Педикулез туралы реферат казакша

Педикулез –немесе биттеу деп адам денесінде биттердің арнайы паразиттік жолмен тіршілік етіп, оның қанымен қоректенуін айтамыз. Педикулез-ауру адаммен қатынаста болған жағдайда, тіпті әлеуметтік жағдайы жақсы, жеке бас тазалығына көңіл бөлетін адамдарда да пайда болуы мүмкін.

Битті жұқтыру қарым- қатынас кезінде беріледі, яғни бит 1 адамнан екіншісіне: биттеген адаммен қарым- қатынас кезінде , ұжымда, балалар мекемесінде, толық қоғамдық көлік ішінде, қарапайым жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда, яғни киім-кешек пен төсек орындарын,тарақты ортақ пайдаланған жағдайда жұғады.

Бастағы биттер. Адамнан адамға тікелей қатынас арқылы немесе бас киім, тарақ, орамалмен беріледі. Бастың биті 40 күнге дейін өмір сүреді. Жұмыртқалары (гниды) сұр-ақ түсті шашқа жабысып орналасады, көзге жақсы көрінеді. Биттер бастың шашты бөлігінен басқа қаста, мұрт пен сақалда да кездесуі мүмкін. Биттердің шағуы мен сілекейіндегі ферменттер қатты қышуды шақырады және қасыған іздерге алып келеді. Көбінесе қыздар мен әйелдерде кездеседі, себебі ұзын шашта өмірін жақсы сақтайды.


Шаптағы бит. Негізінен шапта, жыныс мүшелерінде, артқы өтіс аймағында орналасады; балаларды зақымдамайды; кейде бит терінің басқа аймақтарына, шашты бөліктерге: кеуде, іш, сан, қолтық астына, қасқа, кірпікке таралуы мүмкін. Субъективті қатты қышу сезімі болады. Биттер орналасқан жерлерде кейін домалақ, үстінен басқанда жоғалмайтын геморрагиялық дақтар қалуы мүмкін. Бұл дақтардың түсі ақшыл-көктен ақшыл-сұрға дейін.

Көйлектегі бит. Бұл дененің биттеуі. Бастың битінен үлкенірек, көйлектің, іш киімнің қатпарларында тігістерінде орналасады; қанмен қоректенеді; биттердің шағуы қатты қышынуды шақырады және сызықты экскориацияға алып келеді, одан пиодермия дамуы мүмкін. Жиірек киіммен тығыз жанасатын бөліктер: мойын аймағы, жауырын, бел зақымданады.

Көйлек биті киімнен адамға тек қан сору үшін ғана ауысады. Ұзақ уақытқа созылған педикулез терінің құрғауына, түлеуіне, қалыңдауына және кір-сұр пигментацияның, тыртықтың дамуына әкеледі.

Бастың шашты бөлігінің биттеуі кезінде шашқа керосин мен өсімдік майының қоспасын жағады, сосын компрессионды қағазбен 12-15 сағатқа байлап қояды. Процедурадан кейін шашты ыстық сумен сабынмен жуады, винилин жағады, биттің жұмыртқалары арнайы жүзі жиі тарақты сірке суына матырып тарайды.

Сонымен қатар, 10 немесе 20 пайызды бензилбензоат суспензиясын бас терісіне, шашқа жағады және 30 минутқа басты байлап, сосын сабынмен немесе арнайы шампуньмен жуады. Мақтаны немесе марлелы тампонды ниттифорға батырып, бас терісін және шашты үккілейді.

Дененің биттеуі кезінде, науқас сабынмен жуынады, киімдерін, төсек төсеніштерін жиі ауыстырады. Киімдері мен төсек жаймалары қайнатылып жақсылап үтіктеледі. Шаптағы битті емдеуге арнайы аэрозолдер шығарылады: пара-плюс, спрей-плюс.

Бастың биттеуі кезінде адамдарға жұқтырмас үшін жазылғанша шапка киюге және оларды жиі жуып, ауыстырып тұру керек.

Педикулездің алдын алу шаралары:

  • 7-10 күн сайын суға шомылып, киім-кешекпен төсек орынды ауыстырып отыру:
  • шашты қиып тарау, жеке тарақтарды пайдалану;
  • балалар ұжымдарына баратын балалардың шашы мен киімдерін үнемі тексеріп тұру;
  • ұзақ жолсапардан келген отбасы мүшелеріне де тексеру жүргізу


Достарыңмен әлеуметтік желіде бөліс


Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Сайт бойынша іздеу

Ең үздік материалдар

Биттеу- адамның биттен закымдануы. Биттер- қан сорғыш жәндіктер, адамның паразиты және үсак коректіліктер, олардың бүкіл өмірі адамда өтеді. Биттің 150 түрі белгілі. Адамда киім - кешек, бас және шат биті болады.

