Гепатит в деген ?андай ауру

Бұл өмірде бауырың бүтін болғанға не жетсін?! Осы сөздің аясына бірнеше мәнді сыйғыза салған қазақтың даналығына қайран қалмасқа амалың жоқ. Денің сау, отбасың аман болсын дегенді осы бір ауыз сөздің аясына енгізген.


Роза Торғайқызы еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Бірінші маман­дығы – жұқпалы ауруларды емдейтін дәрігер. Кейіннен гепатология саласына ауысқан. Бұл екеуінің бір-бірімен тығыз байланыстағы сала екендігін бірі білсе, бірі білмес. Өйткені жұқпалы аурулардың бір түрі ретінде жұқпалы бауыр ауруы белгілі.

– Вирустық гепатиттер жұғу жол­дар­ына қарай екі үлкен топ­қа бөлінеді: энтеральды және парен­те­ральды. Біріншісі жедел-ішек аурулары сияқты ауыз арқылы жұға­тын вирустар. Парентеральды гепатиттер болса, қан арқылы жұ­ға­ды. Сондай-ақ бұл вирустық ге­патиттер жыныстық қатынас, терінің тұтастығын бұзатын бірқатар жайттар (соның ішінде маникюр, педикюр, операция жасау құралдары және т.б.) арқылы да тамырын жаяды. Көрдіңіз бе, барынша абай болу керек.

– Бауыр аурулары жұғу арқылы пайда болады дедік, ал тумысынан бауыры мазалайтындар болмай ма?

– Жоқ, туғаннан бері бауыры ауыратындар болмайды. Дегенмен адамның даму барысында ең жиі кездесетіні – вирустық ге­па­тит­тер. Яғни, олар жас тал­ға­майды, тұқым қуаламайды әрі өздігінен пайда болмайды. Елі­міз­де ең жиі кездесетін түрлері – гепатит B, C және D. Қа­зір­гі таңда Қазақстанның барлық қалаларында гепатологиялық орта­лық­тар ашылған. Ол жерлерде нау­­­қастар тексерістен өте алады. Жо­ғарыда атап өткен гепатит түр­ле­рімен ауыратындарға Үкімет тарапынан ақысыз ем жасалады. 2009 жылы В, С, Д вирусты гепатит­терді әлеуметтік маңызды аурулар қатарына енгізу туралы Үкімет каулысы кабылданды.

Осыған байланысты 2010 жылы Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы В, С, Д вирусты гепатитпен ауыратын науқастарды диагностикалык тексеруден өткізу және емдеу тура­лы бұйрық жариялап, алдымен ба­лаларды, 2011 жылы ересектерді емдеу жүзеге асырылды. 2012 жылы осы бұйрыққа толықтырулар ен­г­ізіліп, созылмалы В, С, Д вирус­ты гепатиттерімен ауыратын нау­­­қастар үшін ақысыз ем ҚР аза­­­­мат­­тарына жүргізілуде. Осы бұйрық күшіне енгелі науқастардың саны артып келеді. Олай дейтін себебіміз – бұрын ақылы түрде ем қабылдайтын кезде есепке бірі тұрса, бірі тұрмайтын. Бүгінде тір­келіп, тегін емделгісі келеді. Не­гізі, науқастардың саны артты дегеннен гөрі, есепке тұратындар көбейді де­ген дұрыс. Сәйкесінше, ем алғысы ке­летіндердің тізімі де ұзарды. Кезегі келген уақытта емделе алады.

– Халық арасында бауыр іріп кетеді деген түсінік бар. Ол шынымен іри ме?

– Бауырды бүтін сақтау үшін қандай тағамдарды жемеген жөн?

– Дені сау адамдар да бауырын сақ­тауды ойлауы тиіс. Бауыр жұмы­сы­на кедергі келтіретін тағамдар болады. Ең алдымен, алкогольді ішімдік ішпеген абзал. Жалпы, құрамында алкоголі бар дүниелерден алшақ болу керек. Сонымен бірге, газдалған сусындарды да барынша азайту қажет. Еттің өзін пісіріп жі­беретін коланы алып қарайық. Демек, ол асқазанға, бауырға әсер беруі ықтимал.

– Коланы күнделікті ішетін әде­тім бар еді. Сіздің сөзіңізден соң қорқа бастадым…

– Газдалған сусындарды түбе­гей­лі ішпеу керек деген – қате тү­сінік. Оны майлы тағамдардан соң ішсе жақсы болады. Астың қорытылуына көмектеседі. Тек есте сақтау керек бір жайт – аш қарынға ішуден алшақ болыңыз. Тіпті соны мүлдем ішпегеннен еш­теңе жоғалтпайсыз. Оның жанын­да өзіміздің, қазақтың ұлттық тағам­да­ры қандай керемет?! Тұнған та­биғи өнімдер, дәрумендерге бай. Со­нымен бірге, көкөністердің бар­лық түрі, жас малдың, құстың, балық­­тың еті өте пайдалы. Яғни, ми­к­ро­эле­мент­тері, ақуызы мен дәрумені көп тағамдарды жеген дұрыс. Кон­сер­віленген өнімдердің де зияны бар. Бұдан бөлек дәрігердің нұсқауынсыз дәрілерді оңды-солды алып, іше беруге тағы болмайды. Өйткені дәрі-дәрмектердің өзі де зиян. Нақты бауырға қатысты айтар болсақ, туберкулездің, диабеттің дәрілері бауырға токсикалық әсер береді. Сондықтан осы дәрілерді қабылдауға мәжбүр болған науқастар (туберкулез, қант диабетімен ауы­­ратын науқастар) уақытылы тек­серістерден өтіп жүру қажет. Қандай тамақ ішкен дұрыс десеңіз, табиғи өнімдер туралы айттым. Соның ішінде саумалдың қасиетіне тереңірек үңілу керек. Бұл жерде саумалды қымызбен шатастырмау керек деп ескерткім келеді. Биенің сүті мен ашытылған қымыздың арасы жер мен көктей. Қымыздың құрамында аз мөлшерде болсын, алкоголь пайда болады.

– Әңгімемізді бауыр транспланта­ция­сы турасында бұрсақ. Бұл процесс қалай жүреді?

