУ профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.

Copyright © Иммунитет и инфекции