Барлык тері аурулары мси СПИД - тен сақтандырудың ең карапайым жәпе тиімді әдістерініц бірі жыныстык катынастағы тазалык, бір әрігггеспен болу, кездсйсоқ жыныстык катынаска түспеу.

Сақтандырудағы екінші бағыт- бул медицина мекемелерінде шприцты, ине мен өзге аспапты пайдалану мен тазалау тәртібін мүлтіксіз орындау, сондай —ак біржолғы шприцтер мен қан қүюға арналған жүйелерді пайдалану.

Салауатты өмір салты, жыныстық арасындагы тазалық, отбасылық адалдык- СПИД- тен ең жаксы сақтандыру.

Терінің паразитарлы аурулары Қотыр

Қотыр- котыр кенесіпен жүғатын терінің жүқпалы паразитарлы ауруы.

Микроскоппен карағандаты ак- қоңырқай түсті, таспака тәріздсс ксне. Аталық денесініц үзындығы 0,2-0,3 мм, ені 0,14- 0,19 мм, аналыктарыныкі тиісінше 0,4- және 0,25-0,3 мм аталыктар аналықты үрыктандырғаннан кейн өледі. Теріге түскен үрықтанған аналық терінің сыртқы мүйізді кабатына еніп, сүр -ак жолақты ирек түріндегі жүріспсн терінің үстіне жапсарлай жүмыртқа салады (50-ге дейін). Жүріс, егер оған анилинді бояудың немесе йодтың 1-2 пайыз ерітіндісін жағып, артынша кетіргеннен кейін анык көрінеді. Жүмырткадан 3-7 күннен кейін личинкалар пайда болады, олар нимфа сатысынан етіп, белсенді нысанға айналады. Дамудың бүкіл циклы бірнеше аптага созылады.

Қотыр жуктыру аурудьщ отбасында, жатакханада немесе ішкі киім мен төсек жаймасы, ортак пайдаланылатын киім, орамал, жөке, мотоцикл шлемі, ойыншық және т.б. арқылы жүгады.

Инкубациялық мерізім- 7-10 күн. Қотырдың негізгі белгісі түнгі уакыттағы терінің кышуы болып табылады. Теріде жекелеген қотыр жолдары және әдетте котыр үшін төн жерлерге орналасатын, атап айтканда саусак арасындағы куысқа, шынтак буындарында, кеуде мен іштің бүйір түсының жогары жағында, бел мен омыртканың терісінде, санның ішкі жогары бетінде, кеуде бездері төңірегінде жолакты тарамдар пайда болады. Балаларды кобінесе алақан мен табанда, ал емшектегі балалардың бетіпде байкалады. Аскыиған котыр пиодермиямен (фолликулит, шикан).


Олардың даму сатысы мынадай: жүмыртқа (сірке), личинка, нимфа, үлкен бит (имаго). Жүмыртка салуға колайлы температура 28-30 градус. Жүмырткадан шыгу мерзімі жәпе личинканың дамуы да коршаған температурага байланысты. Бүкіл даму циклы кемінде 15 күнге созылады. Бит осіп-онуініц барлык сатысында (жүмыркадан баскасы) тек канмен коректенеді. Киім-кешек биті тоулігіне 2-3 рет коректенеді жоне тоюға 3-10 минут жүмсайды.

Биттер іш сүзегінің, қайталама бит сүзегінің коздыргыштарын таратушылар болып табылады.

Биттеудің таралуы канагаттанарлықсыз санитарлык- гигиеналык жағдайларга, халықтың материалдык және мәдени өмірііші деңгсйіне байланысты. Биттеу - өртүрлі әлеуметтік және табиғи апаттардың айнымас серігі. Бастың шашы битгеген кезде катты кышытады, бул котырға, одан кейін терінің іріңді зақымдануын түгызады.

Киім-кешек биті кобінесе тосек-орын коймасында омір сүреді және теріге қоректену үшін отеді. Адамды кобінесе киім денеге тығыз жабысқан жерлерде шағады. (қолтық, шап, арқа жоне т.б.). Мүнда да қышыма пайда болады, ірінді қотыр мен шиқан шыгуы мүмкін.

Шап биті көбінесе шаптың терісі мен жыныс мүшесін закымдайды (жыныстық қатынас кезінде, коғамдык моншага барған кезде), ал кейде колтыққа, кірпік пен кабакка да барады.