– Емдеудің өзге амалдары қал­­ма­ған жағдайда ғана қабыл­да­на­тын шешім – трансплантация. Бір Алматының өзінде былтыр 150-ге тарта ота жасалғаны туралы ста­тис­ти­ка белгілі. Аталған про­цесс екі түрде жүзеге асады: мәйіттік және туыстық донорлық. Алғашқысына тоқталар болсақ, қайтыс болған адамдардың сау мүшелерін өзге мұқтаж жандарға салады. Туыстық донорлық болса, науқастың туыс­қан­дары арасынан шығады.

– Бауыр өсуге қабілетті болғаны ма?

– Иә, бауырдың көлемі донорда да, реципиентте де өседі. Кейін қалып­қа келеді. Әрине, кейде қиын­­дық­тар туындап қалатын жағ­дайлар кездеседі. Бірақ елімізде бұл саланың дамуына жақсы деген баға беруге болады. Бұрын ағза ауыстырып салу болмаған кезде өмірінің соңғы күндерін санаумен өткізетін болса, қазір жағдай өзгерді. Тіпті мынадай қызық жағдай болған. Бір әйел трансплантациядан соң бір жылдан кейін бала көтеріп, ана атанды. Әрине, мұның өте қауіпті екенін ескерттік. Дегенмен бәріне шыдайтынын айтып, жүкті болды.

– Мәйіттік донорлық мәдениеті қалыптасқаны дұрыс па?

– Дұрыс айтасыз. Себебі, көп адамдар келісе бермейді. Негі­зі, болашақта осы турасында дұ­­­рыс түсінік қалыптасады деп ой­лай­мын. Туыстарының та­ра­пы­нан келіспеушілік көп. Өйткені туғанының пышаққа түсіп, тілгі­ленгенін кім жақсы көреді? Бірақ уақыт өте келе өзгереді деген сенім­демін.


Сырқаттардың 90 пайызы - өткір гепатитке шалдығады: мұндайда науқастың көзі мен терісі сарғайып кетеді. Алайда, емделіп шыққан пациент бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Гепатиттің айқын әрі көпшілікке таныс белгілерінің бірі - сарғаю. Бірақ кей жағдайда аурудың ешқандай белгісі байқалмауы да мүмкін. Сол себепті өзін жайсыз сезінген адам денсаулығы мен ағзасында болып жатқан өзгерістерге мұқият зер салғаны абзал. Вирус организмге түскеннен кейін бауыр жасушаларын зақымдап, оның қызметі бұзылады. Қабынған бауыр дер кезінде емделмесе жасушылардың орнында ешбір функция атқармайтын пайдасыз тін пайда болады. Кейін ол фиброз, циррозға немесе қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында вирусты гепатит салдарынан туындаған өткір инфекциялар, цирроз сынды бауыр аурулары 890 мың адамның өмірін қиды. 2013 жылы бұл көрсеткіш 1,45 миллионға жетті. Мұның бәрі гепатитті қауіпті дерт ретінде мойындамаудан, көпшіліктің бұл ауру жайлы көп біле бермеуінен дейді мамандар. Әлемдік статистикаға сүйенсек, дүниежүзінде 250 миллионнан астам адам В гепатиті вирусын жұқтырған болса, тағы 71 миллион адам С гепатитімен ауырады. Сарыаурудан болатын өлім-жітімнің 96 пайызына гепатиттің дәл осы екі түрі себепкер. 2017 жылы Қазақстанда 70 мыңға жуық адам гепатит жұқтырған, оның 5 147-сі ауруды жаңадан жұқтырғандар.

Таралу жолдары

А және Е гепатиті вирусы жуылмаған азық-түлік арқылы, ал қалған түрлері жыныстық жолмен және қан арқылы таралады. Бірақ бұл ауруды нашақорлар немесе тәнін саудалайтын түнгі көбелектер ғана жұқтыруы мүмкін деген сөз емес. Егер дұрыстап зарарсыздандырылмаса маникюр, татуировка жасайтын құралдардан, стоматологиялық және хирургиялық құралдардан да қауіп төнуі мүмкін. Тазалық сақтаған жағдайда вирус тұрмыстық жолмен таралмайды. В гепатиті анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану барысында берілуі ықтимал.

ImperialCollegeLondon және UniversityofWashington ғалымдары вирусты гепатиттің өлім-жітім жағынан малярия, ВИЧ, СПИД пен туберкулезден кем түспейтінін дәлелдеді. Ғалымдар 1990-2013 жылдар аралығында, яғни 23 жыл бойы әлемнің 183 елінен мәлімет жинақтаған. Осы уақыт ішінде бауыр ауруынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 63 пайызға өскен. 1982 жылдан бастап дүние жүзінде В гепатитіне қарсы 1 миллиард доза вакцина салынған. Соған қарамастан одан болатын өлім саны азаймай отыр.

Ал туберкулез, ВИЧ пен СПИД-тен болатын өлім-жітім зерттеу жұмыстарына жұмсалған инвестиция мен күштің арқасында азайып келеді. 2013 жылы әлем бойынша СПИД-тен 1,3 млн, туберкулезден 1,4 млн, маляриядан - 855 мың адам көз жұмған. 2000-2016 жылдар аралығында ВИЧ індетін жаңадан жұқтырғандар саны 39 пайызға, одан болатын өлім-жітім де едәуір қысқарған. Ал, гепатиттен 2013 жылы 145 млн адам көз жұмыпты. Гепатиттің қаһары қайтпауының бір себебі - қаржының тиісінше бөлінбеуі, дейді мамандар.

Сақтықта қорлық жоқ

Жалпы, бұл аурудың тырнағына кез-келген адам ілігуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тұрмысы бақуатты, дамыған елдерде тұратын азаматтар ағзасы керісінше, вирусты тез қабылдауы мүмкін. Сондықтан "сақтықта қорлық жоғын" естен шығармаған жөн. Ол үшін қауіпсіздіктің қарапайым ғана ережелерін есте сақтаңыз. Әйелдер маникюр жасағанда өз жиынтығын пайдаланғаны дұрыс немесе құралдарын мұқият зарарсыздандыратын сенімді маман тауып алыңыз. Жалпы, өткір, кесетін құралдармен қызмет көрсететін кез-келген жерде (стоматологиялық клиника, барбер-шоп, тату салоны) абай болған дұрыс. Бірақ кейде гепатит адами факторға қатысы жоқ беймәлім жағдайларда да таралуы әбден мүмкін. Оған 1988 жылы азық-түлік пен ауыз судың ластануы салдарынан 300 мың адам сарыауру жұқтырған Шанхай оқиғасын мысалға келтіруге болады. Дегенмен сақтықты көпшілік жиналатын орындардан, науқастардан іргені аулақ салу деп түсінбеген жөн. Шын мәнінде, В гепатиті бассейн арқылы, сүйіскенде немесе құшақтасқанда, сондай-ақ, ортақ ыдыс-аяқ арқылы жұқпайды.

Вакцина аурудың алдын алуға көмектеседі

Вакцина мәселесінде жұртшылықтың пікірі екіге жарылғаны белгілі. Екпеге қарсылық білдіріп жүргендер олардың құрамында балаларды аутизм, диабет, склероз, бедеулік сынды ауруларға шалдықтырып, зейін қою қабілетін төмендететін заттар барын алға тартады. Алайда, ДДСҰ мәліметінше, дәл осы иммундау шарасы жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік береді. Вакцина организмнің қорғаныс жүйесін белгілі бір аурудан немесе инфекциядан қорғауға жұмылдырады. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екпе егу шарасын денсаулыққа салынатын тиімді инвестиция деп таныды.

Қазақстанда жаппай екпе егу нәтижесінде соңғы 25 жылда В гепатитімен ауырғандар балалар саны 1234,5 есе, ересектер арасында аурудың таралу көрсеткіші 311,5 есе азайған.

Қазір A, B, D және E гепатитіне қарсы вакциналар бар. Өкінішке орай, олардың бағасын қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге жасалған жоқ.

«Бүгінгі таңда гепатиттен қорғанудың ең тиімді жолы - екпе салдыру. Мемлекет кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті арқылы азаматтарға қауіпті аурулардың, соның ішінде, гепатиттің алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Соңғы 25 жылда Қазақстанда В гепатитігне шалдыққандар саны 30 есе азайған. Міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін де екпе егу тәртібі өзгермейді. Қазақстандықтар вакцинаны сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамастан бұрынғыдай тегін салдыратын болады

Балаларды гепатитке қарсы егу кестесі бар. Ең алғаш рет нәрестелерге туғаннан бастап 4 күнге дейін екпе егеді. Екінші рет 2 айлығында, үшінші рет төр айлығында салынады. Сонымен қатар, медицина саласының қызметкерлері, қан құйдырған пациенттер сынды қауіп-қатер тобына жататындарға да вакцина салынуы мүмкін", дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.


Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) деректері бойынша әлемде 325 млн адам В немесе С вирусты гепатитіне шалдыққан.


Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) деректері бойынша әлемде 325 млн адам В немесе С вирусты гепатитіне шалдыққан, жыл сайын осы дерттен 1,4 млн адам көз жұмады. Өлім-жітім деңгейі жағынан аталған инфекциялық ауру туберкулезден кейін екінші орында тұр. Ал гепатит жұқтырғандар саны АИВ санынан 9 есеге көп.

Вирусты гепатит тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде емделеді, яғни мемлекет есебінен қаржыландырылады. Ал Медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттері бойынша үкімет белгілеген шеңберде тұрғындар үшін қызметтерді сатып алушы қаржы операторы болып табылады.

Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында вирусты гепатиттер жайында жоғары санатты инфекционист-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Аяпбекқызы Баешевадан сұраған едік.

- Динагүл Аяпбекқызы, гепатит, вирусты гепатит дегеніміз не? А, В, С гепатиттеріне сипаттама бере кетсеңіз. Олар қандай жолдармен таралады? Адамнан адамға қалай жұғады?

- Вирусты гепатит - бауыр жасушаларының вирустармен зақымдалуы. Гепатит, вирусты гепатитті тудыратын бірнеше вирустар бар. Олар өз алдына екі топқа бөлінеді: энтеральды (ауыз арқылы жұғатын А, Е гепатиттері) және парэентеральды гепатиттер (В, С, дельта, тета, т.б. вирустар). А, Е энтеральды гепатиті адамнан адамға инфекция, вирус түскен су, тағам арқылы жұғатын болса, парэентеральды гепатит қан арқылы жұғады (мысалы, адамға гепатитпен ауырған науқастың қаны құйылса немесе стоматологқа барғанда дәрігерлер ауырған адамға қолданған құрал-сайманын басқа адамға қолданатын болса, сонымен қатар, маникюр, педикюр, денеге татуировка сурет салатын жерлерде де жұғуы мүмкін). А гепатиті көбінесе көктем, жаздың аяғы, күз айларында кездессе, парэентеральды гепатит жыл бойына кездесе береді.

- Ал клиникалық белгілері қалай байқалады?

- Энтеральды, парэнтеральды гепатиттердің өзінің клиникалық белгілері бар, өзінің кезеңі бар. Мысалы, А гепатитіне келсек, оның дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі - инкубациялық кезең. Ол 5-45 күнге дейін созылса, одан кейін 4-7 күнге созылатын программалды кезең (немесе сарғаю алды деп те атайды) басталады. Одан әрі сарғаю, жазылу кезеңдері.

Ал парэнтеральды, В, С гепатиттеріне келсек, оның инкубациялық кезеңдері 6 айға дейін созылады. Сарғаю алды білінбейді. Науқас күннен-күнге шаршап, біраз уақыттан кейін өзінің сарғайғанын біледі, қашан ауырғанын айта алмайды. Сондықтан оларға эпидемиялық анализ жинап, клиникалық көріністеріне мән берсек, қандай гепатит екенін білуге болады.

- Нақты диагноз, қан талдамасынан кейін қойылады ма?

- Әрине, нақты диагноз қан талдамасынан кейін қойылады. Оның биохимиялық және серологиялық зерттеу жолдары бар. Биохимиялық зерттеу аурудың қандай дәрежеде өтіп жатқанын көрсетсе, серологиялық зерттеу қандай гепатит екенін, В, С не болмаса Е гепатиті екендігін, аурудың қандай кезеңі екендігін анықтап береді.

- Алғашқы симптомдары ауру жұқтырғаннан кейін, қанша уақыттан кейін белгілі болады?

- А гепатитін жұқтырған адамда сарғаюдың алдында әртүрлі белгілер байқалады. Мысалы, тұмау ауруымен ауырып қалған тәрізді дене қызуы көтеріліп, құсуы мүмкін. Не болмаса ішек ауруы тәрізді басталып, іші өтіп, не буындары сырқырап, басы айналуы мүмкін. 5-6 күннен кейін денесі, көзі сарғая бастайды. Кіші дәреті қою қоңыр түсті болады да, үлкен дәреті ағарып кетеді.