Биттеуден сақтандыру. Халыктың материалдык және мәдени өмірін, санитарлык білімін котеру, монша-кір жуу кызметін жаксартумен кол жеткізіледі.

Жеке сактандыру. Депені жиі жуу (аптасына кеміиде 1 рет) және іш киіммсн тосек жаймасын ауыстыру, бастын. осіресе

балалардың басын тісі жиі тарақпен тарау, битті адамдармен қатынасты шектеу аркылы жүргізіледі.

Биттеуден босану. Бас битін тісі жиі тарақпен тарап түсіреді. Еркектер мсн балалардың шашын қысқарту үсынылады. Битті күрту үшін керосин, сабынды керосинді эмульсия қолданылады (керосин 45 бөлік, жасыл сабын 30 бөлік, ыстық су 25 бөлік). Осы әдістерінің бәрімен шашты жақсылап шаяды, басқа 20-30 минутқа жалпақ байлам тағады, одан кейін сабынды ыстык сумен жуып, тісі жиі тарақпен тарайды.

Киім-кеніек битімен күрескенде денені сабынды ыстық сумен жуады, және сыртқы киім мен төсек-орынды д е зинсеюіиял айды.

Шап битін күрту үшін шап пен қолтықтың жүнін қырады, зақымдалган жерге 10 пайыз ақ сынап мазын жагады.

ХІІтарау. ХАЙУАНАТТАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК УЛАРЫМЕН УЛАНҒАН КЕЗДЕГ1 ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕКТІ КОРСЕТУ


Бірер күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналып, бір аптадан соң ересек қотыр кенелер пайда болады. Демек қышыма кене адам үшін өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2—0,5 миллиметрден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма қотыр адамнан адамға жылдам жұғады. Әсіресе отбасы мүшелеріне тез тарайды. Яғни қышымамен ауырған адаммен тiкелей қарым- қатынаста болғанда, сондай-ақ олардың пайдаланған төсек –орындарын,iш киiмдерiн, киiм-кешектерiн,сүртінетін орамалдарын, жөкелерiн(мочалка), қолғаптарын, басқа да заттарын пайдаланғаннан жұғады. Сондықтан тиісті тазалық талаптарын сақтау қажет, деп жазады медицина ғылымдарының докторы Жасан Зекейұлы.

Қышыма адамға үй жануарларынан жұғуы да мүмкін. Қышыма кене мал денесін де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әре-кетінен денеде қотыр пайда болады Сондай-ақ тазалық-індет тәртібін сақтамаған жағдайда қышыманы моншадан, душтан, жатақханадан, пойыздан, қонақ үйлерден, яғни кез келген жерден жұқтырып алуыңыз мүмкін. Аурудың жасырын кезеңi 7 күннен 10 күнге дейiн, кейде 1,5 айға дейiн созылуы мүмкiн.

Эпидемиологиялық тексеру нәтижелерiне қарағанда қышымамен әлеуметтiк жайсыз және тұрмысы нашар отбасындағы адамдар жиi ауыратын көрінеді. Қышыма жұқтырған адамдардың ең көп саны мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында жаңа ұжымдар құрылғанда, яғни күзгi –қысқы уақыттарда тiркеледi. Соңғы кездері қышыма қотырдың қатты дуылдап қышып, адамның мазасын алмайтын, бөрткені де онша қаптап шықпайтын жеңіл түрі жиі кездеседі. Қышыманың бұл түрінде беті қанталап қабыршақтанған бірлі-жарымды ғана бөрткендер кездеседі.

Қолдың саусақтарының арасында, кеуде мен iштiң, санның, аяқтың терiсiнде бөртпелер және қышыма пайда болады.

Қышыма қотыр жұқтырған адамның денесінің кей тұсы бой бермей дуылдап кышиды, әсiресе түнде қатты қышиды.

Терiнi үнемi қасығанда оған микробтар түсiп, қышымаға терiнiң iрiңдi жұқпасы қосылып, ауру әрi қарай асқынып кетедi.

Денесін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басады
Мұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен, саусақ аралықтарынан, тіпті тұла-бойдан да байқалады.

Адам денесінде қотырдың ізі қалып, ұсақ бөртпелердің көбейіп кетуі. Қышыманың орны ақшыл-сұрғылт жолақтанып ине ұшының ізіндей болады, ізі тура сызықтай болмай, ирелеңкіреп бір-біріне қатарласа түскен үтір сияқтанып жатады.