Ал В, С гепатитіне келсек, ол біраз уақыт созылмалы түрде өтеді. Ауру ауырғанын сарғайғанда ғана болмаса, бірден біле қоймайды. Мұндай жағдайда біз анализдік талдау жасап, эпидемиологиялық анамнездерін міндетті түрде сұрауымыз керек. Науқас сырқаты жасырын өткен 6 айдың ішінде тіс емдеген болса, не болмаса бір аурумен ауырып қан құйылған болса, т.с.с. гепатитті басқаларға да жұқтыруы мүмкін деп ойлауымызға негіз бар.

- Вирусты гепатит толық емделе ме?

- А гепатиті жедел түрде өтеді. Сондықтан ол созылмалы түріне айналмайды, толық емделсе, ауру жазылып кетеді. Е гепатиті, әсіресе, жүкті әйелдерде кездессе, ол қауіпті. Ал В, С, дельта гепатиті секілді қан арқылы жұғатын гепатиттердің 30-40 пайызы созылмалы түрге айналып кетуі мүмкін. Жедел емделмесе, цирроз аурына, тіпті әрі қарай бауыр обырына апарып соғуы мүмкін. Сол жағынан, ол өте қауіпті.

- Динагүл Аяпбекқызы, емделгеннен кейін бауырға ерекше күтім қажет екені белгілі. Емделуші қандай өмір салты мен тамақтану режимін ұстануы керек?

- Емделгеннен кейін, міндетті түрде бауырға ерекше күтім қажет. Сондықтан, біріншіден, дәрігер айтқан тағамды ғана жеу керек. Тағаммен бірге режим сақтау керек. Ауыр жүк көтермеу керек. Гепатитпен ауырған науқастардың барлығы міндетті түрде диспансерлік бақылауда тұрады. Биохимиялық зерттеулерден өткізіп, бауырдың жасушаларының жұмыс атқаратын күшін дәрігерлер бақылап қарап отырады. Сондықтан, осы айтылған режимдерді міндетті түрде ұстануға тиісті. Ауру ағымы оның ауыртпалығына байланысты, сондықтан гепатиттің әрбір түрінің өз режимі бар деп айтуға болады.

- Тағам түрлерін нақтылай кетсеңіз.

- Қуырылған және жартылай дайын тамақтарды, шикізаттарды, ұзақ сақталатын консерванттар қосылған тағамдарды жемеу керек. Ішімдік, кока-кола, т.б. газдалған, химиялық заттар қосылған сусындар ішуге болмайды. Сонымен қатар, дәрілік заттарды да қолданған күнде, бауырға әсері аз түрін қарастыру керек.

- Ал жалпы вирусты гепатиттің алдын-алу, одан сақтану үшін оқырмандарға қандай кеңес бересіз?

– Вирусты гепатитті халық арасында сары ауру деп атайды. Созылмалы вирустарға өте көп көңіл бөлу керек. Әсіресе, өздері ауырып, ана болуға дайындалатын қыз-келіншектер денсаулықтарын күтуі тиіс. Екпелерді уақытылы алып, скринингтен өтіп тұрған дұрыс. Сары ауруға немқұрайлы қарауға болмайды. Неге десеңіз, созылмалы вирусты гепатиттің соңы бауыр обырына айналуы мүмкін. Сондықтан сақтану керек.

Сұхбатты жүргізген Жанаргүл Үмбетова,

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының

ақпараттандыру бөлімінің бас сарапшысы


Гепатит немесе сары ауру – гепатит вирустары мен инфекциялардан болатын бауырдың өткір және созылмалы қабыну аурулары.

Гепатит көп жағдайларда симптомсыз өтеді, немесе басқа аурулардың симптомдарына ұқсас келетіндіктен, диагнозды дер кезінде қою қиын. Сонысымен гепатит қауіпті ауру саналады. Асқынуының салдарынан бауыр циррозы, бауыр ісігі, фиброз сияқты қауіпті ауруларға алып келеді.

Симптомдары:

Аурудың сипмтомдары оның даму кезеңіне қарай әртүрлі келеді.

І кезең (7-50 күн)

Гепатиттің І кезеңі 7 тәулікке созылатын инкубациялық кезең болып саналады. Бұл сатыда инфекция бүкіл ағзаға тарайды. Бұл кезең симптомсыз өтеді немесе білінер-білінбес сезіледі.

ІІ кезең (50-62 күн)

Екінші кезеңнің алғашқы белгілері:

  • Әлсіздік
  • Бұлшық ет, буындардың сырқырап ауруы
  • Тез шарщау

Науқас өзін жабырқау, солғын сезінеді, тәбеті жоғалады. Науқастың іші, оң жақ қабырға асты ауырсынады. Ауырсыну оң жақ жауырынға және иыққа берілуі мүмкін. Дене қызуы 37-38°С көтеріледі. Бас ауру мазалайды. Кей жағдайларда науқас қышынуы мүмкін.

ІІІ кезең немесе асқынуы (62-98 күн)

Гепатиттің асқынуының белгісі – сары ауру немесе Госпела ауруы. Бұл бауырдың әлсіреуінен болады. Бауыр билирубинді қорыта алмайтындықтан, ол қанға түсіп, бүкіл ағзаға жайылады. Бұл адамның терісіне, кейде көздеріне де сары түс береді.

Сонымен қатар, үшінші кезеңде несеп қоңыр түсті , ал нәжіс түссіз болады.

Себептері:

  • Гепатит вирустары, инфекциялар
  • Ластанған тағамдар мен су пайдалану
  • Антисанитарлық жағдайда өмір сүру
  • Вирус жұққан қанды құю немесе басқада медициналық процедураларда (ине салу, стоматологиялық процедуралар), стерилденбеген аспаптарды пайдалану
  • Босану кезінде жұқтыру
  • Тұқымқуалаушылық
  • Жыныстық қатынас
  • Ауыз арқылы жұғу
  • Ағзаға улы заттардың түсуі (алколголь, есірткі, кейбір дәрі-дәрмектер)
  • Аутоиммунды аурулар
  • Жеке гигиенаны сақтамау
  • Ортақ гигиена заттарын пайдалану
  • Жарақат кезінде косметикалық процедуралар
  • Жарақаттардан
  • Кейбір жәндіктердің шағып алуы

Классификациясы

Түріне қарай өткір және созылмалы деп бөледі.

Өткір гепатит белсенді өтеді. Көп жағдайда асқыну болады. Тез пайда болып, тез қайтады.

Созылмалы гепатит симптомсыз өтеді. Асқынуы бауырдың созылмады бұзылуына әкеледі.

Этиологиясына қарай инфекциялық, уланған және т.б. жіктейді.

Диагностика

Диагностиканы дәрігер-инфекциолог жасайды.

Гепатитті анықтау үшін науқас келесі медициналық тексерулерден өтеді:

  • Толық анамнез жасау
  • Қан талдауы
  • Қанның биохимилық талдауы
  • Полимерлі тізбекті реакция
  • Құрсақ қусын УДЗ арқылы тексеру
  • Эластометрия
  • Бауырдың биопсиясы

Емдеу

Аурудың симптомдары байқалған бойда дәрігерге қаралу керек. Ауру асқынғанда төмендегі емдеу шаралары қолданылады:

  1. Төсек режимін ұстау
  2. Ағзаны улы заттардан тазалау
  3. Диета
  4. Гепапротекторлар мен дәрумендер қабылдау
  5. Симптомдарды басатын ем

Гепатит кезінде тамақтануға үлкен мән беру керек. Қуырылған, кептірілген, қақталған, ащы, консервіленген, тұзды, қышқыл тағамдарды жемейді және газдалған сусынды ішуге болмайды.

Профилактика

  • Әр 6-10 жылда екпе салдыру
  • Тамақтану алдында қолды жуу
  • Жеке гигиенаны сақтау
  • Өзгенің жеке гигиеналық заттарын пайдаланбау
  • Пайдалар алдында азық-түліктерді жуу
  • Лас суқоймаларында шомылмау (әсіресе, денеде кесілген, тырналған жаралар болса)
  • Сәбилердің жалаяқтарын таза жерде ауыстыру
  • Тұрғын мекемесін аптасына кемі 2 рет тазалау
  • Бауыр ауруларында теңіз өнімдерінен бас тарту
  • Әдепсіз жыныстық қатынасқа түспеу
  • Дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды пайдалану
  • Зиянды әдеттерден арылу
  • Өзге елге саяхаттар алдын ол жақтың эпидемиялық жағдайын біліп алу.

1.Морфологиялық қасиетіне байланысты сальмонеллалар болады://

грамм оң таяқшалар, спора түзеді//

грамм теріс таяқшалар, спора және капсула түзбейтін перитрихтар//

грамм оң таяқшалар, қозғалмайды, спора және капсула түзбейді//

грамм теріс таяқшалар, спора және капсула түзбейді, кірпікшелері бар//

грамм теріс таяқшалар

2.Сальмонеллездің негізгі берілу жолы болып табылады://

жыныстық қарым- қатынас

3.Сальмонеллездің эпидемиологиясында ең қауіпті болып саналады://

суда жүзетік құстар, ірі қара мал//

қос тұяқты үй хайуанаттары//

су арқылы жұғуы//

тұрмыстық қатынас факторы//

4.Жас балалар ауыр қабылдайды://

сальмонеллездің септикалық түрін//

сальмонеллездің сүзек тәрізді түрін//

сальмонеллездің гастроэнтериттік түрін//

сальмонеллездің гастриттік түрін//

сальмонеллездің колиттік түрін

5.Сальмонеллез жұқпасының сүзек тәрізді түрі жиі өтеді://

гастриттің ауыр түрінде//

орташа ауырлық түрде

6.Дизентияның қоздырғышы болып табылады://

7.Дизентерия кезінде зақымдалады://

асқазан-ішек жолдарының барлық бөлігі//

ащы және тоқ ішек//

тоқ ішектің дисталды бөлімі

8.В гепатитiне қарсы жоспарлы егу балаларға мына жастан жүргiзедi//

24 сағат ішінде перзентханада//

9.Тұмауға қандай клиникалық көріністер тән?//

қалтырау, дене температураның жоғарлауы, жүрек айну, құсу, жұтынғында тамағының ауруы, бадамша безде жабындының болуы, жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бетте, бел аймағында дақты-папулезді бөртпелер//

қалтырау, маңдай аймағында орналасқан бастың ауру сезімі, жоғарғы қызба, бұлшықеттердің ауруы, әсіресе арқа бұлшықеті, тамағынық қышынуы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, жарықтаң қорқуы, араңның айқын гиперемиясы, конъюктивит//

жедел басталуы, қатты бастың ауруы, ұйқысыздық, миалгия, көз алмасының ауруы, кейде көрудің төмендеуі, дене қызуының жоғарлауы, беттің, мойын, кеуденің жоғарғы бөліктері және арқаның айқын гиперемиясы, склераның тамырлары кеңейген, бел аймағының, іштің ауру сезімі, соққы симптомының оң болуы, олигоурия, анурия, гематурия, альбуминурия//

жедел басталуы, қатты бастың ауру сезімі, дене қызуының жоғарлауы, жеңілдікке алып келмейтін “фонтан” тәрізді құсу, кеудеде, аяқта орналасқан ортасында некрозбен байқалатын геморрагиялық бөртпелер//

жедел басталуы, жоғарғы қызба, ұйқысыздық, басының ауруы, балтыр, арқа , іштің бұлшықеттерінің ауруы, бетінің ісінуі және гиперемиясы, склера тамырларының инъекциясы, полиморфты бөртпелер

жалпы қан анализі негізінде

11.Вирусты гепатит В ауырған 40 жастағы С. деген науқаста 4 ай бойы оқта- текте тәбеті төмендеп, әлсіздік пайда болады. Кейде жүрегі айнып, тері мен көздің склерасының сарғаюын және зәр түсінің қарайғанын айтады. Ауруханада 2 рет емделген. 3 күн бұрын жағдайы нашарлады.

Қарағанда: жалпы жағдайы қанағатанарлық. Көздің склерасымен тері түсі әлсіз сарғыш түсті. Жүрек тамыр жүйесімен тыныс алу жүйесінде өзгерістер байқалмайды. Тілі құрғақ емес, ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, оң қабырға астында әлсіз ауру сезімі байқалады. Бауыры оң қабырға доғасынан 1 сантиметрге шығып тұр, эластикалық консистенцияда, ауырады. Зәрі қалыпты жағдайдан қарайған, нәжісің түсі қалыпты.