Қышыманың бөрткені балалардың алақаны мен саусақтарының арасында, қарнына, шынтақтың бүгілетін тері қатпарына, балтырына, өкшесіне табанның ішкі жағына, құйрығына, иығына беті және басына шығады.

Емшек жасындағы сәбилердің көбінесе алақаны мен құйрығының ұшына, беттеріне шығуы мүмкін.

Тері ауруларының белгісі байқала салысымен-ақ дер кезінде дәрігерге көрініп, нәтижелі ем қабылдау қажет. Қышымаға қарсы арнаулы емдi терi ауруының дәрiгерi ғана жүргiзедi. Ауырған адам өзiн-өзi емдеуге болмайды Ең бастысы науқас тұтынған заттардағы паразиттің көзін жою керек. Қотыры бар адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделмесе, ол созылмалы ауруға айналады. Қотыр, әсіресе, кешке қарай, жылы киінген кезде қатты қышиды. Қышынған адам денесін қасып қанатып та алады. Ол қанаған жер асқынып, іріңдейді.

Қышыма қотыр жұқтырған адам ауруханаға жатпай, үйде емделсе, оның төсек-орыны, тұтынатын заттары өзге отбасы мүшелерімен араластырылмай, жеке ұстаған дұрыс
Кірлеген киімдерді де бөлек жинап, бөлек жуған жөн. Яғни оны 1-2% сода ертіндісі немесе кез-келген ұнтақ сабын қосылған, қатты қайнап тұрған суда 10 минуттай қайнатып жуу керек.

Киімді тек үтіктеп кию керек. Сырқат жатқан бөлмені де күн сайын 2 пайыздық сабын-сода ертіндісімен жақсылап сүрту керек.

Науқасқа күтім жасағаннан кейін немесе оның жатқан жерін жинастырған кейін міндетті түрде қолды сабынмен жуу керек. Моншаға, душқа түскен кезде отыратын орындықты, сабын, сусабын, ысқы қоятын сөрелерді және жуынатын кіршені ыстық суға хлор араластырып жуған дұрыс.

Біреудің жуынатын заттарын, сыпыртқысын (веник) пайдаланбаңыз. Әр адамның жеке сүлгiсi және жөкесi болғаны жөн. Жаңадан сатып алған киiм-кешектi, iш киiмдi және төсек жаймаларын мiндеттi түрде үтiктеген дұрыс.

Қышыма қотыр ауруының белгісін байқап, күдiктенсеңізе дереу терi аурулары дәрiгеріне көрiнңіз.

Дәрiгерге дер кезінде қаралу – ауруды айналасындағы адамдарға жұқтырмауға, қышыманың таралмауын және одан тез сауығуын қамтамасыз етедi.

Тибет емінде Қышыма қотырды емдеу үшін мына нүктелерге ине қойылады.

III. НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚӨҢДЕУ

Абылдау бөлімінің құрылымы мен негізгі қызметтері. Науқастарды қабылдау және тіркеу. Медициналық құжаттарды толтыру. Науқастардың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы.


Қабылдау бөлімі аурухананың өте маңызды бөлімшесі болып табылады. Аурухананың орталық қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері:

1) науқастарды қабылдау және тіркеу;

2) науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагностика;

3) жаңадан түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу;

4) квалифицирленген медициналық көмек көрсету;

5) науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау. Қабылдау бөлімінде

түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі.

Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:

1. Науқастарды ауруханаға жатқызу және жатқызудан бас тартуды тіркейтін журнал –

2. ф. №003/у.3. ф. №066/у.

4. ф. №058/у.5. ф. №060/у.

Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене жылуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының сыртқы бетін (003 |у формасы). Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066/у) жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС - ке шұғыл хабарлама (058/у формасы) толтырады.

Ауруханаға туушы әйелдер мен жұқпалы аурулардан баска науқастардың барлығы орталық кабылдау бөлімі арқылы түседі. Инфекциялық бөлімшеге және туу үйіне орталықтанбаған түрде осы ғимараттардың арнайы бөлінген бөлмелері (санитарлық өткізгіші немесе қабылдау-қарау боксы) арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, шұғылк көмекті қажет ететін науқастар кейде қабылдау бөліміне апарылмай бірден реанимация бөлімшесіне жеткізіледі. Қабылдау бөлімі күту залынан, мейірбикенің кезекшілік бөлімінен (тіркеу орны), бір немесе бірнеше қарау бөлмелерінен, емшаралық бөлмеден, таңу, ал кейде кіші операция бөлмесінен, изолятордан, санитарлық өткізгіштен, ренген кабинеттен, зертханадан, санитарлық бөлмеден тұрады. Күту залы жүретін науқастар мен оны алып келген туыстарына арналған. Мұнда үстел және жеткілікті мөлшерде орындытар болуы керек. Қабырғаларға емдеу бөлімшелерінің жұмыс тәртібі, емдеуші дәрігермен сөйлесу сағаты, науқастарға әкелуге болатын тағамдар тізімі, аурухана анықтама қызметінің телефоны туралы деректер ілінеді. Сонымен қатар, науқастарға келуге болатын күндер мен сағаттар керсетілуі қажет. Күту залының жанында кезекші мейірбикенің бөлмесі болады.

Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі. Емшаралық бөлме, таңу (таза және іріңді), сондай-ақ, кіші операция бөлмелері шұғыл көмек көрсетуте арналған. Сонымен катар, қабылдау бөлімінде диагнозы түсініксіз науқастарды жатқызатын бірнеше палата болады. Бұл палаталарда жеке санитарлық бөлме болуы қажет, Ауруханаға түскен науқастарды санитарлық өңдеу үшін қабылдау бөлімінде санитарлық өткізгіш (булау, душ, киім ауыстыратын бөлме және т.б.) бар. Науқасты санитарлық-гиниеналық өңдеуді мейірбике басқарады. Бұл өңдеу қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгішінде жүргізіледі және мына төмендегілерден тұрады:

1) дезинсекция - науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді (биттерді) кұрту;

2) гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;

3) науқасқа таза ауруханалық киімдерді кигізу.

Санитарлық өткізгіш науқасы санитарлық-гшиеналық өңдеуді жүргізуге қажетті заттармен жабдықталған. Бұл жерде кушеткалар, таза және кір киімдерге арналған шкафтар мен бөшкелер, санитарлық өңдеуге арналған заттар қойылған шкаф немесе үстел: клеенка, монша сабыны, "таза жөкелер" деген жазуы бар белгіленген ыдыстағы жеке жуынуға арналған жөкелкер, шашты алатын машинкалар, қырынатын кұралдар, қайшылар, сондай-ақ, судың, ауаның жылуын өлшейтін термометрлер, ваннаны санитарлық тазалауға арналған арнайы жөкелер мен щеткалар, санитарлық өткізгіштің бөлмелерін зарарсыздандыруға және жууға арналған шелек және т.б. заттар.

Қабылдау бөлімінің мейірбикесі санитарлық-гигиеналық өңдеуді бастамас бұрын педикулезді анықтау үшін науқастың шаш жабындыларын тиянақты қарауы қажет. Бит табылған жағдайда (басқа жұқпалы аурулар табылғандағыдай) науқасты толық (науқасты моншада немесе ағын судың астында сабын және жөкемен жуындырады, науқастың үстіндегі іш киімдеріндегі, сырт киімдеріндегі, аяқ киімдеріндегі және тұрғылықты жеріндегі төсек жабдықтарындағы микроорганизмдерді жою керек, яғни дезинфекция мен дезинсекция) өңдеу немесе жартылай өңдеу (тек науқасты жуындырады және киімдерін зарарсыздандырады) жүргізеді.

Ауруханаға түскенде егер керек болса науқастар гигиеналық тұрғыдан моншада немесе ағын судың астында жуынады. Ол кезде монша алдын ала 1 % хлорамин ерітіндісімен өңделеді, сабынмен және ысқышпен жуылып ыстық сумен шайылуы керек. Судың температурасы шамамен 42 градустай болуы керек. Науқасты жуындыру реті: басы, денесі, колдары, шап аймағы, бел тұсы, іші және аяқтары. Жуындыру ұзақтыш 30 минуттан аспауы керек, Гигиеналық монша мен ағын суда жуындыруды шындығына келгенде барлық науқастарға бірдей қолдана бермейді, онын себептері түрліше. Жоспарлы түрде жатқызылатын науқастар жеке басының тазалығын үйлерінде реттеп келеді. Аурухананың арнайы киім кешектері қазіргі кезде нашар және көбіне жарамсыз болып жатады, сондықтан науқастар ауруханада үйлерінен әкелген киімдерін киіп жүреді.

Ауыз, жұтқыншақ, мұрын шырышты қабығынан жағынды алу қабылдау бөлімінде жүргізіледі. Бұл үшін залалсыз металл жаққыш (залалсыз пробирканың тығыны аркылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) колданылады. Бадамша безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен жұқа қабаттың шығарымдарын егу үшін науқасты жарыққа таман отырғызады, аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп алады. Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын, палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға бірден жіберген жөн.