ВГВ, өршу кезеңі//

ВГВ, созылыңқы ағымы//

созылмалы вирусты гепатит, айқын белсенділігі//

созылмалы вирусты гепатит, минимальді белсенділігі

12.ВГВ арнайы зерттеу ретінде келесіні анықтау//

13.ВГВ арнайы алдын алу үшін вакцина қолданылады://

14.Вирусты гепатит кезінде қай көрсеткіштің жоғарлауы цитолиз синдромын көрсетеді://

15.Келесі белгілердің үйлесімі: 30 жастан жоғары, жиі өршуімен қосымша аурудың болуы, клиникалық көріністердің біртіндеп жоғарлауы және олардың біртіндеп бәсеңдеуімен жүретін, ауыр ағыммен, аурудың жайлы аяқталмауының қалыптасуы тән://

16.Вирусты гепатите созылмалы түріне өтуі тән://

17.Науқастың қанында вирусты гепатит В-ның қандай арнайы маркерларын анықтауға болады?//

aHBcorIgM; aHCVIgG; aHAVIgM; aHDVIgM; aHBcorIgG//

aHBcorIgM; aHBcorIgG; aHCVIgG; aHCVIgM; HbeAg; HbsAg//

HbsAg; aHDVIgM; aHBs; aHBcorIgM; HbeAg; aHBe//

HbsAg; aHBs; HbeAg; aHBe; aHBcorIgM; aHBcorIgG//

aHBs; aHBe; aHAVIgM; aHBcorIgM; aHDVIgM; aHCVIgM

18.Вирусты гепатит В-нің инкубациялық кезеңінің ұзақтылығы қандай?//

19.Қанның биохимиялық анализінде вирусты гепатит кезінде келесі патогенетикалық синдромдар тән://

интоксикация, холестаз, цитолиз//

цитолиз, холестаз, гемолиз//

бауырдың зақымдалуы, интоксикация, қабыну//

цитолиз, холестаз, мезенхимальді қабынуы//

интоксикация, мезенхимальді қабынуы

20.Вирусты гепатиттердің этиотропты емінде препаратты таңдаңыз://

21.Жедел вирусты гепатиттердің патогенетикалық ем://

22.Келесі лабораторлы көрсеткіштер бойынша қандай ауру болуы мүмкін: жалпы билирубин 546 мкмоль/л; тура билирубин 500 мкмоль/л; АЛТ 0,5 ммоль/л; тимол сынамасы 15 бірлік?//

вирусты гепатит В//

ұйқы безінің бас бөлігінің ісігі//

23.Науқаста вирусты гепатит D бар болуын қандай маркер анықтайды?//

24.Келесі қанның биохимиялық зерттеу көрсеткіштері қандай синдромға тән: АЛТ 5,0 ммоль/л, АСТ 3,0ммоль/л, сары су темірі 30 ммоль/л?//

25.Келесі қанның биохимиялық зерттеу көрсеткіштері қандай синдромға тән: тимол сынамасы 10 бірлік, жалпы ақуызы 50г/л, альбумин 25г/л?//

26.Вирусты гепатиттің ауырлық дәрежесін қандай көрсеткіш түзетеді?//

протромбинді индекстің төмендеуі//

сілтілі фосфатазаның жоғарлауы//

тимол сынамасының жоғарлауы

27.Вирусты гепатитпен ауырған науқаста интоксикация синдромының клиникалық көріністерін атаңыз://

әлсіздік, шөлдеу, тері тургорының төмендеуі, аяқ-қол бұлшық еттерінің тырысуы, тахикардия, гипотония//

әлсіздік, басының ауруы, ішінің ауруы, басының айналуы, артралгия, миалгия, зәрдің қараюы//

тірі мен көздің ақ қабатының сарғаюы, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруы, гепатомегалия//

әлсіздік, басының ауруы, дене температурасының көтерілуі, тәбетінің болмауы, артралгия, миалгия//

әлсіздік, тәбетінің болмауы, ұйқының қашуы, жүрек айнуы, құсу, басының ауруы

28.Науқас Ф., 32 жаста, ауруханаға аурудың 8 күні түскен. Бірінші күннен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуін, дене қызуының көтірілуін, терінің қышуы және оң қабырға астында сыздап ауырғанын айтты. Аурудың 7-ші күнінде көздің ақ қабатының сарғайғанын, зәрдің түсінің өзгергенін байқады, ал 2 күненен кейін саргаю айқындады.

Қарағанда: жағдайы салыстырмалы түрде қанағатанарлық. Терісі сарғайған. Бауыры 1,5-2см, ауру сезімі бар. Нәжісі ахолиялық.

29.ВГА –мен науқастағанмен қатынаста болған С., 20 жастағы адамда 14 күн өткен сон әлсіздік, сырқатты хал, жүрек айнуі, 1 рет құсу, эпигастрийдегі және оң жақ бауыр асты аймағында ауруы сезімдері пайда болды.

Қарағанда: жалпы жағдайы орташа дәрежелі. Т – 35,5 терісі және склералары кәдімгі түсте. Лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Өкпелер мен жүрек жағынан өзгерістер жоқ. Тілі жамылған, ылғалды. Іші жұмсақ, пальпациялағанда эпигастрийде және оң жақ бауыр асты аймағында ауруы сезімдері бар. Бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен пальпацияланады, көк бауырдың шеті анықталады. Нәжіс және зәр қалыпты жағдайда. Биохимиялық талдаулар: жалпы билирубин қалыпта, АЛТ 2,5 есе өскен. Сіздің диагнозыңыз://

ВГА, саргаю түрі//

ВГА, холестатикалық компоненті бар саргаю түрі//

ВГА, саргаюсыз түрі//

ВГА, субклиникалық түрі//

30.Келесі үйлестірілген белгілер қандай гепатитке тән: жас кезінде, қосымша аурулардың болмауы, аурудың ағымының жеңілдігі, АЛТ және билирубиннің тез төмендеуі, ауру жайлы аяқталуы://

31.Қандай вирусты гепатиттерге ауыз-нәжіс берілу механизмі тән:

вирусты гепатит Д және вирусты гепатит Е//

вирусты гепатит А және вирусты гепатит С//

вирусты гепатит А және вирусты гепатит В//

вирусты гепатит А және вирусты гепатит Е//

вирусты гепатит В және вирусты гепатит С

32.Конъюктивит және лимфоаденопатиямен қатар жүретін, фарингитпен, тонзилитпен, ринитпен көрінетін айқын эксудативті компоненті бар катаральді көрініс тән://

33.Аурудың бірінші күні науқас әйел дәрігерге бас ауруына, жоғары температураға, мұрынның бітелуіне, арандағы жыбырлағанға, құрғақ жөтелге шағымданып келді.