Қабылдау бөліміне науқастар мынандай тәсілдермен әкелінуі мүмкін:

1) жедел жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, мертігулерде, жедел ауруларда

және созылмалы аурулар өршігенде);

2) бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен (үйде емдеу нәтижесіз болғанда) – жоспарлы

3) басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден ауыстыр ақылы (әкімшіліктің

науқастың өз бетімен келуі).

Ауруханаға жатқызылмаған науқасты қабылдау бөлімінің дәрігері амбулаторлық ем немесе басқа емдеу мекемесіне жолдауды және апаруды анықтайды немесе қабылдау бөлімінде бақылауға қалдырады немесе үйіне қайтуға рұқсат береді.

Қабылдау бөлімі (сырқатты қабылдайтын жер) аурухананың бір бөлімі, ол сырқаттарды қабылдауға, тіркеуге, тексеруге және санитарлық гигиеналық жуып шаюға арналған. Қабылдау бөлімшесінде алғашқы диагноз, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Қабылдау бөлімшесі аурухананың жоспары мен құрылысына қарай орналасады. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі болады.

Орталықтандырылған қабылдау бөлімі дегеніміз аурухананың барлық бөлімшелерінің бір қабылдау бөлімі болады.

Орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі бөлек орналасады және әрбір бөлімнің дербес бөлімшелері болады. Қабылдау бөлімшесі аурухана территориясына кіруге жақын және сырқаттарды тасымалдауға ыңғайлы жерде болуы тиіс. Ол үшін ыңғайлы төселген немесе асфальтталған жолдар, зембілдер мен оларды тасымалдау үшін кең баспалдақтар мен есіктер қажет.

Науқастар ауруханаға жоспарлы және жедел түрде түсуі мүмкін:

  • жоспарлы түрде келген науқастар – жолдамамен келгендер.
  • Жедел түрде түскендер– жедел жәрдем машинасымен, өздігінен келгендер.

Қабылдау бөлімі аурухананың ең маңызды бөлімі болып табылады.

Қабылдау бөлімінің құрылысы:

  • Күту залы - бұл науқастарға, оларды әкелген адамдарға арналған орын. Бұл жерде орындықтар жеткілікті болуы керек.
  • Кезекші мейірбике бөлмесі - бұл жерде жаңадан келген науқастарды тіркеу, қажетті құжаттарды толтыру өткізіледі
  • Тексеру бөлмелері – дәрігерлердің (терапевт, хирург, гинеколог) науқастарды қарауға арналған бөлмесі.
  • Жұқпалы ауруға күдік болған жағдайда науқастарға арналған оқшаулағыш (изолятор) бөлме.
  • Санитарлық тазалау бөлмесі.
  • Кіші операциялық бөлме.
  • Манипуляциялық бөлме.
  • Рентген бөлмесі.
  • Зертхана.
  • Әжетхана.

Қабылдау бөлімшесінің міндеттері:

  • Науқастарды қабылдау және тіркеу;
  • Науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою;
  • Антропометрия жүргізу;
  • Науқастарды санитарлық тазалықтан өткізу;
  • Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету;
  • Науқастарды емдеу бөлімдеріне тасымалдау.

Қабылдау бөлімшесіндегі мейірбикенің қызметтері:

  • Жұмыс орнын дайындау, егу бөлмелеріне қажетті барлық заттарды түгелдеу;
  • Науқастың жолдамасымен танысу және кезекші дәрігердің бөлмесіне алып бару;
  • Өзі келіп түскен науқастың шағымдарын тыңдау және кезекші дәрігерге жіберу;
  • Түскен науқастардың дене қызуын өлшеу (003 формасы);
  • Ауру тарихының төлқұжаттық бөлімін толтыру, науқастарды педикулезге қарау;
  • Дәрігердің тағайындаған нұсқауларын орындау;
  • Процедуралық қарау және таңу бөлмесінде жұмыс жасағанда асептика мен антисептика ережелерін сақтау;
  • Нұсқауларға сәйкес шприцтерді, аспаптарды және материалдарды залалсыздандыру;
  • Жұқпалы аурулар және педикулез жайлы телефонограммаларды, белсенді шақыруларды санитарлық – эпидемиологиялық станцияға уақытында беру;
  • Жедел және реанимациялық дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу керек.