Ауру жедел басталды, дене температурасы 39,5 дейін жоғарлады, қалтырау, бас ауру сезімі маңдай және көз аймағында орналасады, тамағы аурады, миалгия, жарыққа карай алмайда.

Эпиданамнез: 3 күн бұрын баласы ауырған

Қарағанда: жалпы жағдайы орташа, беті гиперемияланған, склера тамырлары инъекцияланған, тері қабаттары ылғалды. Тамағы қызарған. Мұрыны бітелген, ауыз арқылы тыныс алады. Өкпелерде тыныс алуы везикулярлы, кішкене қаттылау. Жүрек тондары анық емес, Рs-108/мин АҚ 100/60. іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры және көк бауыры пальпацияланбайды. Сіздің диагнозыңыз://

эпидемиялық бөртпе сүзегі//

34.Паратұмауға барлығы тән, біреуінен басқасы://

арсылдап құрғақ жөтел//

35.Паратұмауға тән емес көрініс://

арсылдап құрғақ жөтелу//

лейкопения, ЭТЖ аздап жоғарлауы

36.Серотип А шақырылған тұмаудың емінде этитропты препарат болып табылады://

37.Көбінесе қандай ЖРВИ кезінде бронхтар зақымдалады?//

38.Тұмау кезінде бас ауруы орналасады://

диффузды бас ауру сезімі

39.Тұмаудың клиникалық көрінісінде қандай синдром басымды болады?//

40.Дизентерияға тән нәжістің сипаты://

таңқурай желесі тәрізді//

41.Дизентерияның салыстырмалы диагнозын барлық аурулармен жүргізу керек,біреуінен басқа://

42.Дизентерияның лабораторлық нақтамасында қолданылмайтын әдіс://

43.Сальмонеллездің негізгі берілу жолы болып табылады://

жыныстық қарым- қатынас

44.Болжамалы диагнозды белгілеңіз: 27 жастағы әйел жедел түрде науқастаған. Ауру жүрек айнуынан, бірнеше рет құсқанынан, кіндік айналасындағы іштің ауруынан, жиі су тәрізді нәжістің бөлуінен басталды, аурудың 3 күні дене қызуы – 38,5 0 С, сол мықын аймағында ауырсыну бар, сигма тәрізді ішек пальпация кезінде аурады, жиырылған, нәжісі аз мөлшерде, шырыш аралас://

сальмонеллез, таралған түрі, септикалық вариант//

жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі//

тағаммен ұлану жұқпа//

эшерихиоз, дизентерия тәрізді түрі//

45.Дизентерияның анықталуында мағынасы жоғары болып табылады://

жүрек айнуы, құсу//

дене қызуының жоғарлауы//

нәжісі жиі, сұйық, аз мөлшерде//

46.Адам ағзасында салмонелланың көбейуіне ең қолайлы ортаны айтыңыз://

47.Келесі синдромдар дизентерияның колиттік түріне тән://

интоксикациялық және колиттік түрі бойынша асқазан ішек жолдарының зақымдалу синдромы//

эксикоз және колиттік түрі бойынша асқазан ішек жолдарының зақымдалу синдромы//

интоксикациялық және диспепсиялық//

интоксикациялық және гастроэнтерит түрі бойынша асқазан ішек жолдарының зақымдалу синдромы//

эксикоз және гастроэнтерит түрі бойынша асқазан ішек жолдарының зақымдалу синдромы

48.Келесі материалды жедел дизентериямен ауырған науқастан бактериологиялық зерттеуге алады://

қанды, зәрді, нәжісті//

зәрді, құсықты, нәжісті//

қанды, құсықты, нәжісті

49.Жедел дизентерияның гастроэнтроколиттік түрінің салыстырмалы нақтамасын жүргізеді://

50.Жедел дизентерияның гастроэнтероколиттік түрінде патогенетикалық емнің бағытын көрсетіңіз://

регидратациялық, дезинтоксикациялық, тамыр ішілік диссеминациялық қан ұю синдромымен күресу//

дезинтоксикациялық, регидратациялық, колитті шектеу//

десенсибилизациялық, дегидратациялық, тамыр ішілік диссеминациялық қан ұю синдромымен күресу//

дезинтоксикациялық, диарея синдромын шектеу

51.Дизентерияның созылмалы түрінің ағымының ұзақтылығын көрсетіңіз://

52.Болжамалы диагнозды белгілеңіз: 27 жастағы әйел жедел түрде науқастаған. Ауру жүрек айнуынан, бірнеше рет құсқанынан, кіндік айналасындағы іштің ауруынан, жиі су тәрізді нәжістің бөлуінен басталды, аурудың 3 күні дене қызуы – 38,5 0 С, сол мықын аймағында ауырсыну бар, сигма тәрізді ішек пальпация кезінде аурады, жиырылған, нәжісі аз мөлшерде, шырыш аралас://

сальмонеллез, таралған түрі, септикалық вариант//

жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі//

тағаммен ұлану жұқпа//

эшерихиоз, дизентерия тәрізді түрі//

эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу//

асқазанды шаю, жағдайы жақсарғанда - үйде емдеу//

клиникалық көрсеткіштері бойынша жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу//

амбулаторлы шарттарда зерттеу және антибиотиктерді тағайындау

54.Жедел дизентериямен науқастағандарға антибиотиктерді тағайындауды не көрсетеді?//

колитикалық синдромдың айқындылығы//

инкубациялық кезеңңің ұзақтылығы//

бактериологиялық зерттеудың нәтижесі//

шигеллаларды бөлу үшін қанды бак.зерттеу және дизентериялық антигенімен КБР//

шигеллаларды бөлу үшін зәрді бак.зерттеу және дизентериялық антигенімен ТГАР//

шигеллаларды бөлу үшін нәжісті бак.зерттеу және дизентериялық антигенімен ПГАР//

шигеллаларды бөлу үшін қанды бак.зерттеу және дизентериялық антигенімен ПГАР//

копрограмма және дизентериялық антигенімен КБР

56.Жедел дизентерияның гастроэнтроколиттік түрінің салыстырмалы нақтамасын жүргізеді://