Қабылдау бөліміндегі санитарлық – эпидемиялық тәртіп:

Әрбір ауруханаға түскен науқастың терісін, тамағын, дене температурасын мейірбике міндетті түрде жұқпалы аурулар белгілеріне тексеру керек. Тамағын көруге шпательді қолдану керек, қолданған шпательді 1% лизоформин ерітіндісіне бір сағатқа салып қойып, термометрді 1% лизоформин ерітіндісіне 15 минутқа салып, науқасты жатқызған кушетканы 1% лизоформин ерітіндісімен екі қайтара 15 минут үзілісімен сүртіп алу қажет. Тексеріп болғаннан соң қолды сабындап жуып, жеке сүлгімен сүртіп, сүлгіні тәулігіне бір рет ауыстырып отыру.

  • Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу мақсатында науқастарды санитарлық тазалаудан өткізу керек. Арнайы санитарлық тазалауды өз бөлмесінде жүргізу керек, оның бірнеше түрі болуы мүмкін: толық ванна, жартылай ванна, жекелеген мүшелерді жуу.

Дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмелері әр науқастан кейін ауыстырып тұруға арналған жаймалармен қамтамасыз етіледі. Жедел дәрігерлік жәрдем көрсетуге арналған қажетті аспаптар болуы тиіс.

Қабылдау бөлімшесінің барлық бөлмесінде тікелей табиғи жарық болуы қажет. Сырқат киініп - шешінгенде тоңып қалмау үшін бөлменің температурасы 25˚С-тан төмен болмауы керек. Сырқаттың киімдерін сақтайтын бөлме қабылдау бөлімшесіне жақын орналасуы қажет.

Түскен науқастарды тіркеу және қажетті құжаттарды толтыру қабылдау бөлімшесінде жүргізіледі. Қабылдау бөлімінің мейірбикесі барлық медициналық құжаттарды толтырады.

Егер сырқат ауыр күйде немесе ессіз жағдайда түссе, мағлұматтарды оны әкелген адамнан алады. Қабылдау бөлімшесіне ауыр күйде түскен сырқатты тез арада арнайы бөлімшеге жібереді, онда мамандандырылған жәрдем көрсетіледі. Сырқаттардың көпшілігі медициналық құжат толтыруға, алғашқы дәрігерлік алдын ала тексеру мен санитарлық жуып-шаюға жағдайы көтеретін күйде түседі. Түскен сырқаттардың құжаттары мен құнды заттары өртенбейтін шкафта сақталады, заттар қабылдау бөлімшесінің қамбашысының немесе аға мейірбикенің жауапкершілігінде болады.

Егер сырқаттың жай - күйі орташа дәрежеде болса, мейірбике оның денесін, әсіресе шап терісінің қыртыстарын, қолтық астын, әйелдердің емшек бездерінің астын дезинфекциялайтын ерітінділердің (камфора спирті, иіс суы) біріне батырылған дымқылданған сүлгімен сүртеді.

Ауруханалардың қабылдау бөлімшесінде сырқатты жуып-шаюдан өткізу үшін қажетті құрал-жабдықтар, зарарсыздауға арналған құралдар болуы тиіс. Олар арнайы осы мақсатта бөлінген шкафтарда немесе жәшіктерде сақталуы керек.

Науқас қабылдау бөлімшесінде барынша аз уақыт болуы тиіс. Жұқпалы ауруы бар деп сезіктенген сырқаттардың диагнозын тездетіп қойып, эпидемияға қарсы емдеу шараларын қабылдау үшін бактериологиялық сынамаларды алу қажет.

Науқасты санитарлық жуып-шаюдан кейін, оны ауруына сәйкес аурухананың арнайы бөлімшесіне жібереді.

Қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері науқасты аурухананың күн режимі мен ішкі тәртібімен таныстыруға, туысқандарымен кездесетін күндері мен сағаттары туралы айтуға, сырқаттың аурухана режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны жөнінде сыпайы түрде ескертуге міндетті.

Науқастарды қабылдау және тіркеу

Егер науқастың жағдайы орташа ауырлықта болса, мейірбике дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетуге тиісті, кезекші дәрігерді жылдам шақыртып, дәрігердің тағайындауларын тез орындауы керек.

Егер науқас бірден жансақтау бөлімшесіне (қабылдау бөлімінен тыс) түссе, қажет құжаттарды бекеттегі мейірбике толтырып, соңынан қабылдау бөлімшесіне тіркейді.

Науқасты ауруханаға қабылдау

1) Ауруханаға жатуға қажетті құжаттардың түгелдігін тексеріңіз.

- түсу күні, уақыты;

- туған күні, айы, жылы;

- жолдама берген мекеменің диагнозы;

- науқасты қайда жатқызғаны;

4) Ауруханадағы науқастың медициналық картасының паспорт бөлімін толтырыңыз.

- Алынған мәліметті (дене қызуы, антропометрия өлшемдерін) ауру тарихына жазыңыз.

- Шпательмен жұтқыншақты тексеріп, науқастың түкті жерлерін қараңыз.

- Егер бит шықса, оған қарсы шаралар жүргізіңіз. Ф-058 хабарлама қағазын толтырыңыз.

5) Науқастың жағдайының ауыр-жеңілдігіне байланысты санитарлық тазалауды (дәрігердің тағайындауымен) жүргізіңіз.

6) Науқасқа аурухананың киімдерін кигізіп, жатқызылған бөлімшедегі палатаға алып барыңыз.

Антропометрия - науқас денесі мен жеке мүшелерін өлшеу арқылы адамның жетілуін анықтау. Аурухана бөлімшелеріндегі, емханалардағы, шипажайлардағы, демалыс үйлеріндегі мейірбикелер де қарапайым антропометриялық зерттеулер жүргізеді. Мейірбике сырқаттың бойын және көкірек шеңберін өлшейді.

Арнайы аспаппен сырқаттың бойын өлшеу. Аспаптың тік тіреуі сантиметрлік бөліктері бар алаңшаға бекітілген. Тіркеудің бойымен көлденең орналасқан тақтайша қозғалады. Бойын өлшегенде сырқат тіркеуішке өкшесін, бөксесін, жауырынын, желкесін тигізіп арқа жағымен тұрады. Құлақ қалқанының жоғарғы ұшы мен көз сызығының ұшы бір горизонтал сызықтың бойында болатындай етіп басын ұстау қажет: тақтайшаны басына түсіріп, оның төменгі бөлуінің көрсеткішін санайды. Кейбір жағдайда сырқат бойын отырғызып қойып өлшейді, мұнда алынған санға отырғыштан еденге дейінгі қашықтықты қосады.

Салмағын өлшеу дұрыс орнатылған, жақсы реттелген медициналық таразыда өлшейді. Аш қарынға іш киіммен, дәрет сындырғаннан кейін өлшену ұсынылады. Ауыр науқастарды алдын ала орындық салмағын анықтаған соң, отырғызып өлшейді. Таразыға аурудың асықпай көтерілгені абзал.

Көкірек қуысының шеңберін сантиметрлік лентаны алдынан ІV қабырғаның бойымен, ал сырт жағынан жауырынның ұшына сала отырып өлшейді. Сырқат қолдарын түсіріп, бір қалыпты дем шығарып тұруы тиіс. Өлшеу дем шығару және өте терең дем алу кезінде жүргізіледі.

Динамометрия. Динамометрия деп бұлшық ет күшін өлшеу әдісін айтады. Оны арнайы динамометр деп аталатын аспаптың көмегімен жүргізеді. Динамометрді қолмен қысқанда аспап ішіндегі тіл шкала бойынша жылжып, қысуға қатысатын бұлшық еттің күшін көрсетеді. Динамометрияның көмегімен дененің түрлі бұлшық еттерінің күшін өлшеуге мүмкіндік болады.

Термометрия. Әрбір науқасқа дене температурасын өлшеуді жүргізу қажет. Бұл науқаста қызбаның бар – жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Дене температурасының пайда болуы ағзаның инфекцияға жауап реакциясы ретінде қаралады.

Спирометрия. Спирометр өкпе сыйымдылығын анықтайтын құрал. Оны қолдану үшін терең дем алып спирометрдің ұшын ерінмен жинап қысып үрлейміз. Әйел адамдар мен ерлердің және спортшылардың өз ерекшеліктері болады.

Мейірбике антропометриялық өлшеуден соң сырқатты дәрігердің тексеруі кезінде де қатысады, консультант шақырады, ЭКГ мен басқа да диагноз қоюға арналған жедел зерттеулерге көмектеседі, содан кейін сырқаттарды санитарлық жуып-шаюға арналған жерге дейін апарады.

СЫРҚАТТЫ САНИТАРЛЫҚ ЖУЫП – ШАЮ

Науқастарды педикулезге қарау қажет. Бас пен киімнен шыққан биттер түрлі қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары болып есептеледі. Санитарлық жуып шаю бөлмесінде науқастың шашын тексереді. Егер бит немесе сірке табылса, ауруды шешіндірместен кушеткаға отырғызып, қолда бар ерітінділердің бірімен тазалайды, яғни дезинсекция (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайтын зиянды жәндіктерді жою) жүргізіледі.

Дата добавления: 2015-08-12 ; просмотров: 21353 . Нарушение авторских прав

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.

Copyright © Иммунитет и инфекции