57.ЖИТС жиі мына жағдайларда жұқтыру мүмкін://

жыныстық қарым қатынас кезінде еркектен әйелге//

ЖИТС ауратын еркек әйелді суйген кезде//

ЖИТС терминальді сатысында ауырған адамды күткенде//

жұқтырған әйелден – еркекке//

ЖИТС ауырған баладан-анаға

58.ЖИТС міндетті түрде тексеру жүргізілмейді://

тағаммен және су арнасында жұмыс істейтін жұмыскерлер//

59.АИВ жұқпасының екіншілікті көріністер кезеңіне тән емес://

10% жоғары дене салмағының жоғалтуы//

терінің саңырауқұлақты, вирусты, бактериалды зақымдалуы//

60.АИВ жұқпасының көзін көрсетіңіз://

61.АИВ-жұқпасының дәрежелерінің ағымының дұрыс ізбасарын

инкубациялық кезең, сарғаю алды кезең, саргаю кезең, реконвалесценция//

инкубациялық кезең, бастапқы кезең, қозу кезеңі, салдар кезеңі//

инкубациялық кезең, біріншілікті көріністер сатысы, екіншілікті//

көріністер сатысы, терминальді сатысы//

инкубациялық кезең, бастапқы кезең, өршу кезең//

инкубациялық кезең, бастапқы кезең, олигоуриялық кезең, полиуриялық кезең

62.АИВ жұқпасының жедел қызба кезеңінде науқаста қандай симптомдар анықталады?//

әлсіздік, 1 ай бойы қызба, миалгия, артралгия, тонзиллит, полиаденит, теріде бөртпе, энцефалопатия//

әлсіздік, тежелу, апатия, қызба, ұйқысының жоғалуы, қатты басының ауруы, розеолезді бөртпе, гипотония, салыстырмалы брадикардия//

әлсіздік, қызба, қатты басының ауруы, қозу, саңдрақтау, галлюцинациялар, петехиальді-розеолезді бөртпе//

әлсіздік, басының маңдай-самай аймақтарында ауруы, тамағының ауыруы, мұрнының бітелуі дене қызуының көтерілуі//

әлсіздік, қызба, басының ауруы, құсу, геморрагиялық қызба, мұрыннан қан кету

63.АИВ-жұқпасының белгісіз өтетін фазаның ұзақтылығы қандай?//

1айдан – 6 айға дейін//

10 жылдан – 20 жылға дейін//

1 жұмадан – 1 айға дейін//

1 айдан 2 жылға дейін//

бірнеше сағаттан 1 жұмаға дейін

64.АИВ-ассоциацияланған тізімге аталған қандай ауру жатпайды?//

65.АИВ жұқпасының анықталуында қандай серологиялық реакция қолданылады?//

66.АИВ-жұқпасына зерттеуге көрсеткіштерді көрсетіңіз://

5 күннен жоғары қызба//

сұйық нәжіс 7 күн бойы//

1 айдан жоғары қызба//

жақ асты лимфаденит//

дене қызуының фебрильді сандарға дейін жоғарлауы//

67.Жай ұшық кезінде бөртпені сипаттау үшін барлығы тән, біреуінен басқасы://

алдын ала қышу мен ашуы//

алдын ала ісіну және қызару//

айқын ауру сезімі//

эрозия және қабыршықтың пайда болуы

68.Науқас Н., 40 жаста, басының ауруы, дене температурасының көтерілу, қалтырау, тәбетінің нашарлауы, оқта-текте жүрегінің айнуы, оң қабырға астында және эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі, терісінің қышуы шағымдарымен аурудың 10 күнінде ауруханаға түсті.

Жедел ауырып, дене қызуының 38-39С 0 көтерілгенін, әлсіздіктің үдемелегенің айтты.

Эпиданамнезі: үй жағдайында қақталған балықты тамаққа жиі қолданады.

Қарағанда: жалпы жағдайы орташа дәрежелі, Т-38,2. Терісімен шырышты қабаттар қалыпты жағдайда, беті гиперемияланған. Өкпеде өзгеріссіз, жүрек тондары әлсіз, пульс 98 минутына. АҚ 120/60 мм.сн. бағ. Тілі ақ-кір түсті жабынмен жабылған. Бауырды пальпация жүргізгенде қабырға доғасынан 1,5см. төмен. Көк бауыры пальпацияланбайды. Зәр мен нәжісі қалыпты жағдайда. ЖҚА: Л-15х10 9 /л, э-35, с-30, л-20, м-15, ЭТЖ-15мм/сағ. 10 күннен кейін ЖҚА – Л-13,3х10 9 /л, э-80.

69.Келесі белгілердің жиынтығы қандай дертке тән: Науқас К., 40 жаста, кинолог, дәрігерге осындай шағымдармен келді – оң жақ бауыр астында ауырсыну сезімі, тамаққа тәбеті жаман, әлсіздік.

Қарағанда: жағдайы орташа дәрежедегі. Т- 37,0, склералары субиктериялық, крапивница тәрізді бөртпесі бар. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпелерде өзгеріссіз. Жүрек тондары анық емес, ритмі дұрыс, жүрек соғуы 72 /мин. АҚ –115/70. Ішінің көлемі үлкейген, асцит. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 см төмен пальпацияланады. Нәжісі мен диурезі қалыпта. Бауырдың УДЗ: бауырдың қақпасында домалақ құрылым анықталады, 3х3 см, шеттері анық. ЖҚА: Л-8х10 9 /л, э-12, с-60, л-24, ЭТЖ-15 мм/с//

созылмалы белсенді гепатит//

созылмалы персистенцияланған гепатит//

70.Трихинеллезге тән емес://

беті мен қабақтың ісінуі//

71.Аскаридозды емдейтін препаратты көрсетіңіз://

72.Аскаридалардың өмір сүру ұзақтылығы қандай?//

73.Тениаринхозға тән қанның өзгеруін көрсетіңіз://

таяқшаөзектілердің солға қарай жылжуы//

74.Энтеробиозға тән клиникалық симптомды таңдаңыз://

75Тениаринхозға тән клиникалық симптомды таңдаңыз://

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.

Copyright © Иммунитет и инфекции